Алматы №1 (135) 2012


лаған туырлық, өрнектеп тоқылған ызба



Pdf көрінісі
бет411/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   446
лаған туырлық, өрнектеп тоқылған ызба 
баулар, керегені т‰гел орап алған, есіктен 
төрге дейін төселген т‰кті кілемдер ... Төрде 
қатарлап жиналған ж‰к... Оюлы ақ киізбен 
қапталған сандықтар. Мойны сорайған жез 
құман, жез леген... қалың көк жібек шымыл-
дық... ‰й іші жайнап тұр [2, 43 б.].
Мен қасына жеткенде к‰бі шелектің бетін 
ашып, маған тостағанға айран құя бастады
[5, 19 б.]. Мысалда келтірілген к‰бі шелек 
ыдысы қазақ халқының қолөнерін, шебер-
лігін көрсетеді. К‰бі дегеніміз еменнен жа- 
салған ауыз жағы тарлау, т‰п жағы кеңдеу қы-
мыз ыдысы; көбінесе отырықшылық жағ- 
дайға бейімделген. 60-70, кейде 100 л қымыз 
сыяды. К‰бі апта сайын жуылып, кептіріліп, 
с‰р еттің майымен, қойдың құйрығымен май-
ланып, тобылғы, ж‰зген, құлмұрын ағаштары, 
қоғажай шөбі т‰бінің т‰тінімен ысталып оты-
рады; 
Әйел затының қолөнерге деген шеберлігі 
білдіреді тұтынатын заттары мен киген киі-
мінен айқын аңғарылады: Ана байғұс қашанда 
ана ғой, қызының бір сыдырғы киімін сақ-
таған екен. Бөріктің тысы мен жалғыз жеңсіз 
қамзолдан басқа барқыты болмаса да, бәрі де


326 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
қыналап-қиыстырып әдемі тігілген. Өз қолы 
бас білетін байғұс шеше арзанды қымбаттай 
ажарлай біліпті. 
Киініп алған соң – қыздың көркі ш‰берек – 
Шынардың бойы өсіп, белі қыналып, көзі 
жарқырап кетті. Шешесі мосқал емес екен. Өз 
киімі де жұпыны болғанымен жарасымды ті-
гіліпті [2, 104 б.].
Шығармадан заттық бұйымдар, жасау-жаб-
дықтарға қатысты лингвомәдени бірліктерді 
жиі байқауға болады. Мысалы, Т‰йеге артқан 
ж‰ктің ‰стінен айқара жаба салған екі оюлы 
текемет пен шағын-шағын екі т‰кті кілемді 
жұлып тастап, әйелдер кілті аузында тұрған 
екі сандыққа жабылды. Кілем мен киіз ара-
сында көрінген бірнеше көрпе-жастыққа да 
көздерін салған жоқ. Сандықтар сыңғырлап 
ашылды екен, оны да естіген жоқ. Сандықтар-
дың ішіне ‰ңілді [2, 112 б.].
Сандық – киім-кешек, тағы басқа да зат-
тарды салуға арналған, ағаштан жасалған 
бұйым. Сандық – халықтар тұрмысында ерте 
кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі 
жиһаздың бірі. Көшпелі халықтың тұрмысын-
да қолданылатын заттардан мол мағұлмат ала 
отыра, өткен дәуірді еріксіз б‰гінгі к‰нмен са-
лыстырамыз. 
Заман өзгеріп, қоғам алға жылжыған сайын 
адамдардың бұрынғы құндылықтары да, өмір 
с‰ру салты, тұрмыс-тіршілігі өзгерді. Ата-ба-
баларымыз сан ғасырлар бойы киіз ‰йді жылы, 
көшіп-қонуға ыңғайлы деп таныса, б‰гінде 
баспаналардың неше т‰рлісі бой көтерді. Ес-
кінің сарқытындай, көненің көзіндей асыл 
бұйымдарды да, киіз ‰йді де мұражай, көрме-
лерден, ұлттық сипаттағы той, мерекелерден 
көруге болады. Он саусағынан өнер тамған 
апаларымыздың шеберлігі мен сырбаз талға-
мына сай жасалған көркем д‰ниелеріне деген 
қажеттілік те азайды. Денсаулыққа пайдалы киіз, 
текеметтер қыл-қыбыр жинайды деген сыл-
таумен қолданыстан шығып, оның орнын 
шаңды кем жинамайтын шетелдік кілемдер 
алмастырды [6, 49б.]. 
Ұлттық тағам атаулары да қаламгер шы-
ғармаларында мол ұшырасады. Қазақ халқы-
ның к‰н көрісі төрт т‰лікпен тығыз байла-
нысты болғандықтан, аналарымыз оның с‰ті-
нен неше т‰рлі дәмі аузыңнан кетпес тағамдар 
жасағанын білеміз, оны өзіміздің қазақ қана 
емес, өзге ұлт өкілдері де с‰йсіне дәмін тат-
қан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет