Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет293/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   446
234 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
АҚШ-та тез таралған мұндай білімді бақы-
лау формасы, көп жақтаушылар мен қарсы-
ластарға ие болды. 1881 жылы Чикакодағы
инспектор жазбаша бақылауға тыйым салған 
және оқушылардың келесі сыныпқа көшуін 
жазбаша бақылау арқылы емес, тек директор 
және мұғалімдердің көзқарасына байланысты
қажеттілігі туралы мысал келтіріліп айты-
лады. Мұғалімнен басқа, ешкім оқушы білімін 
бағалай алмайды және емтихандар мен басқа 
бағалау формалары дұрыс ойдың келемежі 
болып табылады деген көзқарас қалыптасты. 
Осымен мектептегі қандай да бір бақылауға 
қарсы қоғамдақ қозғалыстар негізі салынды. 
Мұндай қозғалыстың шегі ХІХ ғасырдың 
соңында келді (1880 жылдар), оның негізінде 
білімді бақылаудың жағымды қарым-қаты-
насының қалыптасуына негіз салынды.
Білімді бақылаудың қоғамдық-мемлекеттік 
қажеттілігі АҚШ-та 1885 жылы туындады. 
Нью-Йоркте, білімді бақылаудың обьективті 
әдістерін жасақтаған кеңестердің бірі, емти-
хандық кеңес қызмет атқара бастады. Білімді 
бағалаудың жалпы мемлекеттік ж‰йесі 1900 
жылы АҚШ-та колледж т‰лектерінің білімін 
бағалау Кеңесінің пайда болуына себеп болды.
Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ға- 
сырдың басында сынақтамаларды жасақтау
және оларды қолдану жөнінде сұрақтар тал- 
қыланбады және қарастырылмады. Авторлар-
дың біреуінің жазуынша, «Білімді тексеру – 
менің тәжірибем бойынша ең пайдасыз, жа-
лықтыратын және зиянды әрекет деп қарасты-
рамын. Қажет жамандық сияқты мұғалімдер 
мен оқушыларды бағалау құралы ретінде ай 
сайынғы баға жағдайында ғана оған шыдауға 
болады». Осы кезден бастап, Ресей педагоги-
касында екі қарама-қайшы ‰рдіс қалыптасты: 
біреуі оқушылардың білімін бағалауға қарсы, 
екіншілері жақтаушылары.
Мақаламызда келтірілген қысқаша тарихи 
шолудан мынадай қорытынды шығаруы- 
мызға болады, мұнда сынақты, ежелгі өрке-
ниеттер кезеңінен б‰гінгі к‰нге дейінгі, әлем 
халықтарының көбінің өмірінің негізгі бө- 
лігі ретінде қарастыруға м‰мкіндік бар. Кел-
тірілген мәліметтер негізінде, сынақтардың 
пайда болуының ерте тарихи кезеңі туралы ой 
т‰юге болады. Қазіргі кезде кең ауқымда тара-
лып ж‰рген ағылшын тілінен аударылған 
«test» (тексеру, сынақ) деген ұғымның төркіні, 
яғни сынақ тапсырмалары 19 ғасырдың аяғы 
мен 20 ғасырдың басында пайда болды деудің 
тарихы әріректе жатқандығын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет