Алматы №1 (135) 2012


Көптік жалғаулы тұрақты тіркесті бас-



Pdf көрінісі
бет180/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   446
Көптік жалғаулы тұрақты тіркесті бас-
тауыштар. Әдеттегі жеке сөздердің бастауыш 
болуының бір ерекшелігі – көптік жалғаулы 
сөз атау тұлғасында тұруы, тұрақты тіркестер 
де атау тұлғалы көптік жалғауында бастауыш 
қызметінде жұмсалады. Көптік жалғауы тұ-
рақты тіркестердің соңғы сыңары қай сөз 
табынан болмасын жалғана береді. 
Тұрақты тіркестердің соңғы сыңары зат 
есімнің көптік тұлғада келуі: Ашық ауыздар 
қалып та қояды (Ж.Аймауытов). Орман ішін-
дегі жалғыз аяқ жолдар да ерегіскендей бірде 
жаудың ‰лкен колонналары ағылып жатқан 
шоссеге тіреліп, енді бірде сол жаққа қисық 
тартып әлек қылады (Т.Ахтанов). Тұрақты 
тір-кестердің соңғы сыңары есімшенің көптік 
тұлғада келуі: Төрелер мен молдаларға қол 
көтергендер 27 қой, оларды ренжіткендер 9 
қой айып төлеуге тиіс («Жеті жарғы»). Өзіне-
өзі қол салғандар бөлек жерленеді («Жеті жар-
ғы»). Кейде жалғыз-жарым ауа жайылатын-
дар болады (Ж.Айм.). Соңғы сыңары т‰бір 
тұлғалы етістікке көптік жалғауы жалғанып


140 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
тұрақты тіркестер бастауыш қызметінде жұм-
салады. Мысалы: Жау ж‰ректер, ұр да жық-
тар, ұрылар соғысамыз деді (Ж.Аймауытов). 
Соңғы сыңары –ғыр, -гір, -қыр, -кір жұр-
нақты алғыс-қарғыс мәнді тұрақты тіркес-
терге көптік жалғауы жалғанып, атау септі-
гінде бастауыш қызметінде жұмсалады: Көзің-
нен таса болса, әлгі тұқымың өскірлер өрік 
пен алманы қоймайды (С.Сарғасқаев). Сада-
ғаң кеткірлер әулие екен (М.Дулатов). 
Тәуелдік жалғаулы тұрақты тіркесті бас-
тауыштар. Тұрақты тіркес тәуелденіп жұм-
салған кезде оңаша, ортақ тұлғаларында, ‰ш 
жақта жұмсала береді. Тілімізде тұрақты 
тіркестердің табиғи т‰рде тәуелденіп келуі де, 
есім тұрақты тіркестердің де тәуелденіп бас-
тауыш болуы да кездеседі. Тұрақты тіркес-
тердің ‰ш жақта тәуелденіп бастауыш болу 
жағдайларына тоқталайық. 
Тәуелдік жалғаулы І жақты тұрақты тір-
кесті бастауыштар. Кейбір тұрақты тіркес-
тер құрамында тәуелдік жалғауының бірінші 
жақтық көрсеткіші табиғи бастапқы көрсет-
кішіне айналады. Мысалы: Ұрлық т‰бі – қор-
лық дегенімен, өз басым қорлық көрген жерім 
жоқ (Қазақ ертегілері). Қайран ғана, қор бол-
ған есіл басым-ай (Ауыз-екі тілде).
Тұрақты тіркестер қай сөз табынан болма-
сын тәуелдік жалғауының бірінші жағында
жекеше, көпше т‰рінде қолданыла береді. 
Мысалы: Жақсылыққа – жақсылық, кеудемде 
шыбын жаным тұрса, қарымтасыз қалмаспын 
(Е.Әкімқұлов). Азан шақырып, қазанның құла-
ғын қағып қойған атым аталмай, қара бала 
атанған едім (Қ.Жармағанбетов). Бәйге атын-
дай аңқылдар Тұла бойым шіміренді (Абай). 
Маманның матап алдым қызын өзін, Саған 
жоқ алты аласым, бес бересім (М.Әуезов). 
К‰ш көлікті былай қойғанда, он екіде бір сай-
манымыз жоқ (Т.Дәуренбеков). «Байтал т‰гіл 
бас қайғы» дегендей, төрт жылда төрт қара 
таппай, табан ақы, маңдай теріміз тамағы-
мыз бен киімімізден артылмайды (Ж.Жұма-
қанов). 
ІІ жақты тәуелдік жалғаулы тұрақты тір-
кесті бастауыштар: Барыңнан жоғың, ашың-
нан тоғың жақсы (мақал). Бес к‰ндік өмірің 
бар ма, жоқ па? (Абай). Ат нөпір шимай жа-
сағаның кімге дәрі (Е.Әкімқұлов). Сағила екеуің 
қосылып, жер-көкті бастарыңа көтеретін-
дерің қайда? (М.Дулатов
). 
Тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы тұ-
рақты тіркесті бастауыштар. Сыңарлары зат 
есімдерден болып, тәуелдік жалғауының ІІІ 
жағындағы бастауыштар: Қашанда қазақ ара-
сында жер дауы, жесір дауы біткен бе? 
(Е.Тұрысов). Ауылдың алты ауызы болсын,- 
деп емеурін жасады (М.Әуезов).
Тұрақты тіркестер сыңарлары есімше + зат 
есімі тәуелдік жалғауының ІІІ жағында келіп 
тіркес құрауы арқылы да бастауыш жасалы-
нады: Өсер елдің баласы, алдымен, өріс ізде-
мейді, дос-жаран іздейді (С.Бақбергенов). Бас-
қа барар жері, басар тауы болмаған соң
ауылға беттеді (Т.Дәуренбеков). Жақсылық-
тың да, жамандықтың да қыл мойынға тақал-
ған шағы ауыр тиеді адамға (Қ.Жұмаділов).
Тұрақты тіркестің соңғы сыңары қимыл 
есімінің тәуелдік жалғауының ІІІ жағында 
тұрып, бастауыш болуы: Жоқ, тартып алуға 
болмайды, қалалы жерде ондай жұмыстың 
т‰бі насырға шауып кетуі м‰мкін (М.Ду-
латов). Тілегі болмай, әйелі қыз туып, көмек 
т‰гіл енді бой жетіп қалған қызының жасауы 
к‰ннен к‰нге сары уайым болып келе жатыр 
(М.Д‰зенов). Әсіресе шешесі қайтыс бол-
ғанда, естісе де дым сызбай жатып алуы бұ-
рынғыдан бері бұғып ж‰рген кек отына май 
болып құйылды (О.Бөкеев). 
Сондай-ақ, тұрақты тіркеске көмекші де 
етістігі есімше тұлғасында тәуелдік жалғауы-
ның ‰шінші жағын жалғап тіркесуі арқылы да 
бастауыш болады. Мысалы: Ел іші – алтын 
бесік дейтіні қайда, әлде басыңа іс т‰сіп, қы-
сылған шағыңда немесе өзге жұрттың бо-
дауында ж‰рсең – қадыры білінер ме?! (О.Бө-
кеев). Қазақтың «мұндай тірлікті итке бер-
месін» дегені менің басымда емес пе? (О.Бө-
кеев). 
Тұрақты тіркестегі тәуелдік жалғаулы сөз-
дің ілік септікті сөзбен тіркесте келуі де м‰м-
кін, не болмаса ілік жалғаулы сөз тіпті тұрақ-
ты тіркес құрамына енбеуі де м‰мкін. Тұрақ-
ты тіркес құрамындағы ілік септіктің ашық не 
жасырын т‰рі тәуелдік жалғаулы сөзбен бас-
тауыш болса, ал тұрақты тіркестің құрамынан 
тыс тұрған ілік жалғаулы сөз тұрақты тір-
кестің анықтауышы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет