328
9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның
тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз
кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне
тартса, ораза бұзылады.
10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе
тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары
ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды.
Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян
бермейді.
12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға
кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі
де.
13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды
бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан
суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.
Достарыңызбен бөлісу: