Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет64/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   141
Пысықтау сауалдары:
1. Сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі және ерекшелілігіі
2. Мәміле, шарт және контракт ұғымдарының арақатынасы
3. Сыртқыэкономикалық мәміленің жаңа түрлері
9-тарау


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ


§1 Халықаралық есеп айырысу қатынастарының түсінігі мен мазмұны.

Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың мәнісі артып, мемлекеттің саясатына үлкен ықпал тигезетін болғандықтан, халықаралық есеп айырысу мәселесі өзекті болып отыр. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы, тауар өндірудің интернационализациялануы халықаралық есеп айырысу қатынастарынсыз мүмкін емес.


Алғашында, сыртқы саудаға КСРО-ң монополиясы кезінде есеп айырысу қатынастары жоспар бойынша жүзеге асырылатын сыртқы саудадағы ақшалай есеп айырысу ретінде саналған болатын. Социалистік және капиталистік мемлекеттер үшін жеке саналатын есеп айырысу қатынастары танылған. Социалистік мемлекеттер тарапынан әдетте есеп айырысу – клирингтік жүйе бойынша, яғни сыртқы сауда ұйымдары арасындағы төлемдерді ескермей, өкілді банктердің өзара есебі негізінде жүзеге асырылды.
Капиталистік фирмалармен есеп айырысудың негізгі нысаны болып – құжаттық аккредитив табылады.
Бүгінгі таңда халықаралық есеп айырысулар сыртқыэкономикалық мәмілелерде көптеп орын алуда. Халықаралық есеп айырысу мәнісі – ол кешенді және шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық мәмілелердегі төлемдерді жүзеге асыру құқықтық қатынастарын қамтитын ұғым. Бұл ұғымға, сондай-ақ, құқықтық қатынастар қатысушыларының тізімі мен әрекет ету бағытына сәйкес валюта-қаржылық, несиелік, ақшалай міндеттемелер кіруі мүмкін.
Халықаралық есеп айырысу құқықтық қатынастарының қатысушылар тізімі тек сатушы және сатып алушымен шектеліп қоймайды. Халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру барысында басты рольдердің бірін банктер атқарады.
Банктердің негізгі бағытымен байланысты олардың азаматтық-құқықтық қатынастарда жұмыс істеуі өз ерекшеліктеріне ие.
Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында арнайы банк қызметін реттеу қарастырылған.
Халықаралық жеке құқық аясында қарастырылған халықаралық есеп айырысулар коллизиялық мәселелердің қарастырылуын көздейді. Халықаралық есеп айырысу әртүрлі ұлттағы немесе әртүрлі мемлекеттердің территорияларында орналасқан заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылатынын ескере отырып, халықаралық шартқа сәйкес тараптардың есеп айырысуын құқықтық реттеу мәселесі өзекті болып табылады. Осыған орай айта кететін жайт, халықаралық есеп айырысу өзіндік сипатқа ие немесе сыртқы экономикалық шарттың бөлімі бола алады. Екі жағдайда да мәмілені серіктестердің мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық реттеуді таңдаған жөн.
Есеп айырысу шарттарының мазмұнын ашатын мәселелер шеңбері ауқымды болып келеді.
Сыртқыэкономикалық мәміледе төлем шарттары келесідей элементтерді қамтиды:

Аталған барлық элементтер есеп айырысуды орындаудың белгілі жақтарын сипаттайды. Сыртқыэкономикалық мәміле тараптарының әрқайсысы есеп айырысу қатынастары мен төлем шартының реттеу нұсқауын ұсынуға құқылы. Төлем құраушы элементтерінің барлығын бір құқықтық жүйеге бағындыруға болады; немесе бұл сұраққа дифференциалды түрде қарауға болады: есеп айырысудың нысанын бір құқықтық реттеуге бағындыру (мысалы, халықаралық сауда палатасының бірыңғай құжаты - Ережелер жинағына кодификацияланған халықаралық-құқықтық әдет-ғұрыптармен реттелетін есеп айырысу нысаны ретінде – құжаттық аккредитивті таңдай отырып), ал мерзімді өткізіп алу немесе қарызы үшін жауапкершілікті басқа құқықтық реттеуге (мысалы, қарыз алушының мемлекетінің құқығы бойынша).
Көбінесе халықаралық есеп айырысулар типтік келісімдер негізінде жүзеге асырылады (серіктестердің өздері немесе осындай жағдайдағы басқа қатысушылармен жасалынған келісімдер).
Г.Ю.Федосееваның «Халықаралық жеке құқық» оқулығында халықаралық есеп-айырысуларда негізгі 3 нысан қабылданған делінген. Олар:

  1. аккредитив

  2. тауарлық құжаттардың инкассосы

  3. банктік аударылымдар

Алайда, А.С.Скаридовтің пікірінше:

  1. аккредитив

  2. инкассо операциялары

  3. вексель.

Тәжірибеде есеп айырысудың басқа да нысандары бар, мысалы: есеп айырысуды телеграф немесе пошталық аударылымдар арқылы жүзеге асыру. Алайда жоғарыда аталған 3 нысан екі тарапқа да (экспортер және импортер) ең қолайлы болып табылады және коммерциялық тәуекел деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.
Ең көп тараған есеп айырысудың түрі – инкассолық тапсырыстар және құжаттық аккредитивтер. Бұл жерде төлемге берілетін құжаттар аккредитив, чек немесе вексель түрінде болуы мүмкін. Осындағы ескерілетін жайт: төлемдік құжат түсінігінің квалификациясы мен мазмұны әр мемлекеттің заңнамасында ерекшеліктерге ие. Халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыруда чек, вексель немесе аккредитивтің қолданылуының бірыңғай реттеуі жоқ.
Квалификациялардың даулы мәселесі, яғни түсініктердің мазмұнының ерекшеліктері, бұл түсініктердің халықаралық құжаттарда бекітілу арқылы шешіледі. Төлем құжаттарының түрлері «автономиялық» квалификацияға ие болғандықтан, тараптар шартқа сәйкес халықаралық құжатқа сілтеме жасай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет