– сырт айналудеген
қарсы мәндегі фразеологизмдер – «жылы,
жақсы шырай білдіру – теріс қарау, жақтыр-
мау» мағыналарын білдіреді. Мұнда да
қарама-қарсылық фразеологизмдердің семан-
тикасына сай анық байқалады. Аталған жұп-
тардың мағыналары толықтай бір-біріне қа-
рама-қарсы келумен қатар, олар «адамның
жақсы – жаман қасиетін білдіру» ортақ сема-
сын игереді де, мұнда қосымша компоненттер
жоқ.
Семантикалық құрылымы ассимметриялы
болып келетін фразеологиялық жұптар анто-
нимдік қасиеттің әлсіз (төмен) деңгейін көрсе-
теді. Фразеологиялық бірліктерде антоним-
діктің әлсіз деңгейде көрінуі төмендегі шарт-
тарға сай байқалады:
1) фразеологизмдердің мағыналары толық-
тай полярлық қатысқа т‰спейді;
2) фразеологизмдердің мағыналарында дәл
келмейтін қосымша компоненттер болады.
Мысалы: сөзге қонақ бермеу – жұмған аузын ашпау фразеологиялық антонимдері
«бой бермей, ешкімге сөз бермей өзі сөйлеу» – «сөзге араласпау, ‰ндемеу» деген қарсы мағы-
наларды білдіріп тұр. Осы жұптардың се-
мантикасында бір-біріне дәл келмейтін қо-
сымша компоненттер бар. Олар: сөзге қонақ бермеу фразеологизмінде «сөйлеу процесінің болуы» және «екінші біреумен сөйлесу» болса,
жұмған аузын ашпау фразеологизмінде – «сөзге араласпау», «өзінің бар-жоқ екенін білдірмеу». Бұлар
– қарама-қарсы қоюда бір-
біріне дәл келмейтін қосымша компоненттер.
Сол себептен де, сөзге қонақ бермеу – жұмған аузын ашпау фразеологизмдерінде антонимдік
әлсіз деңгейде көрінеді. Мұндай семантика-
лық құрылымы ассиметриялы болып келетін
фразеологиялық антонимдер тілімізде аз ұшы-
расады.
Сондай-ақ фразеологиялық жұптарда ан-
тонимдік қасиет орташа деңгейде болуы м‰м-
кін. Фразеологиялық бірліктің бірі ассимме-
триялы болып келіп, төмендегі шарттардың
біреуін немесе екеуін қатар игергенде фра-
зеологизмдер орташа деңгейде антонимдік
байланыста болады. Аталған шарттар:
1) фразеологиялық бірліктердің бірі поляр-
лық қатынастың шеткі деңгейінің болуымен
ерекшеленсе, екінші жұбында бұл өзгешелік
болмайды.
2) фразеологиялық бірліктердің біреуінде
қосымша дәл келмейтін компоненттік мағына
болады.
Мысалы: 1) көз жасын көл қылу – көз жа- сын құрғату жұп фразеологизмдерінде
анто-
нимдік байланыс орташа деңгейде көрінеді.
Аталған жұптар бір процестің басталуы мен
аяқталу шегін білдірмейді. Бірінші көз жасын көл қылу фразеологизмі «ағыл-тегіл жылаудың
болып жатқанын» білдірсе, көз жасын құр- ғату фразеологизмі «жылау процесінің аяқта-
луын» білдіріп тұр. Сонда бір фразеологизм
полярлық қатыстың шеткі деңгейін білдірсе,
екіншісі процестің басталып кеткендігін көр-
сетеді.
2) ағыл-тегіл жылау – көз жасын тыю антоним фразеологизмдері жоғарыда келтір-
ген шарттарға сай антонимдік қатыста келеді.
Ағыл-тегіл жылау фразеологизмі «жылау про-
цесінің» басталған кезін емес, болып жатқан-
дығын білдіреді. Ал көз жасын тыю фра-
зеологизмі «жылау процесінің соңын», поляр-
лық қатынастың шеткі шегін көрсетіп тұр.
Фразеологиялық бірліктерде қосымша компо-
ненттер де («жұбанбай қатты жылау» немесе
«көз жасы құрғап, қалыпты к‰йге ену») бір-
біріне сай келмейді.
Сонымен, фразеологизмдердің антонимдік
қасиетін анықтауда ең алдымен олардың се-
мантикасы басшылыққа алынуы тиіс. Анто-