Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет199/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   309
Иғтиқафтың шарттары
1. Мұсылман, ақылы түзу, таза болуы керек.
364
Бақара, 2/187.
365
Бақара, 2/125.
366
Бухари, Итиқаф, 1.


338
Ислам ғылымхалы
2. Хайыз, нифастағы әйелдің иғтиқаф жасауы 
дұрыс емес. Ғұсылы жоқ адам да сыртқа шығып тазала-
нып келуі керек.
3. Иғтиқафқа ниет ету керек.
4. Иғтиқаф мешітте немесе соған ұқсас жерде болуы 
керек. Жамағатпен намаз оқылатын мешітте болады. 
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) былай дейді «Иғтиқаф – 
жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады». 
Әйелдер болса өз үйлерінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол 
жерде жасай алады. Дегенмен, оларға мешітте жасауға 
да болады.
5. Уәжіп иғтиқафқа кірген адамның аузы берік 
болуы керек. Қателесіп аузын ашуы – иғтиқафқа кері 
әсер етпейді. Сүннет иғтиқафта ораза шарт емес. Әйел 
ерінен рұқсат алуы керек.
Иғтиқаф әдебі
1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде 
мешітте жасау.
2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек. 
Жақсы, шарапатты сөздер айтылғаны абзал.
3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша 
зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек. 
Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.
Иғтиқафты бұзатын нәрселер
1. Жыныстық қатынас. Құранда: «Мешіттерде 
иғтиқафта болған кезде әйелдеріңе жақындамаңдар»
367
– деп айтылады.
367
Бақара, 2/187.


339
Зекет
2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты 
бұзады. Түнде немесе күндіз сыртқа әдейі немесе 
қателесіп шықса, иғтиқаф бұзылады. Бұның мезгілі – Әбу 
Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, бір күннің жарты-
сынан артық уақыт. Әйел мешіт санаған өз бөлмесінен 
себепсіз шықса, иғтиқафы бұзылады. Науқастың көңілін 
сұрау, жаназа намазы, т.б. секілді жағдайлар да иғтиқафқа 
кедергі жасайды. Бірақ аталған иғтиқафта науқасқа бару, 
жаназа оқу шарты қосылса – иғтиқафты бұзбайды.
3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен ай-
рылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе, 
иғтиқафы бұзылады. Ондай жағдайда кейіннен қайта 
бастауға тура келеді. Бірақ зәру, табиғи жағдаймен 
шыға алады. Сол мешітте жұма намазы оқылмаса, басқа 
мешітке жұма үшін бара алады. Мәжбүр жағдайда басқа 
мешітке де көше алады. Иғтиқафқа кірген адам сол 
жерде ұйықтап тынығып, тамағын сол жерге алдырып 
тамақтанады.


340


341


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет