Алматы 2014 almaty 2


Полимәдени және политілді білім беру



Pdf көрінісі
бет16/101
Дата06.03.2017
өлшемі37,51 Mb.
#7966
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101

Полимәдени және политілді білім беру 

Түйіндеме.  Мақалада  көпұлтты  мемлекетімізде  көптілділік  білім  алуға  айрықша  көңіл  бөлінетіні 

айтылады.    Көптілділік  мәдениетті  тұлғалардың  қалыптасуының  негізі  екендігі  қаралады.  «Үштілділік» 

мемлекеттік деңгейде даму керектігіне мысалдар келтіріледі. 

Түйін  сөздер:  политілді,  политілді  білім  беру  саясаты,  бәсекеқабілеттілік,    полимәдени  білім  беру, 

үштұғырлы тіл. 

 

Kasymova K.A. 



Polycultural and polylingual education 

Abstract. Article is dedicated to the theme multilingual education as the basis of the formation of multicultural 

personality. Considering the creation of its citizens decent working conditions for the acquisition of high-quality and 

modern education. Particular attention is paid to language, culture as a factor, the objective reality. A description of the 

learning system poliyazychiya: Kazakh - Russian language - English. 



Key words: multilingualism, policy of polylingual education, competitiveness, polycultural educations, trinity of 

languages

 

 



Ә

ОЖ.809.434.2  

 

Монтаева А. М. 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті  

Алматы қ., Қазақстан республикасы 

moldahankyzy@mail.ru 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

 

Түйіндеме.  Қоғамның  әлеметтік  жағдайының  өзгеруі  өндірістің  барлық  салаларында  мамандар  қазақ 

тілін жетік меңгеруі бүгінгі күннің заман талабына сай туындап отыр. Мақалада оқыту процессесінде оқытушы 

мен студенттің қарым-қатынасын ұйымдастыру қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттыру. 



Тірек  сөздер:  Әдістемелік,  ақпараттық  технология,  педагогикалық,  үлгерімділік,  қатысымдық, 

оптималды педагогика, құрылымдық, интерактивті. 

 

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің 



ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты  да  саналы  ұрпақ  тәрбилеу.  Ұрпақ  тәрбиесі  келешек  қоғам 

қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, 

мәдени мен ғылыми өресі озық азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрдің тәлім-тәрбиелік, білім-

танымдық рөлі орасан зор. Сонымен қатар, жас ұрпақтың  заман талабына сай өз тілі мен өзге әлем 

қатынас  тілдерді  де  меңгеруі  жаһанданудың  көшінен  қалмаудың  міндеті  болып  табылады.    Тіл  – 

қатынас құралы болғандықтан, тілсіз тірлік те, тіршілік те жоқ. Барлық мәселе тілмен байланысты. 

Адамның  азамат  болып  қалыптасуында  тілдің  алатын  орны  ерекше.  Ұлттық  рухтан  тәрбиеленіп, 

ұлттық рухтан нәр алып, оның дәмін сезініп, сусындап өскен әр азамат өзгеден үйренген нәрсесін өз 



 

104 


бойына  таратып,  жүрегіне  жаратып,  айналасын  өзге  ұлттық  озық  жұрттың  қатарына  тартуға 

тырысады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында  еліміздің  білім  беру  жүйесінің 

басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа 

технологиясын  енгізу,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  делінген.  Бұл  міндеттерді 

шешу  үшін,  нәтижеге  бағытталған  білім  берудің  жаңа жүйесіне  көшу  үшін  әр  мұғалім,  жеке  тұлға 

күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, 

жаңа  ақпараттық  технологияларға,  әлеуметтік,  тұлғалық  және  жеке  құзыреттіктерге  ие  болуы  тиіс. 

Бұл  талаптар  күнделікті  әдістемелік  жұмыстың  жүйелі  түрде  ұйымдастырылуы  негізінде  жүзеге 

асырылады. Сонымен қатар, ұлы педагог «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 

мұғалім» дегендей, жалықпай ізденіп, үнемі білімін көтеріп жүрген мұғалімдер сапалы білім, саналы 

тәрбие  бере  алмақ.  Шығармашылықпен  айналысқан  мұғалімнің  сабағы  өте  сапалы  өтеді  әрі 

студенттің  тіл  үйренуге  деген  қызығушылығы  артады.  Тілді    үйрету  сабақтарында  мұғалім 

ә

дістемесінің мықтылығы –оның ең басты құралы. 



Тіл  үйретуде  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  да  тиімділігі  маңызды.  Жаңа 

ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  қашықтан  оқыту,  дара  тұлғаға 

бағыттап,  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің 

тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылату  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Орыс  топтарына  қазақ  тілін, 

мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей 

бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан 

меңгерту;  сөйлесім  әрекетінің  түрлеріне  сай  оқушыны  тілдік  білім  негізінде  әдеби  тілде  сөйлеуге, 

сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі 

тақырыптарды  коммуникативтік  тұрғыдан  ұсына  отырып,  оқушыларға  қазақша  тілдік  қатынасты 

игерту  мақсатын  көздейді.  Осы  аталған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  оқытудың  ақпараттық 

технологияларын пайдаланған орынды.    

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 

саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны 

барлық  салада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға  бабаларымыздың  сандаған 

буынының  тәжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен  толыға  түсетін  қазіргі  тілді  мұраға 

қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деп атап көрсетті. 

Қытай халқының «Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, көрсетсең – есте сақтаймын, іске кіріссең – 

үйренем»  деген  мақалының  мағынасы  терең  және  әдістемеге  тікелей  байланысты.  Ең  алдымен 

ә

дістеме дегеніміз не?! 



Ә

дістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Ұстаздың қолындағы мықты екі қарудың бірі 

– терең білімі болса, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс – тәсілі 

болуы  қажет.  Әдіс-тәсілдерді  ұтымды  қолданып,  тиімді  ете  білгенде  ғана  алдындағы  студент  нәтиже 

шығарады. Әдіс грек тілінен  енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны берген, яғни 

«белгілі  бір  пәнді  оқытудың  әдісі»  дегенді  білдіреді.  Сонымен  қатар  әдіс  дегеніміз  –  алдына  қойған 

мақсатқа  жету  үшін  мұғалімнің  және  оқушының  жүйеленген  іс-әрекеті.  Студентердің  коммуникативті 

және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі 

ә

дістер  арқылы  білім  беру  тиімділігін  айтқан  жөн.  Әр  сабақты  түрлендіріп  өткізу  студенттердің  білім 



деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады. 

Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді 

формаларына  бет  бұруда  оқытушының  студенттермен  педагогикалық  қатынасты  ұйымдастыра  алу 

қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол студенттің 

жеке тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және оның шетел тілі мәдениет аралық қарым- қатынас құралы 

ретінде  меңгеруіне  бағытталады.  Аталған  мәселені  шешу  үшін  педагогтар  мен  әдіскерлер  оқыту 

процесінде  оқытудың  белсенді  формаларын  қолдану  керектігіне  тоқталды.  Осыған  орай 

оқушылардың  белсенді  өзіндік  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  студенттердің  бір  мәселені  бірігіп 

шешуде  өз  бетінше  белсенді,  танымдық  шығармашылық  әрекетін  қамтамасыз  ететін  интерактивті 

тәсілге баса назар аударуда. 



«Интерактивтік»  яғни,  «Интербелсенді»  деген  сөз  энциклопедия  мен  ғылыми  әдебиеттерде 

көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады. 

Ол  оқыту  процесінде  студенттерді  бірігіп  белгілі  бір  мәселені  шешуге,  белгілі  бір  әрекетке  өз 

жауапкершілігін  сезініп,  белсенді  болуға  және  осы  кезде  өз  қиялын,  ой-өрісін,  шығармашылығын 

көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, 

жұмыс  жасай  отырып,  өзгелерге  көмек  көрсетуге  үйретеді.  Сонымен  қатар  бұл  ұғым  тәсіл  ретінде 

төмендегідей талаптарға сай келеді. 


 

105 


- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді. 

-  Оқушы  өзін-өзі  еркін  және  ыңғайлы  сезінетін  өрісті  қалыптастырады,  тілді  оқып  үйрену 

ниетін арттырады. 

- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады. 

- Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді 

қамтамасыз етеді. 

-   Ойлауды белсендіреді. 

-   Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді. 

-  Тыңдау  дағдысын  қалыптастырып,  өзгені  тыңдай  алады.  Әрине  мұндай  тәсілді  қолдануда 

кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, 

ақпаратты  меңгеруі  бірдей  жағдайда  емес.  Осыдан  келіп  оқушылардың  алдында  шынайы  және 

психологиялық қиындықтар туындайды. 

Шынайы қиындық: 

- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда. 

- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық емес болса. 

- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды. 

Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай 

жағдайда көбінесе үнсіз қалады.  

Яғни: 

- оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді. 



- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді. 

- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді. 

Мұндай  жағдайда  студентті  сөйлеу  үшін  оған  қысым  көрсетпей,  оған  сөйлеу  үшін  ыңғайлы, 

қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, оқушыны өз әрекетерін тыңдай білуге үйрету керек. Әдістемеде 

сөйлеу  түрлерін  «монологиялық»  және  «диалогиялық»  сөйлеу  деп  те  атайды.  Оқытушының  

студенттермен  педагогикалық  қатынасты  ұйымдастыра  алу  қабілеті  бүгінгі  таңдағы  шетел  тілін 

оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және 

оның  шетел  тілін  мәдениет  аралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгеруіне  бағытталады.  Бұл 

мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қажет. 

Оптимальді педагогикалық әңгімелесу кезіндегі оқытудың әдіс-тәсілдері. 

Қазіргі таңда студенттерді ақпараттарды-түсіндіре оқу түрінен іс-әрекеттік, қызметтік, дамыту 

түріне  ауыстыру  керек.  Бұл  кезде  ЖОО  алған  білімдері  ғана  емес,  сонымен  қатар  оны  меңгерту, 

ойлау  мен  танымдық  күштерін  дамыту,  студенттің  шығармашылық    потенциалы  маңызды  болып 

табылады. Ал бұған тек оқытудың демократиялық әдістерімен, -студенттерді бос ұстау, оқытушы мен 

студент арасында жасанды барьерлерді жою арқылы қол жеткізуге болады. 

Дамытушы оқытудың «естідің – есте сақтадым   өзімнің ойымды жеткізуге қабілеттімін – алған 

білімдерімді өмірде қолдана аламын» кестесіне ауысуы керек. 

Оптималды  педагогикалық  әңгімелесу  барысында  педагогикалық  процестің  өзара 

ә

рекеттесуінің негізгі қызметттері; 



Конструктивті – пән бойынша білімінің мазмұны мен тәжрибеілік маңыздылығы бойынша пікір 

талас кезінде оқытушы мен студенттің педагогикалық өзара әрекеттесуі; 

Ұйымдастырушы  –  оқытушы  мен  студенттің  біріккен  оқу  қызметін,  оқу-тәрбие  қызметіндегі 

табыстарға өзара тұлғалық ақпараттылық пен жалпы жауапкершілікті ұйымдастыру; 

Коммуникатмвті  –  стимулды  -    оқу  танымдық  қызметінің  әртүрлі  түрлерін    біріктіру,  өзара 

көмекті ұйымдастыру, студенттерге олар нені білу керек екенін және нені түсіну керек екенін, неге 

үйрену керек екенін мәліметтеу; 

Ақпараттық-оқытушы – қоғамдық өмірде студентің әлемге дұрыс көзқараспен қарауға бағыттау 

үшін оқуды өмірмен ұштастыру; 

Эмоцианалды-корригирлеу – оқудың түрлендіру барысында оқудың принциптерін іске асыру; 

оқытушы мен студент арасындағы сенімділік көзқарас қалыптастыру; 

Бақылау-бағалаушы -  оқытушы оқытылатын өзара бақылауды ұйымдастыру, қорытындыларды 

бірге жасау және өзіндік бақылау мен өзіндік бағалаумен бағалау. 

Оқытушы  мен  студент  арасында  оптимальды  педагогикалық  әңгімелесуге    кедергі  болатын 

себептер; 

Педагог  студенттің  жеке  ерекшеліктерімен  санаспайды,  оны  түсінбейді  және  оны  түсінуге 

тырыспайды; 

Студент өзінің оқытушысын түсінбейді, сондықтан оны ұстаз ретінде қабылдамайды; 

Оқытушы өзін жоғары санайды, студенттің жетістіктерін төмендетеді; 


 

106 


 Студент оқытушының талаптарын әдейі қабылдамайды және орындамайды.  

 Үлгерімді  жоғарлату  үшін  оқу  ақпаратын  жақсы  меңгеруіне  әкелетін  студенттің  ойлау 

белсенділігін қалыптастыратын әдістерде қажет 

Тіл -  қоғамдық құбылыс.Тілдің дамуы тарихы қоғамдық  өмірмен тығыз байланысты.Тіл қоғам 

өмірімен бірге жасап, бірге дамиды.Қатынас  құралы болып саналатын тілдің қоғамда алатын орны 

ерекше. 


Студенттің тілді үйрену процесі нәтижелі болуы бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оқу 

бағдарламасына, оқулықтың тиімділігіне, материалдық-техникалық базаға, студенттің ынтасына, т.б. 

Көбінесе  оқу  үрдісінің  нәтижелігі  оқытушының  белгілі  пән  бойынша  білімі  мен  пәнді  оқыту 

бойынша білімі мен кәсіби даярлығына байланысты.  

 

Ә

ДЕБИЕТТЕР 



1.  Гүлмира Тайғарина,  «Түркістан» газеті  №14 (976) 11 сәуір2013 жыл 

2.  Баймағамбетова  М.С.  «Шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  пәні  сабақтарында  студенттердің 

коммуникативтік құзыреттілігін арттыру». Сайт: Қазақстандағы - №1. 

3.  Ф.Оразбаева, «Тілдік қатынас; теориясы және әдістеме» 



 

Монтаева А.М. 



Методика и обучение казахского языка 

Аннотация.  Современный  уровень  социально  –  экономического  развития  общества  диктует 

необходимость  осуществления  специалистами  коммуникативной  деятельности  на  государственном  языке  о 

всех сферах промышленности, совершенствования и развития своей языковой профессиональной подготовки, 

использования  связанной  с  профессией  литературы  на  казахском  языке.  В  этой  статье  показано  отношение 

педагогов  с  учащимися  студентами.  Заключаются  формы  обучения  казахского  языка  и  активного  участия  в 

пользу повышения языкознания. 



Ключевые  слова:    Методика,  информационные  технологии,  педагогика,  успеваемость,  оптимальная  

педагогика, коммуникативный, конструктивный,  интерактивный. 

 

Montaeva A.M. 



The methodology and training of the Kazakh language 

Abstract. The article shows the ratio of teachers to students. Are forms of learning the Kazakh language and 

active participation in favor of raising languistics. Therefore the Kazakh language teacher’s main objective is to enlarge 

studenrs’  professional  vocabulary  to  provide  professional  training  as  well  as  communicative  activity  in  the  state 

language.   



Key  words:  Technigue,  Information  Technology,  pedagogics,  progress,  optimal  pedagogics,  сommunicative,  

constructive, interactive. 

 

 

Ә



ОЖ 809.434.2 

 

Аманова Ж. Ж.  

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан республикасы 

zhanyl_1971@mail.ru 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ МАМАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН МОЛАЙТУ 

 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  мұнай  мамандығында  оқитын  студенттерге  терминдерді  меңгерту  туралы 

айтылған.  Баспасөз  беттеріндегі  мұнай  туралы  мәлеметтермен  таныстыру.Мұнай    мамандығындағы  

студенттерге  берілетін    мәтінді    дұрыс,  жүйелі    меңгерту    мақсатында    сөздіктерді    басшылыққа    алу.  

Студенттердің мамандығы бойынша сөздік қорын байыту туралы айтылған. 



Кілт  сөздер:  сөз,  мұнай,  термин,  меңгеру,  мамандық,  мәтін,  сөз  тіркесі,  тіл,  инженер,  оқу,  қарым 

қатынас, сөйлеу. 

 

Практикалық қазақ тілі сабағының мақсаты студенттерді тек ауызша сөйлеп,  айнала қоршаған 



ортамен  қарым-қатынас  жасауға  үйрету  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларға  келешек  маман  ретінде 

қарап,  мемлекеттік тілді кәсіби бағытта үйрету.  Осыған орай, студенттерді мамандыққа байланысты 

тілдік  материалдармен  практика  жүзінде  таныстыру,  яғни,  кәсіби  бағытта  оқыту-  бүгінгі  күннің 

талабы болып отыр. Міне, осы тұста, әсіресе, өзім сабақ жүргізіп жүрген мұнай мамандығы  бойынша 

оқитын студенттерге өз мамандығына  байланысты  мұнай  терминдерін арнаулы  ұғымдардың  атауы  

ретінде айтып қана  қоймай, ғылым  тілі ретінде сабақ  барысында студенттерге үйретуге тырысамын.  



 

107 


Мұнай    өндірісі    елімізде  уақытпен    дамып    келеді.    Жаңа    мұнай  кен    орындары  көптеп  

ашылуда. ХХI ғасырдың  басында Қазақстан  дүние  жүзіндегі  алдыңғы қатарлы  мұнай    өндіруші  

елдердің  біріне  айналып,  Ресейден кейін,  ТМД елдерінің  арасында  екінші орын  алды.  Қазақстан  

мұндай  мәртебеге бірден  емес геологтардың, ғалымдардың, мұнай-газ өнеркәсібімен  шұғылданушы  

мамандардың көп  жылдық  зерттеулерінің  нәтижесінде  ие  болды.  

1999  жылы    біздің    еліміз    мұнай    өнеркәсібінің  100  жылдық    мерейтойын  атап    өткендігі  

баршамызға мәлім.  

Шетелдік  инвесторлардың  қатысуымен  “қара  алтын”  өнімі ел  игілігіне жаратылып,   халық 

экономикасын көтеруде  елеулі  табыстарға  жетуде.  Мұнай  өндірісінің  осылай  жандануы тілдің  

дамуы    үшін,    оның  ішінде  салалық    терминдердің    жасалып,    қалыптасуына    ерекше    ықпалын  

тигізуде.  Тіліміз  жаңа  терминдермен,  әсіресе  кірме  терминдермен  толығуда.  Тіл- үнемі  жетілу 

үстіндегі  жүйелі    құбылыс.    Қоғамымыз    қай  салада  (әлеуметтік,  нарықтық,  саяси)    болмасын    ірі  

жаңалықтарға  толы десек,  тіліміздің сөздік  қоры да  түрленіп,  молая түсуде.  Жалпы қолданыстағы 

сөздеріміз терминдік сипат алуда.  

Мұнай мен газға  қатысты  терминдердің  қазақшалануы - ел мен  жердің байлығының  ұлттық 

сипатын айқындайды.  Белгілі  ғалым  Байынқол Қалиев: “ Термин дегеніміз сол ұлттың,  сол тілдің  

сөзі, сол тілдің сөз  тіркестері,  бір сөзбен айтқанда - ұлттық тілдің  бірліктері”-дейді.  

Міне, осы  тұста ғылым тілі,  әсіресе, сөз етіп отырған мұнай терминдері арнаулы  ұғымдардың  

атауы  ретінде  термин  шығармашылығында  өз  орнын  алып  қана  қоймай,  сабақ  барысында  

студенттерге үйретілуі  керек. Бұл үшін студенттердің сөздік қорын дамыту, мамандығына қатысты 

терминдерді және сөздерді жетілдіру жолдарын оқытудың белсенді әдістері арқылы жүргізіп отыруы 

қажет.  


Қазақ  тілін  үйретудің мақсаты  қатысымдық білгірлікті  меңгерту,  қазақ тілінің мемлекеттік  

мәртебесін жоғары  көтеріп, оның  қолданылу аясын кеңейтуді, қарым -қатынас  деңгейін көтеруді 

межелейді.  Мемлекеттік тіл мәселесі  - жоғары  дәрежедегі  рухани  мәселе, себебі, ол ресми  қарым -

қатынас қызметін атқарушы ғана емес, мемлекет азаматтарын ортақ мүдделер төңірегінде біріктіретін  

ұйытқы.  

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, байланыстарын өзгеше қатынас құралы. 

“Тілді үйретудегі  қатысымдық әдіс дегеніміз- оқушы мен оқытушы тікелей қарым-қатынасы  арқылы 

жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас  пен  әдістемелік 

категорияларына  тән  басты  белгілер  мен  қағидалардың  жүйесінен    тұратын;  тіл  үйретудің  тиімді  

жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы  ретінде іс  жүзінде  асыратын әдістің түрі”- 

деп  көрсетеді  қазақ  тіл  білімінде  қатысымдық  әдістің  негізін  қалаған  ғалым  Ф.  Оразбаева  өзінің 

“Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері” атты ғылыми  еңбегінде.  

Қатысымдық бағыттылықты  ұстанған әдіскерлер  Е. И. Пассов,  А.А. Леонтьев,  В. Г. Костомаров,   

А. Н. Щукин,  М. Н. Вятютнев,   Г.А. Китайгородская,   Г. В. Рогова,  И. Зимняя,  В. А. Скалкин,  т. б 

ә

дістің  ғылыми теориялық және  әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екенін дәлелдеген.  



Қатысымдық  бағыттағы  ұстаным  оқу  жұмысының  алдына  қойған  мақсаттарын    айқындауға 

септігін тигізеді.  “Принцип  коммуникативной  направленности  определяет содержание обучения,  

какие  коммуникативной  умения    необходимо  формировать,    чтобы  учащийся  мог  осуществлять 

обшение в устной и письменной формах”-деп тұжырымдайды ғалымдар.  

 Коммуникативтік  үрдісте адамдардың арасында өзара ақпарат алмасу  жүзеге асырылады.  Бұл  

жерде қарым-қатынаста түсушілердің әрқайсысы  үшін  пайымдауынша  адамдар  өзара  сөз алысып  

қана  қоймайды,  сондай-ақ,  ортақ  мәмілеге келуге тырысады.  Ал адамдардың ортақ мәмілеге  келуі 

ақпаратты  жай  қабылдап қана  қоймай оның  мағынасы , мазмұны,  маңыздылығы  терең сезілгенде 

ғана  жүзеге  асуы  мүмкін.    Сол    себепті  “кез    келген  коммуникативті  үрдіске  іс-әрекет,    қарым-

қатынас,  таным үшеуі  бірге кіреді”- деген Г. М. Андрееваның пікірі тәжірибеде көрініп жүргендігін 

айтуымыз да қажет. Қарым-қатынас үрдісіндегі сөйлеушілер өздерінің  ойларымен және сезімдерімен  

алмасады, бір-бірін  жете танып,  ашыла түседі, тілді одан әрі тереңірек, жүйелі меңгеріп, өз ойларын 

толығырақ  жеткізсем  деген  қызығушылықтары  артады.    Сонымен    бірге    тілдік  құралдарды  есте  

сақтап, оларды  қолдану заңдылықтарын  меңгертеді.  

 Тілдерді    үйрету  әдісі  үнемі  заман  талабына,  уақыт  ағымына  қарай  өзгеріп,  дамып,  жетіліп 

отырады.    Негізінен    бір    тілде  өзге  ұлтқа  үйретудегі  негізгі  әрекет  қарым-  қатынас  үрдісі,  сөйлеу  

қатынасы  екендігі  бүгінгі  күні  дәлелденіп  отыр.  Сол  себепті  де  мемлекеттік  тілімізді  басқа  ұлт 

өкілдеріне меңгертуде  дүние  жүзінің әдістеме ғылымында  үлкен жетістіктерге қол  жеткізіп жүрген  

қатысымдық  бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің  бірі.  

Орыс тілін шетелдіктерге жеделдетіп оқытудың негізін қалаушылардың  бірі Г. А. Китайгородская 

тіл    үйренушілердің    барлық  мүмкіндіктерін    пайдалануына  жағдай  жасау  арқылы  оларды  тілдік  


 

108 


қарым - қатынасқа  неғұрлым  тез түсіруге  болады деп есептейді.   Сондықтан  тұлға мен ұжымның  

мүмкіндіктерін    активтендіру  әдісінің    негізгі  ұстанымдарының  бірі  ретінде  тұлғалық  қарым-

қатынасты ұсынады.  

Тұлғалық  қарым-қатынас  тіл  үйренушілердің  талқыланып  жатқан  мәселелерге  

қызығушылықтырын туғызатындай  жеке тұлғамен терең  байланыста өткізілуі қажет.  

Сабақ    үстінде    тіл  үйренушіге  яғни,    студенттерге    қатысы  да,    қажеті  аз,    олар    өмірде  

қолданбайтын ақпараттардан гөрі  олардың арқайсысының  жеке  өмірі  және  болашақ мамандығына  

тығыз    байланысты    мәселелерді      талқыласа,    ол  студенттердің    қызығушылықтарын  арттырады, 

қажеттілік  туады.  Соған  сәйкес қатысым әрекеті де  белсенді  жүріп, оқытушы  үшін де,  студенттер  

үшін  де    сабақ    қызық    өтеді.    Міне,    осы  тұста,    әсіресе,    өзім  сабақ    жүргізіп    жүрген  мұнай 

мамандығы    бойынша  оқитын    студенттерге  өз  мамандығына    байланысты    мұнай    терминдерін 

арнаулы  ұғымдардың  атауы  ретінде айтып  қана  қоймай, ғылым  тілі ретінде  сабақ  барысында 

студенттерге үйретілуі керек  деп  есептеймін.  

Бұл    үшін    студенттердің  сөздік    қорын  дамыту,    мамандығына    қатысты  терминдерді  және  

сөздерді  жетілдіру  жолдарын оқытудың  белсенді әдістері арқылы  жүргізіп  отыру  қажет.  

Қазақстан  жерінде  ғасырдан артық  уақыттан  бері  өндіріліп  келе  жатқан  мұнайға  қатысты 

терминдерде,  олардың  қалыптасу  жолдары да  күрделі.  Сондықтан мұнайға  қатысты терминдерді: 

Мұнай  геологиясы    саласына    қатысты,    мұнай   өндіру  мен    тасымалдау  саласына    қатысты,  

мұнай    өнімдері    саласына    қатысты    ортақ    терминдер    секілді    бірнеше  арнаға    бейімдеп,  

арқайсысына    жеке    тоқталған  жөн  екенін    айтады    белгілі    ғалым  Қ.  Қадырқұлов  өзінің    “Мұнай  

өндірісі  терминдерінің  салалық  қалыптасуы”  атты  мақаласында.  

 Ғалымның  пікірін  қолдай   отырып,  мұнай  терминдерін  студенттерге  меңгертуде  де осы  

көрсетілген  салалар  бойынша  үйреткен  жөн  деп   ойлаймын.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет