Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
3. ЦИПФ НЕМЕСЕ ПАРЕТТО ЗАҢЫ
Тілдегі сөздердің «танымалдық» деңгейін оның сөздіктегі жиілігі көрсетеді, 
ал олай болса, сөздердің жиіліктері арасында белгілі бір заңдылық болуы мүмкін 
бе, мəселен, ең жиі қолданылатын сөз бен одан кейінгі жиілікте тұрған сөз 
жиіліктерінің сандық көрсеткіштері арасындағы қатынаста заңдылық бар ма, олар 
5
 Хроленко А.Т. Основы современной филологии. М.: Флинта, 2013. 252 с.


14
геометриялық прогрессиямен өзгере ме, əлде қалай деген сияқты сұрақтарға жа-
уап іздеген ғалымдар аз болған жоқ. Солардың бірі америкалық Джордж Кингсли 
Ципф ашқан сөзтізбедегі сөздер жиілігінің өзгеру заңдылығын қазіргі ғылымда 
Ципф заңы деп атайды. ХХ ғасырдың басында америкалық тілтанушыдан бұрын 
да осы құбылысты байқаған ғалымдар мен ізденушілер болған, алайда ғылыми 
қауымдастық арасында айналымға енуіне зор үлес қосқандықтан, ол Д.Ципфтің 
есімімен аталып кетті. Бүгінгі күннің инфометриясын, яғни ақпараттың сандық, 
соның ішінде семантикалық сипаттамаларын өлшеудің теориясын
6
бұл əмбебап 
заңсыз елестету мүмкін емес, себебі ғалым о баста мұны қала халқының саны-
на қатысты айтты, кейін сөздердің жиілігіне тəн екенін көрсетті, сөйтіп, тіпті 
қоғам мүшелері арасындағы байлықтың шоғырлану мөлшеріне қатысты да осы 
заңдылықтың орындалатынын анықтады. 
Ципф заңы бойынша, тілдегі сөздер қорының шағын ғана бөлігі жиі, ал ба-
сым бөлігі өте сирек қолданылады, бұған қоса сөздер белсенділігі бойынша мына 
тəртіпке бағынады: бірінші разрядтағы сөздер екінші разрядтағы сөздерден екі 
есе, ал үшінші разрядтағы сөздерден үш есе көп жиілікпен қолданылады
7
. Яғни 
сөз жиілігі оның разрядына кері пропорционал.
Ұсынылып отырған сөздіктегі сөздердің жиілігінде осы заңның сақталғанын 
9-кестеде берілген мəліметтер дəлелдейді. Кестедегі мəлімет бойынша, 108 
мыңнан астам рет қолданылған бол сөзінің көрсеткіші екінші разрядта тұрған 
ол жəне мен сөздері жиілігінен шамамен екі еседей артық, ал үшінші разрядтағы 
16 сөздің орташа жиілігінен үш есе анық артық, осы сияқты қалған разрядтағы 
сөздерге қатысты осы заңдылық жалпы алғанда сақталып отырады.
Бұл құбылысты экономикада италиялық əлеуметтанушы Вильфредо Парет-
то 1897 жылы ашқандықтан, оны көрсететін заңдылықты Паретто заңы, кейде 
үлестірімі деп те атайды. Паретто заңын қарапайым түрде «халықтың 10 пайы-
зы барлық игіліктің 90 пайызына ие», «нəтиженің 80 пайызы жұмсалған күштің 
20 пайызына тəн» деген сияқты бүгінгі бизнес-ортада əйгілі болып кеткен 
тұжырымдар төңірегінде түсіндіруге болады. Ал ғылыми түрде оның негізі Ципф 
ашқан заңдылықпен бірдей. 
Аталмыш заңдар ұсынылып отырған сөздік сөзтізбесіндегі 7 млн сөзқол-
даныстық мəтінде 108 113 рет жиілікпен қолданылған сөздің неге біреу-ақ (бол 
етістігі), ал есесіне небары 1 рет қана кездескен сөздердің жалпы саны 8082, бұл 
36265 сөзден тұратын бүкіл сөзтізбенің 4/1 бөлігінен де артық деген сұраққа жа-
уап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет