166 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 лардың бар екені байқалады. Меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркестерінің лексикалану құбы-
лысы туралы ең алғаш Ә. Аблақов,
С. Исаев, Е. Ағманова еңбектерінде айтылған.
Сөз тіркестерінің лексикалануы сөз жасаудың
ең бір өнімді тәсілдерінің бірі екендігін айта
келе бойжеткен, ержету, аяқбасу, Алғабас т.б.
сөздерінің даму сатысын жан-жақты талдайды
[1, 312 б.].
Ал «Қазақ грамматикасында» біріккен
сөздердің де, тіркесті к‰рделі сөздердің де т‰п
негізі сөз тіркестері деген қағида ғылымда
әбден орныққан. Толықтауыштық қатынас-
тағы сөз тіркестерінен жасалған біріккен сөз-
дер азырақ. Олар төмендегідей алжапқыш, атқамінер, орынбасар, демалыс, қаптесер т.б.
Бұл біріккен сөздердің т‰п төркіні алды-
жапқыш, атқа-мінер, орынды-басар, демді-
алыс, қапты-тесер екені талас туғызбайды.
Сондықтан бұл біріккен толықтауыштық
қарым-қатынастағы тіркестен қалыптасқан
деп санауға болады деп берілген [2, 254 б.].
Атаулық тіркестер сөз тіркесінің грамма-
тикалық байланысу ‰лгісі негізінде дамыса,
атаулық тіркестердің негізінде біріккен сөздер
пайда болады. К‰рделі сөздердің ішінде
біріккен сөздердің шығу тегі атаулық тіркес-
тердің тарихымен тығыз байланыста. Бұл
туралы ғалым Н. Уәли «Біріккен сөз – екі
таңбаның жай ғана механикалық тұрғыдағы
қосындысы емес. Екі таңба (А, В) бірігіп,
жаңа сипаттағы таңбаға (С) айналу ‰шін, бі-
рігуге тиіс екі таңба әрт‰рлі деңгейдегі азды-
көпті а) мағыналық, ә) формалық (материал-
дық) өзгеріске ұшырауы шарт. Сондықтан
біріккен сөздерді айқындау ‰шін оларды
алдымен мазмұнмеже, тұрпатмеже тұрғысы-
нан қарастыру қажет. Олай болса, бірігуге
тиіс таңбалардың семантикалық құрылымын
денотат, сигнификат теориясы тұрғысынан
қараудың мәні айрықша. Бұл ретте бірігуге
тиіс белгілі бір екі таңбаның әрқайсының се-
мантикалық құрылымындағы денотаттық, сиг-
нификаттық компоненттерді өзара салыстырып
көруге болады» деп тұжырым жасайды [3].
Мысалы «тұсаукесер, ауызашар, атаққұ- мар» сөздерін талдағанда жалқыдан біртіндеп
жалпыға қарай абстракциялануын көреміз,
біртіндеп к‰рделене т‰скен. Бұрын бұл ‰лгі
(тұсауды кесер, ауызды ашар, атаққа құмар)
құрамындағы сөздер меңгеріле байланысқан,
пысықтауыштық қатынасты білдіретін етістік
сөз тіркесі болса, қазір ол қосымша жеке ұғым
атауы ретінде де қолданылады. Соңғы қызметі
адамдар арасында болатын әрт‰рлі қатынасты
білдіре т‰судің нәтижесінде тіркестегі сөздер-
дің әрқайсысына тән мағына көмескіленіп,
екеуі қосылып бір ғана мағынада қолданыла
бастаған, осыдан жаңа сөз пайда болған.
Бұл сөздер меңгеруден қабысуға дейін
дамып, одан к‰рделі сөздерге қарай ұласқан
атаулық тіркестердің жасалуы мен даму жолы:
тұсауын кесер – тұсау кесер – тұсаукесер; атаққа құмар – атақ құмар – атаққұмар т.б.
Тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы
грамматикалық формаларға ауысып отырған.
Бір формадан екінші формаға ауысқан сайын
олардың лексикалану процесі арта т‰седі.
Сондықтан сөз бен сөзді байланыстырушы
формалар біртіндеп жойыла бастаған.
Жалпы тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі
ғылыми зерттеулерде тұрақты тіркестердің
пайда болуы мен жасалуы лексикаланудың
нәтижесі екені кең қарастырылған. В.В. Ви-
ноградов [4] зерттеу жұмысында тұрақты тір-
кестердің жасалуы мен қалыптасуының бас-
талуы олардың лексикалануымен байланысты
екенін т‰сіндірген. Автор фразеологиялық
тұтастықтың, фразеологиялық бірліктің және
фразеологиялық тіркестің мағынасын олардың
құрамындағы сөздермен байланысты қарау
керектігін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде І. Кеңесбаев, Ғ. Мұса-
баевтың “Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фоне-
тика” [5] деп аталатын еңбегінде фразеоло-
гиялық бірліктер фразалық тіркестер деп
аталатыны белгілі. Мұнда ғалымдар тұрақты
тіркестерді идиомдар мен фразалар деп бөліп
жіктейді, әрбірінің өзіндік ерекшелігін көрсе-
тіп, мысалдармен дәлелдеп береді. Авторлар
идиомдар мен фразаларды бөліп көрсетіп,
оларды сипаттап, ғылыми анықтамасын беріп,
грамматикалық, лексикалық, семантикалық
ерекшеліктерін қарастырады.
І. Кеңесбаев “Қазақ тілінің фразеология-
лық сөздігі” атты жұмысында фразеологизм-
дердің мағына тұтастығы, тіркес тиянақты-
лығы, қолдану тиянақтылығы сияқты негізгі
ерекшеліктерін атап өте отырып, былай дейді:
“Фразеологиялық единицалар өзінің сыртқы
тұрпаты жағынан еркін тіркестерге ұқсайды;
мәселен, атрибутты тіркестердегі (анықтауыш
– анықталғыш) соңғы компонент өзінің негізгі
мағынасын сақтап, тиянақты келетін болса,
анықтауыш компонент ауыспалы мағынада
жұмсалады: асқар тау, с‰мбіл шаш, қолаң