30 Керіəліпбилі-жиілік сөздікте керісінше сөздер соңғы əрпінен бастап алғашқы
əрпіне қарай қатаң əліпби тəртібімен орналасады. Сөздікте сөзтізбедегі сөздер оң
жағы (соңғы əрпі) бойынша реттеледі. Бұл сөздікте сөздер немесе сөзформалар
соңғы əрпінен бастап алғашқы əрпін қоса есептегенге дейінгі аралықта қатаң
əліпби тəртібімен орналасады. Керіəліпбилі-жиілік сөздікте əрбір сөзтудырушы
жұрнақтың немесе сөзтүрлендіруші қосымшаның (сөзформалар сөздігінде)
қолданылу жиілігі туралы мол ақпарат беріледі. Бұл сөздіктен зерттеуге алынған
мəтіндердегі сөзтудырушы жəне форматудырушы морфемалардың құнарлы не
құнарсыз, белсенді не салғырт екенін анықтауға, терминдер мен кірме сөздерге
жалғанған сөзтудырушы, сөзтүрлендіруші қосымшалардың құрылымын талдауға
қатысты бағалы тілтанымдық деректер алуға əбден болады.
Сөздіктің түрлері 1) ЖАЛПЫ ЖИІЛІК. Мұнда 7 млн сөзқолданыстан тұратын теңгерімді
мəтін негізінде алынған түбірге келтірілген (леммаланған) сөздердің жиілігі
көрсетілді. Бұл сөздіктің сөзтізбесінде 36265 сөз бар. Сөзтізбедегі сөздердің
стильдерге қатысты жиіліктері үлестіріліп көрсетілмей, жалпы алынды. Жал-
пы жиілік сөздіктің əліпбилі, жиілікті жəне керіəліпбилі үш түрленімі берілді.
Олардың ішінде «Жалпы жиілікті-əліпбилі сөздік» осы кітапқа еніп отыр, яғни
қағаз нұсқада жарияланып отыр. Жалпы жиілікті сөздіктің қалған екі типі осы
кітапқа қоса дискіде электрондық нұсқада берілді.
2) СТИЛЬДЕР БОЙЫНША ҮЛЕСТІРІЛІМ ЖИІЛІК. Бұл сөздікте
сөзтізбедегі 36265 сөз қазақ тілінің ғылыми, көркем əдебиет, ресми-іскери,
публицистикалық, сөйлеу – 5 фунционалды стилі бойынша таратылып көрсетілді.
Сөздіктің аталған түрінің ыңғайлылығы сонда, онда əрбір сөздің осы бес стиль-
дегі қолданыс жиілігі бір парақта беріледі, сөйтіп, сөздікті пайдаланушы əрбір
сөздің түрлі стильдегі мəліметтерін салыстыра отырып, оның əрқайсысындағы
«қызметі мен өмір сүру деңгейінен» құнды статистикалық ақпарат ала алады.
Мəселен, автокөлік сөзі көркем əдебиет стилі мəтіндерінде мүлде кездеспесе,
ең көбі ғылыми стильде (82 рет) қолданылған. Сол сияқты стильдер бойынша
үлестірілім жиілік сөздіктің əліпбилі, жиілікті жəне керіəліпбилі үш түрленімі
берілді.