11
ДІН
Адамзат тарихына көз салсақ, ықылым заманнан
бері дінсіз өмір сүрмегенін байқаймыз. Адам жеке тұлға
ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да дінге мұқтаж. Өйткені,
дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында бар.
Туа біткен қасиет. Дін – оның мына қалтарыс-бұлтарысы
мың сан қабат ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап
аққан өмір-өзендегі қайығының
діттеген мақсатына
апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз
салайықшы! Неткен ғажап жаратылыс?!
Қандай тіл
жетпес жүйе?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жара-
тылыс өз қызметін қалтқысыз атқарып, тыныс-тіршілігін
жасауда. Алдын ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла
кірісіп, әлемнің тепе-теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған
бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне
бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып,
бұл ғұмырға неге келгенін, қайда баратынын таба алмау-
да. Мына әлемнің өзіне не үшін бағынатынын, өзінің кім
екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің дүниедегі жалғыз
ақыл-ой иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай
жүр. Құс екеш құстың ұясы қараған жанды тамсандырса,
ал адам өз баспанасын әзер салуда.
Адам – әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор
тауқыметті де сол санадан көрді. Өйткені, санасы өзін
қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере
алмайтын. Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты
бар. Бәрінің мақсаты – адамға қызмет ету. Бірақ адам