Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет5/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309
Ислам ғылымхалы
баласының мақсаты не болмақ? Әсіресе, оның жанын 
қатты қинайтыны өлім. Өлімді ойлай бастағанда-ақ 
жүрегінің терең түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім, 
бейне бір жанартаудай атқылап, тұла бойын өртейді. Ол 
саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен жаманды айыра 
алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, ал жаман 
дегені, жақсы болып шығуда. Жанын ең қатты қинағаны, 
ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде 
жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінде 
ғұмырдың зардабынан қашып, құдіретті бір күшті пана-
лап, бой жасырғысы келеді. Адам соларды көріп әлемнің 
жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны тани 
алмауда.
Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан, ол 
шеше алмаған жұмбақтың жауабын діннен ғана табады. 
Ол дін илаһи (құдайылық) болуы керек. Яғни, дін өзі 
мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жара-
тушыдан келуі ләзім. Өйткені, адамның бақытты өмір 
сүру жолдары Ұлы Жаратушыға ғана аян. Әркім өзінің 
жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі 
жасамағаны белгілі. Оны өзіне қызмет еткен табиғат-
әлем де жасауы мүмкін емес. Ендеше, оны жаратылы-
стан үстем біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы! Олай болса, 
адамға не керек екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын 
және бойындағы шексіз сезімдер мен қабілеттерді қалай 
пайдалану керектігін де бір Аллаһ Тағала ғана біледі. 
Өйткені, Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап 
жеті қабат сарай салып шақырған Сол. Жер-жүзін үлкен 
дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті тағамдармен 
толтырып, қонағына дәм татырған Сол. Жан-жануар 
мен құс атаулыны қызметші қылып, күнді шырақ, жерді 


13
Ислам ғылымхалы
пырақ еткен Сол. Ендеше, адамның нендей мақсатпен 
шақырылғанын, діттеген мұраты мен мәңгілік бақытын 
білетін де Сол. Сондықтан Ұлы Жаратушы өзінің қадірлі 
қонағын елемей-ескермеуі әсте мүмкін емес. Ол сол ха-
барын елшісі арқылы білдірмек. Міне, сол елшісі әкелген 
хабарды біз «дін» дейміз.
Адам баласы қашан да дінге зәру. Осы иләһи хабар-
дан қалып қойған әрбір адам жаратылысындағы осы бір 
қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтыра-
ды. Бұл күнге дейін дінсіз қоғам яки жеке тұлға кездес-
кен жоқ. Ұлы Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір 
өзге нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш, тас, ай, күн, 
тіпті өзінің нәпсісі болуы да мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ 
нәрсе. Ол – Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз 
пұттарға бас июі. Атеистік те – жалған дін. Құдайсыздар 
алдымен аталмыш идеяны жасағандарға, содан кейін 
нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға 
мойынсұнған еді. Кейіннен Хазіреті Адамға сәжде ету 
әміріне қарсы шығып, тәкаппарлыққа басып, содан бері 
өз нәпсісіне құлдық ұрумен келеді.
Адам баласы Ұлы Жаратушыға бас игенде ғана 
пұт атаулыдан ада болып азаттыққа жетеді. Иман 
еткен адамның бодандықтан құтылып, бостандыққа 
жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені, Аллаһ Тағала – 
имандының досы. Әлемнің Ұлы Иесімен дос болған жан 
кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын 
Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезімі басары 
шүбәсіз ғой.
Дінге адам әрқашан мұқтаж. Адамда жан мен тән 
бар. Тәнге не қажеттігі анық. Ал рухқа не қажет? Оның 
азығы не? Рухани байлыққа кенелмеген кісі төрт түлігі 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет