Сары қымыз, дәрі қымыз ішіліп болған
соң Есеней Шондығұлға келесі тапсырмасын
айтты [2, 132 б.].
Көздері соқырайған кепкен балықтар да
бар, ортасын ойып ақ ірімшік салып пісірген,
қып-қызыл тәтті нандар да бар, жұмыртқа да
бар, ‰гіршіктер де бар... [5, 28 б.].
Бауырсақ жайылды, құймақ қойылды.
Қант, өрік-мейіз қойылып жатыр. Шынардың
шешесі беті жабулы тағы бір табақ көтеріп,
ұяла, жымияп келеді. Шынар болмай пісіртті,
әйтпесе сый қонаққа берер тамақ емес. Онысы
– к‰лге көміп пісіріп, сары майға бұлғаған ыс-
тық нан еді.
Ұлпан оның не екенін сезіп, табақтың бе-
тін ашты да:
- Өзіме біріңізші, шеше ... бұл еркектер
жейтін тамақ емес! – деді.
Нанды к‰лге көміп пісіру баяғының бая-
ғысынан бері келе жатса да, көшпелі қазақтың
аузынан әлі дәмі кетпеген асы. Ұлпан табақты
бас салды. Еркекше аузын толтыра жей бас-
тады [2, 115 б.]. Шығармада нанды к‰лге кө-
міп пісірудің ‰лгісі, жасалу жолы жатық баян-
далған.
Мырза жеңгем деп мақтай кірсе Жаниша
жеңгесі баптап тұрып құймақ құйып, шай береді [2, 37 б.].
Жалт қарасам, базар шетінде айран сатып
отырған қарт әйел маған қолын бұлғап отыр
екен [5, 19 б.].
Қарамұрттың қамайтын жері өзінің са-
райы болса ол бір бала біткеннің арман ететін
сарайы, іші-тысы бірдей саланған, қапшық- қыпшық ұн дегеніңіз, қарын-қарын май дегеніңіз, с‰рленген қазы-қарта, жал-жая дегеніңіз иін тіресіп тұрады [5, 10 б.].
Қазақ халқы өнерпаз, он саусағынан өнер
тамған халық. Ұлттық зергерлік бұйымдары-
мыздың аса талғампаздықпен, шеберлікпен
жасалғандығын мұражайларда сақталған нұс-
қаларынан-ақ байқаймыз. ‡кілеген қыздары-
мыз бен аналарымызды асыл тассыз, к‰міс-
әшекейсіз елестету м‰мкін емес.. Мысалы,
Шыны шкафтың асты толған алтын ж‰зік,
алтын сырға, толып жатқан тана-моншақ,
Арыстан ‰ңіліп, сұрауға атын таба алмай,
сатушыларға жалтаңдап тұр еді [4, 297 б.]. ...
бір терезеге іліп қойған алтын сағат, алтын
сақиналарға көзі т‰сті (Сонда)
Қазақ әйелінің әшекейінің бірі – ж‰зік,