Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


ЖИІЛІК СӨЗДІК НЕ ҮШІН КЕРЕК?



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
2. ЖИІЛІК СӨЗДІК НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Осы сөздіктің əліпбилі-жиілік түрін ашып, кез келген жерінен сөзтізбедегі 
сөздерді оқысақ, олардың тілдегі орны, «танымалдығы» əртүрлі екені аңғарылады. 
Мысалы, абадан, абажадай... абақ, абақай, ...абат, абаттан сөздері қатарындағы 
абадан (қасқырдың топтанған əуегінің (үйір) көсемі, күшті де мықты бастаушы-
сы), абақ (1. к ə с і б и. Ұзындығы мың метрдей, көлденеңі бес жүз метрдей бола-
тын, теңізден балық сүзетін жылымның бір түрі. 2. Үлкен өзендер мен көлдерден 
балық сүзетін аудың түпкі бөлігі, ау түбіндегі дорба, қалта)
1
сөздерінің мағынасын 
барлығы бірдей біле бермейді. Тіпті қазақ тілінде сөйлеп жүріп, көптеген сөздің 
мағынасын білмей өту күнделікті өмірімізге еш зиянын тигізбеуі де əбден мүмкін. 
Алайда өмір бойы қазақша сөйлеп, қазақи ортада өсіп, мен, бол, сен, жəне, ақ, 
жүр, жатыр сияқты сөздердің мағынасын білмеу мүмкін емес. Демек, сөздердің 
барлығы бірдей «танымал», əрі олардың тілдік қарым-қатынастағы арқалаған 
жүгі, атқаратын рөлі тең емес. Бір қызығы, бəріне таныс сөздер кез келген жиілік 
сөздікте жиілігі жоғары болып келеді. Олай болса, сөздердің ішіндегі белсен-
ділерін қайдан көреміз, олардың жиіліктерінің арақатынасын қалай анықтаймыз 
деген сұрақтың жауабын статистика, сан арқылы жиілік сөздіктер бермек.
Жиілік сөздік сонда ең алдымен тіл үйрету үшін қажет. Алайда оның тілді 
ана тілі ретінде үйретудегі пайдасы екінші тіл ретінде үйретуге қарағанда өзгеше. 
Өзге тілдің иелмені үшін қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда, сөз жоқ, жиілігі 
жоғары, яғни белсенді сөздік қордағы сөздерді анықтап, түрін түстеп алудың 
маңызы зор. Ал қазақ тілін ана тілі ретінде игерген тұлға үшін белсенді сөздерден 
гөрі, жиілігі аз сөздерді игеру пайдалырақ. Сондықтан бұл мəселеге байыппен 
қарау керек. 
Сонымен қатар жиілік сөздіктің мəліметтері заманауи ақпараттық-
технологиялық құралдар арқылы жасалатын табиғи тілді автоматтаушы, мəтінді 
өңдеуші компьютерлік қондырғы, бағдарлама, қосымшалар, интернет-ресурс-
тар жəне т.б. əзірлеу үшін аса маңызды болып отыр. Жаһаният заманында тіл 
жазбаша формада тек қағазда өмір сүрмейді, электрондық нұсқадағы жазбаша 
мəтіндердің үлесі жылдап емес, күн санап артып келеді. Мəтінді компьютерде 
теру, өңдеу жұмысын жеңілдетудің түрлі it-бағдарламалары, əсіресе интернеттегі 
лингвистикалық технологиялар қарқынды дамып отыр. Мəселен, электрондық 
мəтіннің емлесін автоматты түрде тексеретін редактордың компьютерлік 
1
Қазақ əдеби тілінің сөздігі. 1-т. 30 жəне 32-бб. Алматы: Дəуір, 2011. 


10
бағдарламасын əзірлеу үшін жиілік сөздіктегі ақпарат аса құнды болып табыла-
ды. Мысалы, компьютерді пайдаланушы «маға» деген сөзді теріп қойса, мəтін 
редакторы оның қате екенін сөзформалар тізбесінен анықтап, оған дұрыс балама 
іздейді, алдымен жиілік сөздік негізінде алынған жиілігі жоғары «маған» есімдігін 
ұсынады, ал осыған ұқсас «мағаш» сияқты жиілігі аз диалект сөз, қолданылу 
ықтималдығы төмен болғандықтан, кейінгі кезекте ұсынылады. Компьютерлік 
емле редакторын сөздердің сөзжасамдық жəне формажасамдық түрленімін 
түгендейтін аса ауқымды мəтіндік база негізінде жасалған сөзформалар сөздігінің 
көмегінсіз сапалы жасап шығару мүмкін емес.
Жиілік сөздік сол сияқты тілтанымдық ізденістер үшін аса қажет. Бір қызығы, 
жиілік сөздіктегі математикалық тəсілдермен анықталған сандық мəліметтер 
тек дəстүрлі-құрылымдық зерттеулер үшін ғана емес, тарихи-салыстырмалы, 
сонымен бірге антропоцентристік жаңа парадигмадағы когнитивтік модульдегі
зерттеулер үшін де таптырмайтын ақпарат көзі болып табылады. 
Мəселен, осы жиілік сөздікті жасаушы тілтанушылар алғаш рет ауқымды 
мəтіндік базаны өңдеудің арқасында тілдегі көптеген жаңа үрдістерді байқау 
мүмкіндігіне ие болды. Солардың бірі – тілдік нормадағы узусқа, яғни тілдік 
жүйеде қалыптасқан əдеттегі нұсқаға, логикалық жолға сəйкес келмейтін 
дəстүрлі жолмен қалыптасқан дағдылы нормаға қатысты мəліметтер. Узустың 
мысалына туылдым (жүйе, логика бойынша) емес, тудым (дағды, дəстүр бо-
йынша), менге емес, маған, т.б. сөздерді келтіруге болады, дəл осы сөздердің,
яғни узустық сипаты бар тілдік бірліктердің жиілігі жаппай алғанда жоғары бола-
тыны байқалды. Сонымен қатар осы сияқты тіл теориясы тұрғысынан диахрондық 
аспектіде тың зерттеулерді қажет ететін тағы бір құбылыс: сөздікте ажыратылған 
грамматикалық омонимдердің дені бір немесе екі, ары кетсе үш буынды болып 
келді жəне олардың орташа жиілігі жаппай жоғары мəндерден көрініп отырды. 
Демек, мұндай омонимдер тіліміздің белсенді сөздік қорының шегарасына енеді. 
Мəліметтерді 1-кестеден қарауға болады.
1-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет