32
себебі бар. Мəселен, қазіргі қазақ тілінде
үлде сөзі жеке қолданылмайды, алайда
оның сөзтізбеде жеке тұрған себебі
үлде мен бүлде фразеологизмінің компонент-
тері леммалау үдерісінде жеке-жеке
сөз ретінде реестрге алынады, дəл осылай
бір ғана денотат атауы болып табылатын, бірақ бөлек тұлғаланатын
киіз үй, ас үй,
таңғы ас сияқты лексикаланған сөз тіркестерінің,
айна қатесіз, қол алысу, көз
көрген сияқты бөлек жазылатын идиомалардың компоненттері
киіз, үй, ас, айна,
қатесіз, қол, ал, көз, көр түрінде жеке-жеке леммаға келтіріліп, əрқайсысының
жиілігі бөлек саналғанын ескертеміз;
– алдындағы тармақта сөз болған бір ұғым атауы болып табылатын күрделі сөз
компоненттерінің жеке тұлғаланғанына қарамастан, кейбір сөздердің тұтастығы
қоснүкте
арқылы беріліп, сақталды. Бұл сөздер тіркес бола тұра, оларға сөз табы
көрсетілуінің себебі бірінші компоненті өзі бөлек тұрғанда тұрпаты жағынан
көзшалымға мүлде түсініксіз, бейтаныс болып келетінімен байланысты, мысалы,
о: о дүние/зт, кирил: кирил жазуы/зт. Ескерте кететін жайт,
бұ дүние қолданысы
болғанымен
бұ жеке есімдік ретінде берілді, себебі ол басқа контекстерде, əсіресе
сөйлеу стилінде өзі жеке тұрып та жиі қолданылады, ал
о түріндегі
ол есімдігінің
редукцияланған формасы мəтін базасында тек
о дүние контексінде кездесті,
сондықтан ол қоснүкте
арқылы таңбаланды;
– етістік мəнінде де, сол сияқты зат есім мəнінде де жұмсалатын тұйық
етістіктің
у-тұлғалы формасынан жасалған омоним қатары ажыратылды:
сұрау/
зт, сұрау/ет, сөйтіп
-у тұлғалы зат есімдер мəтіндегі контексінен анықталды;
– қазақ, орыс,
қытай сияқты ұлт аттары берілді, алайда
керей, найман сияқты
ру аттары сөзтізбеге алынбады;
– ұғым, денотат не конататқа атау болуға жарайтын, жаңа сөз жасау əлеуеті
бар жергілікті сөздер сөзтізбеден алынған жоқ, мəселен,
қапақ – ‘ішін үңгіген
асқабақ’.
– контекст талғамай, кез келген етістіктің түбіріне жалғана алатын -
ушы
функционалды жұрнағы арқылы жасалған, бірақ зат есім категориясына өткен
немесе аралық кезеңде тұрған кейбір сөздер зат есім ретінде таптастырылды:
ойлаушы, қолданушы, қоныстанушы, монтаждаушы, нұсқаушы, т.б. Осы –
ушы
формасындағы зат есімдер мен есімшелерден тұратын омографтар ажыратыл-
ды, бұл үшін мəтін контексінде қолмен жұмыс жүргізілді, есімшелер етістіктің
негізіне
қорға, жаса, көр түрінде леммаға келтірілді, ал
қорғаушы, жасаушы,
көруші сияқты т.б. заттық ұғым атаулары зат есімнің сөзтізбесіне алынды.
– қазақ орфографиясында бас əріп орфограммасымен бекіген сөздерді
сөзтізбеде бас əріппен бердік:
Алла, Құран т.б.;
– қалып жəне
қалпы сөздері де жеке берілді, мұндағы «
қалпы» «
қалыптың»
тəуелсіздіктің 3-жағындағы фонетика-грамматикалық түрленімі емес, себебі
қалпына келу, сол қалпы сияқты тіркесте оның «
қалып» түбірінен (
қалыпқа
салу - қалыбын жасау)
мағынасы бөлек; сонымен бірге құрамында тəуелдіктің
3-жағының грамматикалық тұлғасы сөзжасамдық рөл алған
қарасы/
зт, қарауы/зт
сияқты сөздер де осылайша тəуелдік формасын сақтаған күйі леммаға келтірілді
(мысалы,
көздің қарасы, қарауында болу);
– орфографияда бір тұлғасы бекігеніне қарамастан (
үлгерім), кейбір
фонетикалық варианттар арнайы берілді, мысалы,
үлгерім жəне
үлгірім сөздерінің
33
соңғысының жиілігі 1-еу ғана, бұлар орныққан вариантты растау үшін арнайы
сақталды;
– кейбір қазақша баламасы бекіген советтік кезеңнің тарихи картинасына
қатысты жəне сол кезеңдегі қазақ мəтіндерінде түпнұсқа тілдегідей жазылуға тиіс
болған орыс сөздері мəтіндегідей нұсқада сақталды: мысалы, сөзтізбеден
марк-
сист, систематика,
квартирант,
этикетка,
коминтерн, сол сияқты
конфиска-
ция (тəркіле де бар
), класс (сынып, тап та бар
),
сигнал (
белгі де бар),
зоопарк
(
зообақ та бар),
революция (
төңкеріс те бар),
план (
жоспар да бар),
регулятор
(
реттегіш те бар),
кубик (
текше де бар),
космос (
ғарыш та бар),
алфавит (
əліпби
де бар),
ставка (
мөлшерлеме де бар),
стадия (
кезең де бар),
спутник (
жерсерік те
бар),
армия (
əскер де бар),
экзамен (
емтихан да бар),
скиф (
сақ та бар),
география
(
жағрафия да бар) сөздерін көруге болады;
– қазақша жазу үлгісінде игеріліп, орнығып қалған
орыс сөздерінің қазақи
үлгісі, орфографиядағы нормасына қайшы болғанына қарамастан, мəтіндердегідей
нұсқада сақталды: сөзтізбеде
манжета емес
, манжет, монета емес
мəнет, па-
паха емес,
папах;
– қаратпа атаулар зат есім ретінде таптастырылды:
мəртебелім/
зт,
қарақтарым/зт, тұлпарым/зт, ағатай/зт т.б.;
– сөйлеу тілі арқылы игеріліп, жазуда да қазақ əріптері арқылы таңбаланып
жүрген орыс сөздері сөзтізбеде мəтіндегі нұсқасымен берілді:
жүлік, пəшкі,
пірəндік, штан, атбекет, доқтыр, кəртішке, банды, мөшек, кəсек – бұлар
ауызекі тілдегі шеттілдік сөздің фонетикалық жолмен игерілу үдерісінен ақпарат
беретін тілтанушы ізденістері үшін қажетті мəлімет ретінде сақталды;
– кейбір бейонимденген жəне мифтік атаулар зат есім ретінде берілді:
мүң-
кір-нəңкір/зт, қожанасыр/зт, Хауана/зт;
– ескікітаби лексикалық бірліктердің мəтіндердегі жазылу варианттары
сақталды:
дүния (дүние), хақиқат (ақиқат), кəмалат (кəмелет), машқар (мах-
шар), кəлам (қалам) т.б.
– жиілігінің төмендігіне қарамастан, ескікітаби лексиканың терминдік əлеуеті
жоғары бірліктері сөзтізбеде сақталды:
əмалият (практика мағынасында, теория
мағынасындағы
назарияның қатарында);
– ХІХ ғасырдағы тарихи мəтіндерінде сол
кездің ауызша сөзі бойынша
игерілген, бірақ бүгінде тілімізде генерал, генерал-губернатор формада бекіген
генарал, генарал-губернатор сөздері ескі қолданысы бойынша берілді, себебі
олардың мəтіндегі жиілігі жоғары болды.
– қазір өзектіленіп отырған ескікітаби лексикалық қабаттағы діни мазмұндағы
ұғым, түсінік атаулары жəне олардың қазақша үлгідегі варианттары берілді:
мүкəрəм, мүррид, мүмін/мүмин, сүннет/сүннит, сүннеттік/сүнниттік;
– кейбір диалект сөздер мен сөйлеу тілінің элементтері:
бұлаңшы/зт
– қытай
қазақтары тіліндегі бүлікші мағынасындағы сөз,
насат – ‘ірі, үлкен’ – мағынадағы
жергілікті сөз,
ешен – ишанның сөйлеу формасы;
–
америкалық сөзі омоним ретінде ажыратылды,
оның заттық мағынасы
мəтіндерде ‘Америка мемлекетінің тұрғыны’, ал сын есімдік мағынасы ‘осы
құрлыққа қатысты’ деген ұғымда жұмсалды;