Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет214/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   446
168 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
сөздер: қашықтан басқару, өздігінен жану, 
істен шығу, қолдан сұрыптау, өздігінен
тозаңдану, қолдан тоқылған, шектен шығу
бас бостандығынан айыру, көргенінен жаз-
бау, ойдан шығарылған, орнынан т‰су, естен 
тану; 
көмектес септік + етістік тіркесті туынды 
сөздер: ауамен салқындату, газбен жабдық-
тау, жұмыспен қамту; 
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркес-
терінен пайда болған атаулар: 
табыс септік + есім сөз тіркесті туынды 
сөздер: зейнетақыны жинақтау қоры; теріс-
теуді терістеу заңы, 
барыс септік + есім сөз тіркесті туынды 
сөздер: еңбекке жарамдылық, жалға беруші,
аязға төзімділік, тозуға төзімділік, жалпыға 
ортақ, пұтқа табынушы, әскерге шақы-
рылушы, бәсекеге қабілетті, ведомствоға 
қарасты, құзға өрлеуші; 
жатыс септік + есім сөз тіркесті туынды 
сөздер: артта қалушылар; 
шығыс септік + есім сөз туынды сөздер: 
өздігінен таралушылар, қалыптан тыс; 
көмектес септік + есім сөз тіркесті туынды 
сөздер: бумен жібіткіш, бауырымен жорға-
лаушылар, бетімен кетушілік, тозаңмен қо-
ректендіргіш;
Сонымен, меңгеріле байланыса келіп лек-
сикалану негізінде жаңадан жасалған атаулар 
қазақ тіл білімінде көптеп саналады. Бұндай 
тәсіл арқылы жаңа мағыналы туынды сөз 
жасау, әсіресе термин жасауға байланысты, 
фразалық тіркестерде белсенді қолданылады. 
Меңгеріле байланыста тұрған сөз тіркестері-
нің атаулық сипатқа ие болып, жаңа мағынада 
жеке туынды сөз ретінде жұмсалуы сөздік құ-
рамды дамытатыны даусыз. Өйткені бұл сөз-
дердің барлығы да сөздіктерге реестр ретінде 
енген атаулар. Біз осы атауларды мағыналық 
топтарға бөліп, жасалу жолдарына қарай топ-
тастыруға тырыстық. Меңгеріле байланысқан 
сөз тіркестерінен жасалған атаулар сөзжасам-
дық тұрғыдан арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Тіркестердің лексикалануы белгілі уақыт 
пен кеңістікке, ондағы әр алуан қызмет пен іс-
әрекетке байланысты орындалады. Әрбір тір-
кестің өзіндік мағыналық жағынан лексика-
лану ж‰йесі бар екенін аңғарамыз. 
_____________ 
1. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз 
тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. – Алматы: 
Санат, 1997. – 320 б. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 782 б.
3. Уәлиев Н. Қазақ сөз мәдениетінің негіздері: филол. 
ғыл. док. дисс. – Алматы, 2007. – 329 б. 
4. Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі к‰рделі сөздер мен к‰р-
делі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 120 б. 
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. 
Фонетика. – Алматы, 1962. – 314 б. 
6. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет