Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет195/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   309
1. Ораза кәффараты
Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз ораза-
сын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді 
азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан 
ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс 
жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы 
348
Бақара, 2/184.
349
Бақара, 2/186.3
350
Хаж, 22/78.


330
былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар»
351

Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазан-
да оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті 
(кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс 
оразаларға тек қана қаза керек.
2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің 
кәффараты
Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» 
(құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеуі 
тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе, 
екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға 
мұсылманды өлтіру – жараспайтын іс-әрекет. Бірақ 
қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген 
адамның иесіне құнын төлеуі тиіс»
352
делінеді.
3. Зиһар кәффараты
Зиһар – Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде 
әйелдерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі 
әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның 
арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың» 
дейтін. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында да 
бір сахаба әйеліне ашумен осылай айтады. Кейіннен 
Пайғамбарымызға (с.а.у.) мән-жайды түсіндіріп, өзінің 
кәрі әрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін 
баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол кезде бұл істің 
үкімін сұрап, Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі: 
«Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып, 
сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуінің 
сөйлескендерін де естиді. Аллаһ – толық естуші және 
351
Мұхаммед, 47/33.
352
Ниса, 4/92


331
толық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жұбайларын 
зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың 
аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз, олар теріс әрі 
жалған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ – аса кешірімді 
әрі рақымды. Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан 
сөздерінен қайтса, әйелінен қосылудан бұрын бір құл азат 
етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді. Аллаһ не 
істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба алмаса, әйеліне 
қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза ұстасын. Оған да 
шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл 
Аллаһқа және Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-
ақ осы Аллаһтың шектері. Қарсы болушыларға жан 
түршігерлік азап бар»
353
. Бір мұсылман кәффарат ретінде 
бір құлды босатып, егер оған шамасы жетпесе, екі ай 
қатарынан ораза ұстайды. Бірақ бір ер кісі әйеліне «Сен 
маған анам секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның 
ниетіне байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы 
келсе, оған еш нәрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса, 
зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда 
«байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті 
жоқ болса, бұл сөз айтылмағандай болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет