10-кезең. Техникалық жөндеу, баспаға əзірлеу. Бұл кезеңде сөздіктің 61
түрленімі түгенделіп, олардың сөзтізбесі мен статистикалық мəліметтері соңғы
тексеруден өткізіліп, қолжазба баспаға тапсырылды. Бұл кезеңде сөздіктің қағаз
нұсқасы беттеліп, беттелген мəтін техникалық жағынан редакцияланды. Ал
электрондық нұсқадағы сөздіктің қалған 59 түрленімі дискіге жазылды.
7. СӨЗДІК ТИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ, ТҮРЛЕНІМІ «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» 3 түрлі типте əзірленіп, 7
түрге топтастырылған 61 түрленім бойынша ұсынылып отыр.
Сөздіктің барлық түрі мынадай үш типте жасалды:
Əліпбилі-жиілік сөздіктің сөзтізбесінде сөздер бірінші əрпінен бастап
соңғы əрпіне дейін қатаң əліпби тəртібімен орналасады. Əліпби тəртібімен
берілгендіктен, ізделген сөзді немесе сөзформаны табу жеңіл болады, алайда
оның мəтінде қолданылу жиілігі туралы ақпарат берілгенімен, жалпы жиілікте
орны қандай екені туралы мəлімет алу қиын, сондықтан жалпы жиілікті-əліпбилі
сөздікте əрбір сөздің əліпбилі-жиілік түріндегі реттік нөмірі көрсетіліп отырды.
Жиілікті-əліпбилі сөздік сөздердің мəтіндегі кездесу жиілігінің кему ретімен
орналасып, ал бірдей жиілікті сөздер қатаң əліпби тəртібімен орналасады. Жиі
қолданыстағы сөздер сөзтізбенің басында орналасады, оларды қарым-қатынас
жасау кезіндегі белсенді сөздер ретінде тануға болады. Жиілігі жоғары сөздер
мен сөзформалар (сөзформалар сөздігінде) əртүрлі стильдегі күнделікті қарым-
қатынастың негізгі сөздік жəне грамматикалық қорын құрайды деп батыл айтуға
болады. Ал белсенді лексикалық қор тілді оқытуда, əртүрлі тілдік оқулықтар мен
оқу құралдарын, лексикалық минимумдар, оқу сөздіктерін құрастыруда негізгі
құрал қызметін атқарады, яғни коммуникативтік актіні ұйымдастырудың тілдік
негізі болып табылады.