Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 199
(1860-1930) Ф.В. Мюллердің (1863-1930) бір-
қатар зерттеу жұмыстарын ж‰ргізді. Карл Фой
(1856-1907) болса Ескі т‰ркі мәтіндерінің
транскрипциясын берді. Сонымен қатар т‰ркі
тілдерінің дауысты дыбыстырын да зерттеген
ғалым. Фредрик Гисе (1870-1944) - т‰рік тілін
зерттеген неміс т‰ркітанушысы. Ол
өзінің
Materialen zur Kenntnis des anatolischen Turkisch
атты еңбегінің І бөлімінде Кония диалектіне
тоқталған. Г. Джэйкоб, К.Менгес, Г. Вейл,
В. Хессенинг, Дж. Бензинг, Г.Доэрфер секілді
ғалымдар т‰ркітанудың әр т‰рлі тақырып-
тарында зерттеулер ж‰ргізген. Отто Спайс
болса, т‰ркі ауыз әдебиетін зерттеумен ай-
налысқан. Г.Бергстрэйзердің
Zur Phonetik des
Turkischenатты еңбегі Стамбұл т‰рікшесінің
фонетикасына тоқталған. Г.Вейлдің
Gramma-
tik der osmanische-turkischen Spracheатты ең-
бегі т‰рік тілінің
грамматикасына арналған
маңызды еңбек. Вейл І д‰ниеж‰зілік соғысы
кезінде татар тұтқындарынан естіген татар
тілінің мысалдарын да жариялаған. Дж. Бен-
зинг тұңғыш т‰рікмен тіліне байланысты ең-
бектер жазған, дегенмен кейін чуваш тілін де
зерттеген. Сонымен қатар ол 1953 жылы «Т‰р-
кітануға кіріспе» атты еңбек те жариялады.
Г.Доерфер болса т‰ркітанудың әр т‰рлі алаң-
дарын соның ішінде көне және жаңа т‰рік
тілін зерттеген. Ол Ирандағы Халачтарға бай-
ланысты еңбектер де жариялады [2; 53-57].
Германиядағы Ғылым Академиясындағы
Ерте ғасыр тарихы және Археология Инсти-
тутында т‰ркітанудың әр т‰рлі
мәселелеріне
зерттеу жұмыстары ж‰ргізілді. Бұл институтта
Питер Зиме ұйғыр жазба ескерткіштерін тілін
де зерттеді. Карл Стеюруолд болса, қазіргі
т‰рі к тіліне байланысты еңбегін жазған соң
«Т‰ркше-Немісше», «Немісше-Т‰ркше» сөз-
діктер де жариялады [6; 33-34].
ХХ ғасырдың аяғында КСРО-ның ыды-
рауымен саяси сахнаға жаңа Т‰ркі мемлекет-
терінің шығуы, әрине, Германиядағы т‰ркі-
тану зерттеулеріне де әсер етті. Германия бұл
уақытқа дейін саяси байланыстардың әсерінен
көбінесе Осман тарихы мен Т‰ркия Респуб-
ликасына байланысты зерттеулер ж‰ргізген
болса, жоғарыда
аталған өзгерістерден соң
Герман т‰ркітанушылары зерттеу алаңдарын
кеңейте бастады. Бұл кезеңнен бастап Қырым,
Балқан т‰бегі, Кавказ және Орта Азия Герма-
ния т‰ркітану зерттеулерінің жаңа орталық-
тарына айналды. Бұл өзгерістер Еуропада,
әсіресе Германияда т‰ркітанудың жеке ғылым
саласы болып бөлінуіне әсер етті. Осы к‰нге
дейін Шығыстану немесе Ислам зерттеуле-
рінің ішінде ж‰ргізілген т‰ркітану зерттеулері
енді жеке ғылым саласына айнала бастады,
өзі бір тәуелсіз Институтқа айналды. Бұл же-
тістіктерге қол жеткізуде Т‰ркітану институ-
тын басқарып отырған проф. Барбара Келнер-
Хейнкел мен Dr. Марен Становский, Dr. Мар-
гарет Эрсеннің ‰лестері зор. ‡лкен тарихы бар
Т‰ркітану Институтында т‰ркітанудың көпте-
ген мәселелері зерттелген. Проф. Келнер-
Хэйнкелдің Германиядағы Т‰ркітанудың ғы-
лымын кеңейтуде ‰лесі зор[7; 39-40].
Германиядағы т‰ркітану
зерттеулерінің
негізгі бағыттары:
1.
Тіл зерттеулері. Көне т‰ркі тілі мен ұй-
ғыр жазба ескерткіштеріне көбірек назар ау-
дарылған. Сонымен қатар т‰рік тілінің грам-
матикасы мен фонетикасына арналған еңбек-
тер жарық көрді. Тіл зерттеулеріндегі маңыз-
ды орыны - екі тілді сөздіктер құрастыруы.
Б‰гінгі таңда аудармашылық мақсатта т‰рік
тілін оқытумен қатар қыпшақ тобындағы
тілдерге де қызығушылық танытылуда.
2.
Тарих зерттеулері. Осман тарихы мен
Т‰ркия Республикасы
тарихын зерттеуге көп
көңіл бөлінген, бұл, әрине, саяси себептермен
т‰сіндіріледі. Сонымен қатар ерте заман та-
рихы мен археологияға байланысты еңбектер
де жарық көрді. Бұл еңбектердің 1915 жылы
Шығыс Т‰ркістанға ұйымдастырылған экспе-
дицияның жемісі деп бағалауға болады.
3.
Әдебиет. «Fundamenta Turcicae» еңбегі-
нің екінші бөлімінің т‰ркі әдебиетіне ар-
налуы, ал бұл еңбектің Германиялық т‰ркіта-
нушылардың жазып шығуы, бұл жердегі әде-
биет зерттеулерінің қаншалықты терең ж‰р-
гізілгенін дәлелдейді.
Б‰гінгі таңда осы бағыттың әрқайсысында
зерттеу жұмыстарын
жалғастырып отырған
Мюнхен, Фрейбург, Келн, Вюрзбург, Бонн,
Хамбург, Марбург, Майнс, Франкфурт На-
майне және Геттинген Университеттерінде
т‰ркі тілдері және т‰ркітану бөлімдері өз қыз-
метін атқаруда. Алғашқыда тіл зерттеулерін
ғана ж‰ргізген болса, б‰гінгі таңда т‰ркітану-
дың тарихи, мәдени алаңдары да тереңірек
зерттелуде. Сонымен қатар Германияның ғана
емес, сонымен қатар әлемдік атақты т‰ркіта-
нушыларды тәрбиелеп шыққан ‰лкен орталық
екенін де ұмытпаған жөн, себебі жалпы Еуро-
пада т‰ркітану зерттеулері бәсеңдей т‰скен