Алматы №1 (135) 2012


Д. М. Дюсенгазин. Теория и история составления теста



Pdf көрінісі
бет294/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   446
Д. М. Дюсенгазин. Теория и история составления теста 
В данной статье рассматривается теория и история теста. 
 
D. M. Dyusengazin. Theory and history of composing the test 
This article considers the theory and history of test. 
 
 
 
 
Ж. Ергубекова, 
Ж. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің PhD докторанты 
ЭТНОМӘДЕНИ «БАТЫР» КОНЦЕПТІСІНІҢ
ГИПЕРБОЛИКАЛЫҚ Т‡РДЕ СУРЕТТЕЛУІ 
 
Эпикалық батыр, оның тұлпар, садағы мен 
басқа қару-жарағы эпоста, шын мәнінде, алып, 
аса ‰лкен, «теңдесі жоқ» болып суреттеледі. 
Мұндай гиперболизм «поэтикалық фольклор-
лық тәсілдің» көрінісі ретінде т‰сіндірілгені-
мен, оның негізі тұңғиықта жатқан астары 
мифологиялық танымға тән ғаламның (кос-
мостың) әмбебаптық антропоморфтық кон- 
цепциясынан бастау алады деп сенімді т‰рде 
айта аламыз. 
Эпикалық этномәдени «батыр» концептісі-
нің ең төменгі (алғашқы) лингвоментальды 
қабаты – мәдени-генетикалық страты бірінші 
адам (первопредок), ру-тайпа басы, мәдени 
қаһарман (культурный герой), демиург бейне-
сіне қатысты қалыптасқан. Осы ең көне мифо- 
логиялық бейненің кейбір реликт сипаттары 
т‰ркі-монғол, соның ішінде қазақ батырлар 
жырларында эпикалық қаһарманның, оның 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 235 
қару-жарағының, тұлпарының гиперболика-
лық т‰рде суреттеуінен аңғарылады.
Эпостық қаһарманның алғашқы (бас-
тапқы) сипаттарының бірі – ол демиург, яғни 
ғаламды жасаушы (реттеуші). Эпикалық ба-
тырдың аталмыш сипаты «садақ пен жебе» 
концептісінің ежелгі мифотанымдық қабаты 
көрсетіп тұр: садақ пен жебелердің «теңдесі 
жоқ» космостық сипаты демиург бейнесін 
меңзейді, яғни сол қарудың иесі – космоста 
реттеуші (демиург), «теңдесі жоқ» садақ пен 
жебелерге ие болуы жерге (осы д‰ниеге) билік 
жасаудың белгісі т.т. Архаикалық эпостарда 
айқынырақ сезілетін осы және де басқа мифо-
танымдық т‰сініктер уақыт оза кейінгі дәуір-
лерде әлсірейді, сондықтан да садақ пен же-
беге т.б. «заттық» этномәдени концептілердің 
тілдік (мәтіндік) көріністері «гиперболиза-
ция», «поэтикалық» т.б. лингвостилистикалық 
құбылыстарға телініп ж‰р. 
В.А.Маслованың пікірінше, концептінің 
лингвоментальды мазмұнын айқындау ‰шін 
сөздің семантикасы жеткіліксіз, энциклопе-
диялық сөздіктер ұғымдардың ғана межесінен 
аспайтын ақпараттарды ұсынады, сондықтан 
да белгілі бір концептіні талдау ‰шін т‰рлі: 
поэтикалық, ғылыми, философиялық, публи- 
цистикалық т.б. контекстерді пайдалану қажет 
[1, 46 б]. 
Садақ пен жебенің эпостағы елеулі орнын 
Р.С.Липец аталмыш жарақтың көшпенді жауын-
гердің бес қаруындағы аса маңыздылығымен 
т‰сіндіреді. Қаһармандық эпоста Р.С.Липецтің 
көрсетуінше, садақ пен жебе эпостарға тән 
«гиперболизация» деп аталатын дәст‰рлі поэти-
калық тәсіл арқылы суреттеленуіне ұшыраға-
нын атап кеткен, бірақ бұл құбылыстың ар жа-
ғында жатқан себептерін т‰сіндірмейді. Қа-
һармандық эпостағы садақ (жебенің) және де 
адамның, тұлпардың т.б. бейнелердің «гипер-
болизациясы», т‰птеп келгенде, ежелгі мифо-
логиялық д‰ниетанымына тән ғылымның (кос-
мостың) антропоморфтық әмбебаптық кон-
цепциясынан туындаған. Мифтік танымда б‰-
кіл әлем (ғалам, космос) антропоморфтық бейне 
ретінде суреттеледі, яғни ғалам (космос) адам 
(алғашқы адам, демиург) сияқты тірі жан, ке-
рек десеңіз, космос адамның өзінен жаратыл-
ған. «Кейбір мифтерде алғашқы адамдар (пер-
вопредки) ғажайып алыптар т‰рінде бейнеле-
неді – олар өлгеннен кейін денелерінен аспан, 
жер, таулар мен жануарлар, өсімдіктер, адам-
дар жаралған. Олардың қатарында: индиялық 
алғашқы адам – алып Пуруша, қытайдың Пань-
Чуы, скандинавтықтардың Имиры. Пань-Чу 
өлгеннен кейін оның етінен жер (топырақ) 
пайда болған, с‰йектерінен – тастар мен ал-
тын, ж‰нінен - өсімдіктер, шашынан – жұл-
дыздар, көздерінен – к‰н мен ай, терлегендегі 
ылғалдан – жауын мен шық, көз жасынан - 
өзендер, тамырларынан – жол, лебінен – жел, 
даусынан – к‰ннің к‰ркіреуі, денесіндегі ұсақ 
жәндіктерден (биттерден) – адамдар жаратыл-
ған» [2, 17-18 бб]. 
Бірінші адам (космостық масштабындағы) 
жайындағы ең көне миф (мифтер) біртен-бірте 
кейінгі дәуірлерде ғажайып ертегілерге транс-
формизацияланған. Соның өзінде аталмыш ба-
тыр алыптар жайындағы ғажайып ертегілерін-
де көне мифтердің мифологиялық негізі сақ-
талынған; мифтік сипаты «қаһарманның бей-
несі, ол алып денелі, «суға салса -батпайтын, 
қылышпен шапса - өлмейтін» ғажайып адам, 
оның тұлпары да керемет, адамға тән дана-
лыққа ие, кез келген жәндікке, затқа, адамға 
айнала алады, батырдың жәрдемшісі, ақыл-
шысы – батырды жау қолынан құтқарады» [3, 
217 б]. 
Алып батырлар жайындағы ғажайып ерте-
гілер кейінірек қаһармандық эпосқа айналға-
нын аталмыш эпостардағы бейнелердің, сю-
жеттік оқиғалардың сипатынан аңғаруға бо-
лады. Қаһармандық эпоста да батыр керемет 
к‰штің иесі, оның «теңдесі жоқ» тұлпары, 
қару-жарағы бар, сюжет оқиғаларының кейбір 
желісі мифтік тұрғыда көрсетіледі. 
Қазақ батырлар жырларындағы «адам» 
концептісі өз кезегінде «батыр», «батырдың 
қалыңдығы», «анасы», «әкесі», «дұшпандары 
(жаулары)» т.б. концептілерге бөлінеді. «Ба-
тыр жаулары» концептісіне қатысты төменде-
гідей мәліметтер назар аудатарлық: «батыр 
жаулары көп-ақ; этикалық канондарға сәйкес 
олар орасан к‰ш иесі және оқ тисе - өлмейді, 
қылыш шапса-өтпейді», кейбіреулері гротекс 
т‰рінде суреттеледі, ол Алшағырдың жақтас-
тары, алып қызылердің ұлдары Ағынас пен 
Тоғынас. Олар Қараспан тауындай алып – 
дәулер. Қарадәудің басы қазандай. Қобылан-
ды Қазан ханмен жекпе-жекке шығар алдында 
оны «биіктегі тау асуы» деп Қазанның тек-
тілігін және алып батыр екенін өз сөзінде 
айтады. 
«Қобыланды батыр жауларының Қазан, 
Алшағыр, Көбікті ортақ сипаттамасы гипер-
бола арқылы ж‰зеге асады. Сонымен қатар әр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет