Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет202/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   309
Ислам ғылымхалы
тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерге 
дайындалыңдар»
370
– деп түсіндіреді.
8. Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, 
адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен 
жайылуына бөгет қояды. Мұқтаж адамдардың өмір 
сүрулеріне керекті материалды көмек зекет сияқты заңды 
жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш 
болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.
9. Барлық мүшесімен бірге қоғам бүтін саналады. 
Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа 
мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдалана-
ды. Байдың байлығының пайда болуында қоғамның да 
ықпалы бар екеніне кім дауласар? Қоғамнан тыс жапан 
далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы 
пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында 
кедейдің де есесі бар екенін ұмытпағанымыз жөн. 
Беретін зекетіміз – өмір сүріп жатқан қоғамымызға деген 
рақметіміз бен бізге сол байлық нығметін нәсіп еткен 
Ұлы Жаратушымызға шүкіріміздің белгісі.
10. Шайтан адамды «Зекет берсең, аш – жалаңаш, 
кедей болып қаласың» – деп, қорқытып, барынша 
азғырады. Шындығында зекет малымыздың азаюына 
емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық 
былай баяндалады: 
«Шайтан сендерді кедейлікпен 
қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал 
Аллаһ сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін 
уәде етеді…»
371
, «Аллаһ өсімнің берекетін кетіріп 
370
Кашфул-хафаа, 1/361
371
Бақара сүресі, 268-аят.


347
Зекет
жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп 
арттырады»
372
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде берілген 
садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: 
«Садақа 
малдан ештеңе азайтпайды»
373

11. Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін 
керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат құшағына 
кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние-
мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан ары-
лады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене бай-
ланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға 
психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға 
көмек көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала 
әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат 
құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан 
алу мүмкін емес.
Зекеттің мұсылмандарды жалқаулыққа, масылдыққа, 
жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайтындығын 
айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, Пайғамбарымыз:
}يَلْف ُّسلاِدَيْلا َنِم ٌرْي َخ اَيْلُعْلا ُدَيْلأ{
«Береген қол – алаған қолдан 
қайырлы»
– деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп, 
еңбек етуге шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет