Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы  күні екен ғой?!..  * * *



Pdf көрінісі
бет192/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   309
Ораза
білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы 
күні екен ғой?!.. 
* * *
Сонымен қатар мына жағдайдағылар 
бұзылған оразасының тек қана қазасын 
өтейді
1. Дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен 
тамаққа су кету.
2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу.
3. Ауыр жұмыста жүрген кезде ауырып қалу немесе 
өзіне бір зиян тиюінен қорқып оразасын бұзуы.
4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам 
бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.
5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниет еткен адамның 
бұған көңілі толмай ішіп-жеуі.
6. «Күн батты» деп жаңылысып, аузын ашса, бірақ 
күннің одан кейін батқанын білсе, оразасын бұзғаны 
үшін, тек қана қазасын өтейді. Сәресіде тамақ ішіп 
отырған кезде таң уақыты кірсе дереу аузындағысын 
шығарса, ораза бұзылмайды.
7. Түнде оразаға ниеттеніп, бірақ таң ертең жолға 
шығып, жолда оразасын бұзатын болса.
8. Түнде ораза ұстауға ниеттенген жолаушының 
тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін жеуі.
Бір адам Рамазан айынан тыс біле тұра оразасын 
ішіп-жеу, зайыбына жақындау арқылы бұзса, Рамазан 
айында болмағаны үшін тек қана қазасын өтейді.


326
Ислам ғылымхалы
Әрі қаза, әрі кәффарат қажет еттірген 
жағдайлар
Бұлар екіге бөлінеді:
1. Ешқандай себепсіз азық немесе азықтың ерекшелігі 
бар барлық заттарды әдейі біліп жеу. Мысалы: әдейі жеу, 
ішу, темекі шегу. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен 
кезде әрі қаза, әрі кәффарат керек. Бірақ азықтар ауызда 
езіліп, жұтылмайтын болса, дәмі де тамақтан өтпесе, 
ораза бұзылмайды. Сонымен қатар біреуді ғайбаттағаны 
үшін қан алдырғаннан кейін немесе сүйіскеннен кейін 
ораза бұзылды деп ойлап, әдейі жеу де кәффаратты 
қажет қылады. Сол секілді аузындағы жаңбыр тамшы-
ларын әдейі жұту кәффаратты қажет еттіреді. Тұз жеу 
де осындай. Бұл жайлы Хазреті Әлидің риуаят еткен 
мына хадисі дәлел: «Ораза кіргеннен ғана бұзылады, 
шыққаннан емес».
2. Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы. 
Мұның дәлелі Рамазанның күндізінде әйелімен 
жақындасқан бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) 
білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат үшін бір құл 
азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей 
ораза ұстау керектігін яки оған да күші жетпесе алпыс 
жоқ-жітікті тойдыру қажеттілігін айтады
342
. Екі ай ораза 
ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру 
мүмкіндігін кәффарат жолына пайдалана алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет