Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет199/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   446
158 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
деген анықтама берілген. Синкретизм құбы-
лысы тілдің барлық қабаттарында кездеседі: 
лексикология, морфология т.б. Қазақ тіл білі-
мінде синкретизм құбылысы тарихи лексико-
логия (Ә.Т.Қайдаров, Е.З.Қажыбеков), тарихи 
морфология (М.Томанов) тұрғысынан зерт-
телді. Ә.Қайдаров әрі есімнің, әрі етістіктің 
қызметін атқарған синкретті т‰бірлер туралы: 
«Если учест, что тюркский корень по своей 
природе представляет собой вариабельную 
величину, то в отношении межтюркских гомо-
генных глагольно-именных пар, функциони-
рующих в разных языках зачастую в самых 
различных формах, целесообразнее употреб-
лять термин синкретизм или синкретические 
пар» [61;59], - дейді.
Ғ.Қалиев: «Синкретизм (грек. қосылу) 
қызметі әрт‰рлі сөздер мен грамматикалық 
формалардың тілдің даму барысында тұлғалас 
келуі. Кейбір ғалымдар бұған грамматикалық 
омонимдерді (омоформаларды), енді біреулері 
көп мағыналы сөздерді жатқызады. Мыс., тоң 
сөзі әрі зат есім, әрі етістік (бұйрық райдың 
жағында), көш әрі зат есім, әрі етістік (бұйрық 
рай жақ), кір әрі зат есім, әрі сын есім, тамақ 
сөзінің екі мағынасы да зат есім мағынасында 
қолданылады. С. қосымшаларда кездеседі. Мыс. 
ша/ше қосымшасы бірде кішірейту мағына-
сындағы зат есім тудырады: к‰реңше, қалақ-
ша, бірде ‰стеу мағыналы сөздер тудырады: 
біздіңше, ескіше, жаңаша; дай/дей бірде сын 
есім (‰йдей, таудай), бірде ‰стеу (жаздай, 
қыстай) тудырады. Тіл ж‰йесіндегі ауыспалы 
(өтпелі) құбылыстармен байланысты туған тіл 
бірліктерінің бір-біріне қарама-қарсы диффе-
ренциалды құрылымы мен семантикалық бел-
гілері қосарланып қатар қолданылады. Бұған 
әрт‰рлі будандық (диффуздық, аралық) құры-
лымдар жатады...» [7;286], - деп, атап көр-
сетеді. Ғалымның пікірінен тілдегі белгілі бір 
тілдік тұлғалардың бір-біріне ауысу ‰дерісін-
де синкретизм құбылысының пайда болатын-
дығын аңғаруға болады. Синкретизм деп бір 
тілдік тұлғаның бойында екі немесе одан да 
көп грамматикалық мағыналар мен функция-
лардың қабат келуін айтамыз. Мәселен, мор-
фологиялық деңгейдегі синкретизм құбылысы 
сөз таптарының өзара ауысулары барысында 
байқалады. Мысалы: 
Осыдан бір жеті бұрын қайын атасы: «ба-
лықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - 
деп, қатынаған біреуден айтып жіберген екен 
[8;9]. 
Кенет, ол ‰йінің алдына тоқтаған салт атты 
біреуді көрді. «Бұл кім болды екен», - деп ой-
лап, аттылы кісіден көзін айырмай келе жатыр 
[8;13].
Осы сөйлемдегі ерекшеленген біреуден 
сөзі нешеден? деген сұраққа емес, кімнен? 
деген сұраққа, біреуді сөзі кімді?, деген сұ-
раққа жауап беріп, сан есімнің белгісіз есім-
дікке ауысқанын байқауға болады. Бұл сөз 
таптарының кейде сөйлемде ‰немі негізгі 
қызметінде қолданыла бермей, екінші син-
таксистік қызметте де жұмсалуын, яғни, сан 
есімдер есімдіктердің қатарына ауысуы (про-
номиналдануы) негізінде бастауыштың қыз-
метін атқаратындығын көрсетеді.
Тіліміздегі мұндай тілдік құбылыс туралы 
ғалым Т.Жукеев: «Сөз таптарының синкре-
тизмі - сөз таптарының ауысу процесінде 
болатын бір кезең. Синкретизм «өту, көшу» 
процесінің нәтижесі десек, сондықтан ауысу 
процесі толық аяқталғанда, синкретизм құ-
былысы толығымен жойылмайды. Белгілі 
дәрежеде сақталады. Тілімізде жарық, тең, 
бай, жас, батыр секілді сөздердің бірде зат 
есім (Бөлмеге жарық т‰сті. Батыр бір 
оқтық, бай бір жұттық), бірде сын есім 
(жарық бөлме, жас жігіттер, бай ауылдар) 
болып жұмсалуы - категориялық мағыналары 
толық айқындалып болмаған бір сөз табынан 
екінші бір сөз табына ауысу ‰стіндегі син-
кретті сөздер екендігін білдіреді» [9;55], деп 
көрсетеді. Мысалы:
Бай, бәйбішеден басқа ... олардан басқа 
кісі көзіме т‰спеді. Бай ‰йінің бір сары тай-
лағы ... жамандатқыр, к‰нде мал қоралар кез-
де, жоқ болып шығады… [8;24].
Кешкі тымықта бай ауылдың т‰тіні шан-
шылып шығып, суыт келе жатқан жолаушыға 
«мен мұндалап» көш жерден қол бұлғап 
тұрғандай [8;31]. 
Жасқа толы көзі бұлдырап, іштей тістеніп, 
сазарып алған. Мөңке жас жігіттің ішіндегі 
зары мен мұңын ‰нсіз ұғып, көзін төмен 
салып отыр [8;178]. 
Балықшылар Кәленді танып, бастарын кө-
теріп алды. Бір жас жігіт: Ағажан отырыңыз-
шы! Жаман ‰йіміздің төбесін мойныңызбен 
іліп әкетерсіз, деп әзіл қатып еді, бірақ іштей 
арбасып қалған кісілер міз бақпады [8;37].
Ол қолына ұстай кірген бір асымдай тоң 
балықты босағаға тастай салды [8;6]. 
Берілген сөйлемдердегі ерекшеленіп бе- 
рілген сөздер (бай, жас, тоң) бірде зат есімнің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет