Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет222/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   446
174 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Ғ. Б. Шойбекова, 
ҚазМемҚызПУ доценті, ф.ғ.к., shoibekova_gaziza@mail.ru
 
 
СӨЗЖАСАМНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІ 
 
Сөзжасамның семантикалық (конверсия-
лық) тәсілі – ең көне тәсіл. Себебі конвер-
сияның негізінде, өзегінде мағына жатады. 
Қазақ тілі – мағыналық құрылымға с‰йенген 
тіл. Сондықтан тілімізде мағыналық жақтан 
дамыған сөздер көптеп саналады. Транспози-
цияланған сөздерді семантикалық аспектіден 
қарастырған дұрыс. Бұл ‰шін сөз таптарын
оның құрамындағы сөз мағыналарының сәй-
кестігін салыстырмалы т‰рде зерттеу қажет.
Сөздердің заттық, сындық, сапалық, сан-
дық, қимыл мағыналарына ауысуы уәжделу 
негізінде іске асады. Тілдегі сөздердің заттық 
мағынаға көшуі жайлы т‰ркологтар Н.А.Бас-
каков, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, Э.В.Се-
вортян, Б.М.Юнусалиев, Б.А.Орузбаева айтып 
өткен болатын. Ескерткіштерді зерттеу бары-
сында ғалымдар есімдер мен етістіктердің 
тұлғалық жағынан бөлінбегенін байқаған. Сол 
процесс осы к‰нге дейін жалғасып келеді. 
Кейінгі зерттеулер бұл құбылыстың көне ес- 
керткіштер құрамында ғана емес, қазіргі т‰ркі 
тілдерінің барлығында дерлік кездесетіндігін 
айтып ж‰р.
Алғашқы кезде адамзаттың тілді қолда-
нуында сөздер ешқандай категорияға тәуел-
денбеген. Қазақ тілінде мағыналары дамуы 
нәтижесінде сөздер транспозицияланып, зат-
тану, сын-сапалану, сандану, шылаулану, ‰с- 
теулену, етістіктену, есімдену процестерін бас-
тан кешіреді. Сөйтіп қазіргі тіл тұрғысынан 
бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады.
Қазақ тіліндегі сөздерді сөз таптарына бөлу-
дің алғашқы соқпақтарын салған Н.И. Иль-
минский, П.М. Мелиоранский екендігін лин-
гвист ғалым Т.Қордабаев өз мақаласында жа-
зады. Ал қазақтың төл ғалымдарының іші- 
нен морфологиялық құрылым жайлы жазыл-
ған еңбектің бастауы – А.Байтұрсыновтың 
1920 жылы жазылған “Тіл – құрал” атты 
оқулығы. Ол сөздерді атауыш сөздер мен шы-
лау сөздер және одағай сөздер деп ‰ш топқа 
бөледі: 
Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан 
есім, есімдік, етістік жатса; 
Шылау сөздерге: ‰стеу, демеу, жалғаулық; 
Одағайға: еліктеуіш, лептеуіш сөздерді 
жатқызған [1]. 
Бұл к‰нде тіл біліміндегі сөз таптары кате-
гориясы біршама зерттеліп, толық граммати-
калық категория екені айқын болып отыр. Сөз-
дердің бір категориядан екінші категорияға 
өтуін зерттеудегі аса тиімді жол – семан-
тикалық сөзжасам. Осы категориялардың се-
мантикасы мен қызметі бір арнаға тоғысуы 
керек. Егер де сөздердің мағынасы заттың, са-
паның, қимылдың жеке лексика-граммати-
калық категориялардың абстракциялануы, 
уәжделуі арқылы пайда болса, ол тілдің дамы-
ғандығын көрсетеді.
Қазақ тілінде төс (адамның м‰шесі), төс 
(құрал), төс+е (қимыл атауы), без (адам дене-
сіндегі зат), без (шошыну), без (қашу, зыту), 
жел (табиғи құбылыс), жел (ж‰гіру, желу), 
жел (суықтан болатын ауру) сөздерінің т‰бір 
к‰йінде, омонимдік қатар құрып бір т‰бір сөз-
дің қимылдық мағынада да, атаулық мағынада 
да келіп ұғынылатындығын сөзжасам саласын 
зерттеп ж‰рген ғалымдар жазып ж‰р. Көне 
тілімізде етістік – есім корреляттары молынан 
кездеседі. Қазіргі біздің тілімізде қолданып 
ж‰рген семантикалық тәсілмен дамыған сөз-
дер – сол байырғы, көне ғасырлар жемісі. Б‰-
гінгі тіліміздің жай-к‰йінде мұндай процесс 
өте аз ж‰реді, себебі біздің б‰гінгі тіліміз 
жалғамалылық дәуірінде өмір с‰ріп жатыр.
Қазіргі қазақ тілінде сындық мағынада 
қолданылып ж‰рген жөн сөзінің транспози-
цияланып, семантикалық тәсіл арқылы дамуы. 
Жөн І. 1. Жай, әншейін. Жөн жерге қыз 
бермейді Балта бабаң, Грубиян әлің ‰шін бір 
тамам. Шаңменен, Сәметпенен құда болған
Япыр-ау, Құлжекеңмен біз-ақ жаман (Айтыс). 
2. Мән-мәніс, сыр, жағдай. Есітсем ‰нін, Біл-
сем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (Абай). 
3. Ыңғай, рет, орын. Е, алса несі бар? Бәйгіні 
Ысқақ емес, мен алатын жөнім емес пе?-деді 
Ыдырыс жалтаңдап (С. Сейфуллин, Шығ.).
4. Дұрыс, ақиқат, әділ, шын, рас. Бөжей өз 
ішінен: “Шариғат та жөнге, шынға қарайтын 
шығар, ақай жоқ, ноқай жоқ, көрінгенге бұйда 
бере бермес” (М. Әуезов, Таңд. шығ.). 5. Кім 
екендігі, шыққан тегі, аты-жөні, жай-жапсары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет