Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет28/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   446
20 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
жеке нысан етіп қарастырған. Осы нысанды 
әрі қарай тереңдетіп, 1981 жылы ғылыми
ізденістермен тілдік деректермен жан-жақты 
байытып, профессор Т.Сайрамбайұлы доктор-
лық диссертациясын «Қазақ тіліндегі к‰рделі 
сөз тіркестері» деген еңбекпен монография-
лық зерттеуі арқылы ғылыми көпшіліктің 
алдында сәтті қорғап шықты. Ұстаз сенімін 
ақтап, осындай нәтижемен мерейін өсірді. 
Сөйтіп, «Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің» ғы-
лыми теориялық ауқымы кеңейіп, ғалымның 
жай сөйлемге қатысты жаңа ой-пікірімен әрі 
қарай тереңдетіліп, «дербес мағынасы бар 
сөздер, яғни сөз таптары, сөз тіркесінің негізгі 
құрамды элементі деп қаралуға тиіс» деген 
нақты тұжырым ұсынылды. 
Талғат Сайрамбайұлы өзінің ұзақ ұстаз-
дық қызметінде ғылым әлемінен бір сәт алыс-
тамаған. Т‰рлі ғылыми-теориялық конферен-
цияларда жасаған баяндамалары қазақ тілі 
синтаксисінің проблемаларынан туындайтын
Тіпті студенттер дәрісханаларында сөйлем 
м‰шелерін талдатудың әдіс-тәсілдерінде тек 
профессор Т.Сайрамбаевқа ғана тән әдісте-
меде өзіндік ерекшелік бар екендігін кезінде 
тәлім алған шәкірттері айтып отырады. 
Ғылымда теория жасау ‰шін алдымен со-
ған қатысты практиканың небір қиындық- 
тарынан өту керек екендігі белгілі. Оқыту 
процесінде дәріс мазмұны екеуінің – ғылым 
мен тәжірибенің ұштасуынан – кең, әрі мағы-
налы, идеялы, деректі, сондай-ақ, болашақ- 
та жазылатын ғылыми еңбектің негізі қа- 
лануы тиіс. Т.Сайрамбайұлының зерттеуле-
рінде сөйлем м‰шелері категориясы осын- 
дай арнайы ізденістің жемісімен тереңдетілді.
Соның нәтижесінде «Сөйлемнің тұрлаулы 
м‰шелері» атты монографиясы 1991 жылы 
жарыққа шықты. Бұл еңбегінде сөйлем м‰ше-
лері болатын негізгі белгілерді нақтылап көр-
сете келе, теориялық анықтама ұсынған.
Әр жылдары ғалымның баспадан жарық 
көрген еңбектерінің өз іздеушісін табуы - оның 
уақыт өте келе ғылыми кемелдікке келгенін 
мойындататыны даусыз. Біз бұл ойымызды 
Талғат Сайрамбайұлының 2007 жылы 70 жыл-
дық мерейтойында құрастырылған биобиб-
лиографиялық көрсеткішін сараптай келе бе-
кіте т‰стік. Мұнда тек ғалымның жеке автор-
лығымен шыққан 10 оқулық пен оқу құрал-
дары, басқа да ғылыми еңбектері хроноло-
гиялық тәртіппен тізімделген. 
Тілдің жанды құбылыс екенін тек тілші ға-
лымдар ғана, «т‰степ, тани алады». Тілді тұ-
тынушылар қатынас құралы екендігін ғана 
шамалайды. Әдетте тілдік деңгейлердің ішін-
де ең өзгермелі сала - лексикология. Ал тілдік 
формулаға салынған сияқты синтаксис ерек-
шеліктерін ұзақ жылдардағы бақылау, байқау, 
фактілерді жинау, оны сараптау арқылы анық-
тауға болады. Бұл ретте Талғат Сайрамбай-
ұлының қағаздарының арасында, тіпті қалта-
сында әр жерден жазылып алынған, немесе газет 
қиындыларынан қатталған мысалдар «бұрқы-
рап» ж‰ретін. Тілде кездесетін синтаксистік 
бірегей фактілерді дәйек пен дерекке негіздеу 
‰шін жалықпай жинастырып, кейде аспирант-
тар мен ізденушілеріне ‰лестіріп отыратын.
Қазақ тілі синтаксисін функционалдық ба-
ғытта зерттеудің алғашқы ‰лгілерін ғылымға 
баулыған шәкірттерінің диссертациялық жұ-
мыстарының тақырыптарынан да көруге бо-
лады. Ал оларға берілген ғылыми бағыт-бағ-
дары өзінің 2004 жылы жарыққа шығарған 
«Тіркесімділік дистрибуциясы» және «Жақ 
категориясының функционалдық көрінісі» 
2005 жылы басылған еңбектері және басқа да 
мақалаларынан бастау алады.
Мінезге бай Тәкеңнің қашанда айналасын 
өзіне тән жайма-шуақ қалпымен ж‰рген ор-
тасын әзіл-қалжыңымен байытып, ‰лкенмен 
де кішімен де тіл табысып кететін қасиеті шы-
нында ‰лгі еді. Бастық болса да, көпшілдігі 
және ақ көңілдігімен «өзімде ғана болса екен» 
деген пиғылдан аулақ ж‰ретін. Кафедрадағы 
әріптестерінің профессоры бар, доценті бар, 
қатардағы оқытушысы бар барлық м‰шеле-
ріне ‰лестіретін көңіл сыйы мен меңгерушілік 
билігін де біркелкі, еш алаламай әркімнің 
ғылымдағы, ұжымдағы орнына қарай тең бө-
летін. Мұндай қасиет қазіргі айтып ж‰рген 
корпоративтік рухты қалыптастыратын аса 
қажет тәсілдердің бірі. 
Талғат Сайрамбайұлының өмірбаянын қа-
расаңыз негізгінен «ат ‰стінде» ж‰рген азаматты 
танисыз. Демек, адамдармен жұмыс істеудің, 
адамдармен қарым-қатынас жасаудың небір 
қилы да қиын тәсілдерін меңгерген жан. Ең 
басты қағидасы кішіпейіл мен қарапайымды-
лық арқылы ғана өзін сыйлата білген.
Адам жасы ұлғая келе, алдыңғы толқын- 
дағы әріптестерін жиі еске алады. 
Өнеге-өсиеттерін жадында жаңғыртады. 
Ағалар ж‰рген жолдармен, олар с‰рлеген соқ-
пақтармен кейінгілер де іздерін басып келе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет