– сын есім; кіру - шығу,
апару - әкелу – етістік т.б. Фразеологиялық антонимдерге де мұндай
қасиет тән. Мәселен, аузы-аузына тимеу – жұмған аузын ашпау, ілгері басқан аяғы кейін кету – тасы өрге домалау – антоним фразео-
логизмдерінің екі жұбы да етістікті фразеоло-
гизм. Ауқатты адам – қара сирақ кедей, ж‰нін жұлған тырнадай – ‰ріп ауызға сал- ғандай – фразеологиялық антонимдердің жұп-
тары сын есімнен жасалған. Қарсы мәндегі
фразеологизмдердің ортақ семантикалық ком-
поненттерін анықтауда бұл өзгешелік те басты
рөл атқарады.
Антоним фразеологизмдердің мағынала-
рында болмыстағы біркелкі объектіні білді-
ретін, қарама-қарсы жақтары антонимдерден
көрінетін біркелкі семантикалық компонент-
тер ұшырасады. Фразеологиялық антоним-
дердің мағыналарындағы бұндай компонент-
терді «ортақ» деп қарастыруға болады. Мы-
салы: құлақ салу – құлақ аспау (көңіл қойып
тыңдау – м‰лдем тыңдамау, естімеу мағы-
наларында) антоним фразеологизмдерінде ор-
тақ семантикалық компонент – «ұдайы, ‰немі
болып тұратын әрекет» пен «құлақпен тың-
дау, қабылдау». Мысалдан байқағанымыздай,
фразеологиялық антонимдердегі ортақ ком-
поненттік мағына оларды біртұтас негізде
салыстырудың тілдік көрсеткіші болып табы-
лады. Мысалы, жоғарыда келтірген құлақ салу - құлақ аспау қарсы мәндегі фразеологизм-
дерін біртұтас негізде салыстыру ауқымында
қарама-қарсы қою, берілген процестің (құ-
лақпен тыңдау процесі) қарқындылығының
шеткі шегінің көрінуін анықтайды. Бірақ бұл
шектер норма-процесс ретінде қабылданатын
және қандай да бір қарқындылық ерекшелік-
терін игермейтін, «нөлдік» деңгейде құлақпен қабылдау процесімен салыстыру негізінде
ғана іске асады. Сол себептен де, мұндай жағ-
дайда фразеологиялық бірліктерді салыстыру-
дың біртұтас негізі б‰кіл «тыңдау» процесін