Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет253/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   309
Ислам ғылымхалы
Шаш алғызу яки қысқартудан кейін қандай 
өзгерістер болады?
Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрам-
нан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену, 
шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал 
болады. Бірақ әйелімен жақындасу – шашты алғызып 
немесе қысқартып, зиярат тауабын жасағаннан кейін 
ғана халал.
Қоштасу (уадағ) тауабы 
(қажылықтың бесінші уәжібі)
Қоштасу (уадағ) тауабы – қажылықтың соңғы амалы. 
Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын 
ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары – 
уәжіп.
Қоштасу тауабының уәжіптігінің шарттары
1. Қажылықтың басқа міндеттерін атқарған 
болуы
2. Қажының Әфақи (сырттан келуші) болуы. Миқат 
шекараларының ішінде Харам аумағында тұратындарға 
уәжіп емес.
3. Әйелдердің хайыз және нифас болмаулары. 
Хайыз және нифас күйінде Меккеден қайтқандар үшін 
қоштасу тауабы міндеттен түседі. Меккеден шықпас 
бұрын хайыз және нифастан тазаланса, қоштасу тауа-
бын жасау міндеттіліктен түспейді. Умра ғибадатын 
орындаушыларға қоштасу тауабын жасау уәжіп емес.


431
Қажылық
Қоштасу тауабын дұрыс орындаудың 
шарты мен уақыты
Зиярат тауабының жасалған болуы. Зиярат тауа-
бын орындамай тұрып жасалған қоштасу тауабы дұрыс 
болмайды. Бұл тауапты миқаттан шыққанға дейінгі 
кез-келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде 
қоштасу тауабын жасау – абзал. Бірақ одан да бұрын 
жасауға болады. Егер бұрын жасалып қойса, Меккеден 
шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын 
жасаған соң Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап 
жасауға болады. Бұндайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы 
– қоштасу тауабы ретінде есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет