Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет179/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 139 
ақ сақал, тірі жетім, биік мансап, боз бала, 
боз қырау, ақыр заман, суық сөз, жылы хабар, 
жас өспірім, ақ көңіл, самал жел, сары 
уайым, сом тұлға, терең сыр, сұм ажал, қа-
лың ой, есіл ер, ала көңіл, өлі ж‰н, көбік ауыз, 
ашық ауыз, ақ сұңқар т.б. Мысалы: Жылама, 
Мағыш, жылама, Алладан өлім тілеме, Қолдан 
ұшқан ақ сұңқар қайтіп келіп қонбайды (Абай). 
Сұм ажал қасында отырған адамдардан имен-
бей қарттың көз жұмар шағын шыдаммен к‰-
тіп отыр (М.Д‰зенов). Мұнда бір терең сыр 
жатыр (С.Тұрысов). Надан қара халық ондай 
сөздеріңе елгізетін шығар (М.Дулатов).– Жа-
ңалықтың ‰лкенін есте отыр, балам, біздің 
елге де қаладан әтред шығыпты деген ұзын 
құлақ бар (С.Елубаев). Бұралқы сөз к‰лмекке 
жақсы (мақал). Көңілдегі көрікті ой ауыздан 
шыққанда өңі қашады (Абай). Бұл д‰ниенің 
ләззаты бәрі сонда, ойсыз құлақ ала алмас 
ондай сыйды (Абай). Дуалы ауыз сөз табар, 
Құлашымды жазайын (Н.Байғанин). 
Сыңарлары зат есім мен есімшемен тір-
кесте келген тұрақты тіркесті бастауыштар: 
бой баққан, есебін тапқан, ана көрген, ата 
көрген, ала қойды бөле қырыққан, құдайға тіл 
тигізген, бақиға жеткен, бата оқыр, бет 
ашар, көңіл ашар, той бастар т.б. Мысалы: 
Есебін тапқан екі асар (мақал). Есбай, Қар-
лығаш: Басталды ойын, басталды бет ашар! 
(М.Әуезов). Құдайдың ақ ажалы қазір жетіп, 
Бата оқыр болар ма еді осы тойда (С.Торай-
ғыров).
Сыңарлары есімше мен зат есімнен болған 
атау тұлғасында бастауыш болуға бейім тұ-
рақты тіркестер: шіріген жұмыртқа, айтыс-
қан сөз, алысқан қол, қағысқан кеуде, атар 
таң, көрер к‰н, атар таң батар к‰н, қорық-
пас ж‰рек, айнымас көңіл, босамас буын т.б. 
Мысалы: Атар таң, көрер к‰н жоқ болған 
соң, не дейін (М.Әуезов). Кедейге сірә, атар 
таң, батар к‰н бар ма? (М.Дулатов). Найман-
ның ішінде шіріген жұмыртқа бар, білемін 
(М.Әуезов). Сыңарлары заттанған сын есім-
дерден болған тұрақты тіркесті бастауыштар: 
Қалай дегенмен де Құлагердей ерен ж‰йрік 
Ақаннан басқа бір адамда болмайды (А.Жұ-
банов). Әсіре қызыл тез оңар, бәрінен де сол-
ғын озар (мақал). Игі жақсы да әр т‰рлі 
(М.Мағауин). 
Барыс жалғаулы сөздің қимыл есімімен 
тіркесте келуі арқылы да тұрақты тіркестер 
атау тұлғада бастауыштық қызметте жұмса-
лады: Қарапайымдылыққа мейлінше жарлы 
екенсіз, оты жоқ кеудеге нан пісіру – жігіттің 
соры…(Е.Әкімқұлов). Сол антты енді ж‰зеге 
асыру талап етіледі (Қ.Қамбаров). Байқаңыз, 
мұндай уақытта оққа ұшу оңай (М.Жұмабаев). 
Жалпы мұндай сәт – тығырыққа тіреліп, ойға 
бату Ждақайдың өмірінде болмаушы еді 
(С.Елубаев). 
Табыс жалғаулы сөздің қимыл есімімен 
меңгеріле байланыста берілген тұрақты тір-
кесті бастауыштар. Табыс жалғауы көбінесе 
жасырын к‰йде келеді. Мысалы: Куәлар бол-
маған жағдайда ант беру талап етіледі («Жеті 
жарғы»). Енді, жұрт жаңғырту керек еді 
(М.Әуезов). Бірақ қорқақтан жөн жосық сұ-
рау ақылдылық емес (С.Бақбергенов).
Шығыс септікті сөздің қимыл есімімен тір-
кесте берілуі арқылы: Осы қатердің өтінде 
ж‰ріп, алты жолдың бірін істен шығару бар 
тындырғанымыз болды (Б.Майлин). Ерінің 
ұрлығын біле хабарламаған әйелі мен баласы 
жазаға тартылмайды, өйткені ‰лкеннің ‰стінен 
шағым айту әбестік саналады («Жеті жарғы»). 
Жоғарыдағы ойларды сұрыптай келіп, тұ-
рақты тіркестердің әдеттегі сөздердің бас-
тауыш болуы сияқты атау тұлғада (нольдік) 
тұруы тұрақты тіркестердің соңғы сыңарының 
қай сөз табынан болуының мәні зор. Тұрақты 
тіркестер қай сөз табынан құрылса да, суб-
стантивтеніп, атау тұлғада бастауыш қызме-
тінде жұмсалады, баяндауышпен предикаттық 
қатынаста қиыса байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет