Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет200/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   309
IV БӨЛІМ
ЗЕКЕТ
«Олардың малдары көбейіп және 
өздері күнәлардан тазалануы үшін 
мұсылмандардың малдарынан садақа 
ал»
«Тәубе» сүресі
«Аллаһ өсімнің (процент) берекетін 
кетіріп жояды, ал садақасы берілген 
малды берекеттендіріп арттырады»
«Бақара» сүресі


342


343
ЗЕКЕТ
Араб тілінде «зекет» – көбею, өсу, берекеттену, 
тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің 
шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап
368
көлеміне 
жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының 
белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың 
ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға 
иелендіруі.
Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың 
көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан 
тазаруына себеп болғандығынан.
Зекеттің пайдалары мен хикметтері
1. Аллаһ Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, 
тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-
сыяпатқа кенелтіп, өзінің мейіріміне бөлейтіндігі тура-
сында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Аллаһ Тағаланың 
бұйырған әмірлерінің біреуі, сондықтан орындау-
шысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Аллаһтың 
ризашылығына шомары сөзсіз. Сонымен қоса6 зекет 
– «Тәубе» сүресінің 103-аятында білдірілгендей 
күнәлардың кешірілуіне себеп. 
«Олардың малда-
ры көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін 
мұсылмандардың малдарынан садақа ал»
.
2. Жалпы адам баласының бойында дүние-
мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық 
368
Нисап: зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.


344


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет