Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы



Pdf көрінісі
бет194/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   309
Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы
347
...
Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия 
беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген 
жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. 
Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді 
тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір 
кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе 
347
Ескерту: Құрметті оқырман! Кемелдік қашанда Ұлы 
Жаратқанға ғана тән қасиет қой. Бұл кітаптың бірінші және 
екінші басылымында қателікпен рамазан оразасын ұстай 
алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан 
оразасын әдейі бұзған жандардың кәффарат ретінде беретін 
фидия мөлшері беріліп кеткен. Біз бұл қателігімізді осы 
басылымда ғана байқап жөндедік. Ол үшін оқырмандарымыз-
дан кешірім өтінеміз.


329
алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру 
жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы 
келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,
348
– дейді. 
Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адам-
дар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір 
қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, 
Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмай-
тын жүкті бермейді»
349
.
Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның 
уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында 
ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. 
Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық 
жасаған емес»
350
.
Кәффарат түрлері
Қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы 
жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда 
өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл 
– әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі 
кәффарат бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет