34 – азаматша, төрайым, əділқазы, əділқазылық сияқты тіл мəдениетінің,
ұлттық грамматиканың нормаларына қайшы қ а т е қолданыстардың сөзтізбеде
сақталғанына ерекше назар аударамыз, мұндағы мақсат – қазіргі қазақ мəтіндерінің
ортологиялық сапасына қатысты тілтанымдық ізденістерге қажетті ақпаратты
көрсету.
– қазақ орфографиясындағы жарыспалы варианттар қалдырылды: айғай, айқай;
– сөзтізбеден жаңа сəтті терминдер мен жаңа сөздерді де көруге болады:
жақпамай, ойбайлам, ойтүйсік, ойтаным т.б.;
– жалпы есімдерге жалқы есімдік жұрнақ жалғану арқылы жасалған
тəуелсіздік алған кезден бері қоғамдық санада өзектіленген қоғамдық-саяси,
қоғамдық-экономикалық құбылыстардың жаңа атаулары сөзтізбеден орын алды:
желтоқсандық, желтоқсаншы, алашордалықтар, алашордашыл, ақорда т.б.;
– қазіргі қазақ тілінде үлде сөзі жеке қолданылмайды, алайда сөзтізбеде оның
жеке тұрған себебі үлде мен бүлде фразеологизмінің компоненттері леммалау
үдерісінде жеке-жеке сөз ретінде реестрге алынады, дəл осылай бір ғана денотат
атауы болып табылатын, бірақ бөлек тұлғаланатын киіз үй, ас үй, таңғы ас сияқты
лексикаланған сөз тіркестерінің, айна қатесіз, қол алысу, көз көрген сияқты
бөлек жазылатын идиомалардың компоненттері киіз, үй, ас, айна, қатесіз, қол, ал, көз, көр түрінде жеке-жеке леммаға келтіріліп, əрқайсысының жиілігі бөлек
саналғанын ескертеміз;
– тəуелдіктің үшінші жақ тұлғасындағы жинақтық мəндегі қос сөздердің
компонеттері сын есім, модаль сөз болғанына қарамастан, осы формамен да-
йын күйде қолданылатындықтан (яғни тəуелдіктің үшінші жағы бұл сөздерде
грамматикалық форма емес, сөз тудырушы жұрнақ қызметін алған), ақ-қарасы, бары-жоғы, іші-сырты т.б. зат есім ретінде таптастырылды;
– қазіргі сөйлеу нормасы тұрғысынан қолданысы бейəдеби лексикаға жататын
қатын сөзі (жиілігі 422 рет) тарихи ескі мəтіндерде, көркем шығармаларда өзінің
бұрынғы оң мағынасында қолданылғандықтан, сөзтізбеде сақталды.