Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет267/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 213 
Кәсіби лексикалық минимум студенттер-
дің мамандығы туралы алған ақпараттыран 
жетілдіреді, сөздік қорын байытады, сауатты 
жазуға, дұрыс сөйлей білуге дағдыланды- 
рады. 
Қорыта келе, мамандыққа байланысты мә-
тіндер арқылы студенттердің келешек ма-
мандығы бойынша өте қажетті,пайдалы мағ-
лұмат берілетін болғандықтан, студенттер өз
мамандығына байланысты мәтіндерді қызыға
оқиды. Мамандыққа байланысты мәтіндер 
студент білімін толықтырып қана қоймайды, 
ғылыми тілін дамытады.
_______________ 
1. Инновационные технологии www. mgimo.ru. 
2. Қ. Қадашева. Жаңаша жаңғыртып оқытудың 
ғылыми – әдістемелік негіздері. Алматы, 2002ж. 
3. 
Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдіс-
темесі. Алматы , 2005ж.
М. Амирова 
Коммуникативное направление в изучении профессионального языка 
В данной статье рассматриваются некоторые методы обучения профессиональной речи. В ней содержатся 
методические указания по написанию и оформлению научной работы.
M. Amirova 
Communicative direction in the study of professional language 
The article is about several teaching methods of the professional language. The article contents methodologic 
guidance on writing and design of scientific work. 
 
 
 
 
Ж. Әбдіғалимова, 
ПМПИ-дің аға оқытушысы (Павлодар) 
Т‡РКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Тіл теориясы туралы зерттеулер әлемдік 
денгейде к‰рделі лингвистикалық мәселелерді 
көтеріп, заман талабына сай шешімін тауып, 
комуникативтік-прагматикалық маңызы жо-
ғары бағалануда. 
Кез-келген халық тілі – сол халықтың 
шынайы этникалық болымысының айнасы. 
Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық – 
танымдық ‰рдісте зерттеудің қажеттігі туып 
отыр. Бұл ‰рдіс тіл мен адам санасын тұ-
тастықта қарастырып тілдік білімді адам 
миының жемісі, к‰рделі ассоциативті-вер-
балды құрылым, болымысты рух пен ой 
бірлестігінде тараушы ж‰йе ретінде кешенді 
сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған
шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар 
мен олардың сапа қасиетін сезім м‰шелері 
сіңіріп, санамен т‰йсініп қана қоймайды, оған 
жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыр-
тып, жаңа сапада қайта жасауға саналы, кейде 
санасыз к‰йде талпыныс жасайды, өңдейді, 
қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжір-
биеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі
ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады 
[1,65]. 
Ұлттық таным мәселесі философиялық 
категория болғанымен, тіл мен ойлау мәселе-
сіне келгенде, лингвистикалық обьект болып 
та есептеледі. Кез-келген атау белгі бір 
ұғымды беру ‰шін қолданылады, демек оның 
арғы жағында ұлттық адами таным жатыр. 
Адам көктен т‰скен жоқ, ол да – табиғаттың 
сыйы. Сондықтан Адам, Жер, Табиғат деген-
дер – органикалық бірлектегі д‰ниелер. Ен-
деше, атау да сол табиғаттағы құбылыстарды 
тану, есту, бейнелеу барысында тілге негіз 
болған. 
Адамның д‰ние, өмір тануға ұмтылуы – 
өте ежелгі және табиғи да к‰рделі процесс. 
Біздің заманымыздан бұрынғы 6-7ғасырларда 
гректер Дельфадағы Апполлон ордасында 
«Өзіңді өзің таны» деп тасқа ойып өсиет 
қалдырған кезеңнен, адамзаттың әу бастан 
д‰ниедегі өзінің орны менен болмыс-бітімін 
анықтауға қатты мән бергені байқалады 
[2.14]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет