Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет197/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   309
Ислам ғылымхалы
Атау (нәзір)
Атау, нәзір – Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне 
тікелей міндет жүктелмесе де мүбаһ (адал) бір істі жасауға 
шешім қабылдап, осындай бір істі өзіне уәжіп ету және 
Аллаһқа сөз беруі. Аллаһ үшін ғибадат саналған кейбір 
нәрселерді атау – сауап алуға арқау нәрсе. Мысалы, 
«Аллаһ үшін ертең ораза ұстауды атадым» немесе «Жоқ-
жітікке осынша ақша берейін» деу іспетті. Немесе «Осы 
қиыншылықтан аман-есен өтсем, Аллаһ үшін құрбан 
шаламын» дегендей.
Негізінде мұндай атау иләһи діндерде де кездескен 
ғибадат түрі. Құран Кәрімде Хазіреті Мәриям туралы 
атауды баяндаған: «Сол кезде Имранның әйелі: «Раббым, 
ішімдегіні азат етіп, Саған арнадым, менен қабыл ет!»
360

Және Мәриямға Жебірейіл (а.с.): «Рақымды Аллаһ үшін 
ораза ұстадым. Сондықтан бүгін ешкіммен сөйлеспеймін» 
деп айт»
361
, – дейді. Аллаһ мұсылмандарға «Айтқан 
нәзірлерін орындап, Қағбаны тауап етсін»
362
, – дейді. 
Әлбетте, мұндай атау тек шариғат шеңберінен шықпауы 
керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім 
Аллаһқа бойұсынуды білдіретін нәрсені атаса, орын-
дасын, егер де кімде-кім Аллаһқа қарсы келетін нәрсе 
атаса, Аллаһқа қарсы келмесін»
363
.
Атаудың шарттары
1. Аталған нәрсенің парыз немесе уәжіп түрінен 
болуы шарт. Мысалы; «Бір апта ораза ұстайын», «Жүз 
360
Әли Имран, 3/35.
361
Мәриям, 19/26.
362
Хаж, 22/29.
363
Бухари, Әймән, 28.


335
Зекет
рәкат намаз оқиын» немесе «Бір құрбан сояйын» деп 
атаса, бұларды орындау уәжіп. Себебі, мұнда парыз 
бен уәжіп ғибадат түрлері бар. Ал «Науқастың көңілін 
сұрайын», т.б. сияқты атаулар іске аспайды. Өйткені, 
мұнда парыз яки уәжіп жоқ.
2. Атаушының ақылы бүтін және балиғат жасына 
толуы керек.
3. Аталған нәрсе парыз яки уәжіп түрінен болса, 
мұндай парыз яки уәжіптер басқаға тәуелді болмай өз 
алдына жеке ғибадат болуы керек. Мысалы, «Төрт рәкат 
оқиын» деуі атауға жатса да, «Жақсылап дәрет алайын» 
немесе «Тиләуәт сәждесін жасайын» деу атауға жатпай-
ды. Өйткені дәрет пен тиләуәт сәждесі жеке өз алдына 
ғибадат емес. Керісінше, негізгі ғибадатқа арқау ғана.
4. Аталған нәрсе сол кезде немесе келешекте ата-
маса да, жасалатын парыз яки уәжіп болмауы керек. 
Мысалы, «Бүгін бесін намазын оқиын» яки Рамазан 
айында «Ертең ораза тұтайын» деуі атауға жатпайды.
5. Аталған нәрсе Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы 
келетін нәрсе болмауы керек. «Мына ісім оңға басса, 
өзімді Аллаһ жолында құрбан етейін» деген атаулар жа-
рамсыз.
6. Аталған нәрсенің іске асуы – шарасыз болмауы 
керек. «Кеше ораза ұстайын» деген сияқты оны істеу 
мүмкін емес, түсінуге де тиянақсыз болмағаны дұрыс. 
7. Аталған малы немесе мүлкі бөгденікі яки өз 
иелігіндегі мүлкінен көп болмауы керек. Себебі, адам 
жасай алатын нәрсесін атау керек.


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет