Шамшәдин Керім,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің проректоры, филология
ғылымдарының докторы.
7
Кіріспе
Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан
жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы
Жаппар Ие Аллаһ Тағалаға тән!
Адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік
бақытқа жеткізу үшін, рақым етіп жіберілген адамзаттың
ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры,
жаратылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы
пайғамбар хазіреті Мұхаммедке сәлем жолдап, мың сан
салауат айтамыз!
Аллаһ Тағаланың шарапатымен Қазақстан
тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы дініміз де
бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты рухани
көктем де қайта оралды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
қолдауымен аз уақыт ішінде халқымыздың рухани
дүниесін байыту жолында көптеген елеулі кітаптар жа-
зылып, қызметтер атқарылуда.
Исламның негізгі парыздарын қамтыған осы кітап
та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жа-
зылды. Бұл кітапта әһли сүннеттің төрт мәзһабының
бірі – Әбу Ханифа мәзһабы бағыты қамтылды. Өйткені,
Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы
Имам Ағзам қауымына жатады. Задында, «мәзһаб»
– жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді.
Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран
мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар
жиынтығы. Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып
8
Ислам ғылымхалы
табылатын Құран және хадистің әрбір сөзінің бірнеше
астарлы, терең мағыналары, түсу себептері, тіпті кейбір
себептерге байланысты хадистердің бір-біріне қарама-
қайшы келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы сияқты
көрінетін жерлері де бар. Сонымен қатар хадистердің
«сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи»,
«хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған» «мутауатир»,
«ахад», «мәшһур», «ғариб», сияқты қуаттылық жағынан
үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Бұларды
кез-келген қарапайым адам тереңінен талдап, аражігін
ажыратып, шариғи үкім шығара алмайтындықтан Әбу
Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, қисын
ілімін, фиқһ негіздерін, т.б. ислами ілімдерді жетік білген
мүштәһидтің шығарған үкімдерімен жүруге мұқтаж. Өз
бетінше әрекет етуші жолдан адасуы әбден мүмкін.
Имам Ағзам – Ислам ғылымдарын аса жетік білген
ғұлама. Оның мәзһабындағы көзқарастар жеке өзіне
ғана тән емес. Оның қырық мыңнан астам шәкірттері
болған, төрт мыңнан астамы мүштәһид (үкім шығарушы)
дәрежесіне жеткен. Әрі осы ғасырға дейін сол жолды
ұстанып келе жатқан халықтың ішінде мүштәһидтер
кездескен. Осының бәрі Имам Ағзам мәзһабының
көзқарастарына жатады.
Мәзһабтардың болуы Ислам дінінің жеңілдігін
көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмбетімнің әр түрлі
көзқараста болуы – рақымдылық», – дейді. Өз мәзһабына
қарай амал ете алмай қалған жағдайда, келесі мәзһаб
бойынша әрекет етеді. Ханафи мәзһабында, екі намазды
біріктіріп қосып оқу тек қажылық мезгілінде Арафат пен
Муздәлифәда ғана рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық
секілді себептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ
|