лұғат ит-т‰рік» сөздігі. Махмұд Қашқари –
оғыз тайпасынан шыққан, өз заманындағы
текті әулеттің ұрпағы. Оның әкесі Хусеин Ыс-
тықкөл жағасында болған Барсхан деп
аталатын қаланың әміршісі болған, Махмұд
кейінде Қашқар қаласына ауысып, соның тұр-
ғыны болғандықтан, ертедегі дәст‰р бойынша
өз атына қаланың атын қосарлап Махмұд
Қашқари деп атаған. Алғашқыда Қашқарда
оқып, кейінде Бағдатта білімін толықтырады.
Махмұдтың кім болғаны, ата тегі туралы
жоғарыда аталған сөздігінде өзі айтқан бірді-
екілі мәліметтен басқа ештеме жоқ.
Махмұдтың XI ғасырда жасаған сөздігі XX
ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген.
Өйткені ол баспа арқылы ешбір жерде жария-
ланбай, қолжазба т‰рінде Стамбул кітапха-
насында сақталып жатқан. Зерттеушілердің
айтуына қарағанда, қолжазба Махмұдтың өз
жазуы емес, Абу Бакир әл-Дамаски атты адам-
ның 1266 жылы жасаған көшірмесі көрінеді.
Қолжазбаны тек 1915-1917 жылдар аралығын-
да ІІІ томдық кітап болып Стамбулда ба-
сылды. Осы басылым 1939-1943 жылдары
Б. Аталай т‰рік тіліне аударып, Анкарада шы-
ғарса, 1960-1963 жылдары өзбек тіліне ауда-
рып, ‰ш томы жарияланса, кейінгі кездері
М. Қашқари лұғаты ‡рімшіде ұйғыр тілінде,
Қазақстанда қазақ тілінде жарық көрді.
Махмұд сөздігі – өз заманы ғана емес, к‰ні
б‰гінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, т‰ркі
тілдерінің тарихын зерттеуде таптырмайтын
бірден-бір тарихи материал. Мұнда бай тілдік
материалдармен қатар т‰ркі халықтарының
сол кездегі қоныс ыңғайлары мен этнография-
лық жақтарынан да құнды материалдар бар.
Сөздік алфавит тәртібімен емес, буын саны
тәсіліне қарай жасалған. Махмұд сөздігі әдет-
тегі сөздіктер сияқты тек лексикалық мате-
риалдармен ғана шектелмейді, ол – өте кең
мазмұнды зерттеу. Мұнда т‰ркі тілінің сөз
қолданысы, оның семантикалық, дыбыстық,
грамматикалық сипаттары, бір-біріне ұқсас-
тық, өзгешеліктері жан-жақты ғылыми ұстам-
ды қолдана отырып жазылған – т‰ркілердің
алғашқы энциклопедиясы. Еуропалықтардан
сөздікті алғаш зерттеген неміс ғалымы
К. Броккельман. Ол сөздіктегі т‰ркі сөздерін
1928 жылы жеке бастырып шығарған.
Т‰ркітану – т‰ркі халықтарының тарихы
мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін
кешенді ғылымдардың бірі. Т‰ркітану ғы-
лымы Евразия құрлығыңда д‰ниеге келді.
Оның өзіндік заңды себептері бар. Кешегі
Кеңестер Одағының территориясы болып