ақ ж‰рек – қара ж‰рек, аузы ауыр – аузы
жеңіл), бұл компоненттердің фразеологиялық
антоним жасауға негіз бола алатындығына
ешкім дау келтірмейді. Антонимдік жұп құ-
ратын екі фразеологиялық бірліктің семанти-
касында бір-біріне ортақ және қарама-қарсы
компоненттер ұшырасады. Аталған компо-
ненттер фразеологиялық антонимдерді анық-
таудың ең маңызды семантикалық критерийі
болып табылады. Бұл жөнінде зерттеуші-
ғалымдардың да пікірлері баршылық.
Осы ретте Е.Н. Миллер фразеологизм-
дердегі антонимия құбылысын анықтауға қа-
тысты мынадай пікір айтады: «основным спо-
собом установления антонимии фразеоло-
гизмов следует, по нашему мнению, считать
анализ структуры их значений: антонимия
устанавливается путем обнаружения у про-
тивопоставляемых фразеологизмов общих
(тождественных) и противоположных (контр-
арных или контрадикторных) семантических
значений» [1; 93]. Автордың тұжырымын
негізге алсақ, антонимдік фразеологизмдерді
мағыналарындағы ортақ және қарама-қарсы
белгілеріне сай анықтауға болады.
Ғалым Л.А. Новиковтың пікірінше: «Фра-
зеологиялық антонимдердің семантикалық
категориялары, дамуы лексикалық та, фразео-
логиялық та антонимдердің бірлік қарама-
қарсылығына негізделген жұп фразеологизм-
дердің семантикасында компоненттердің ор-
тақ және қарама-қарсы болып келуін шама-
лайды» [2; 27]. Біз бұл тұжырымдарды қазақ
тіліндегі фразеологиялық бірліктердің ара-
сындағы антонимдік қасиетті анықтауда бас-
шылыққа аламыз. Көптеген зерттеушілер ан-
тоним жұп фразеологизмдердің мағыналары-
ның ортақтығы, олардың бірдей категорияға
қатысы тұрғысынан көрінетіндігін тілге тиек
етеді. Фразеолог А.И. Черная мұны «антоним-
дердің бір лексика-грамматикалық топқа енуі
(қатысы)» [3; 150], Л.П. Зимина «біркелкі
категория-грамматикалық ерекшеліктер» [4;
7], Г.Ц. Пюрбеев пен Г.А. Бертагаев «біркелкі
лексика-грамматикалық ерекшеліктер», [5;
159] – деп талдайды. Тілдегі лексикалық анто-
ним жұптар бір лексика-грамматикалық кате-
горияға жатуы тиіс екені мәлім. Мысалы: ақ- қара, суық - ыстық