Алматы «мектеп»



бет1/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов



Л. 3. РҮСТЕМОВ

ТІЛ БІЛІМІ ТАРИХЫНА
ҚЫСҚАША ШОЛУ

Педагогика институттарының филология
факультеттері студенттеріне арналган
оку құралы

АЛМАТЫ «МЕКТЕП»



АЛҒЫ СӨЗ
Университет пен педагогика институттарының филология және шетел тілдері факультеттерінде оқытылатын «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» және «Лингвистика тарихы» (немесе «Лингвистика ілімдерінің тарихы») жөніндегі арнаулы курстар — болашақ тіл маманы үшін аса маңызды пәндер болып табылады.
Бұл курстарды күндізгі (стационар) бөлімдердегілер де, сырттан оқитын студенттер де тыңдайды, олардан сынақ, емтихан тапсырады; бақылау жұмыстарын жазады; институтты бітірушілердің бірсыпырасы жалпы тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірінен дипломдык жұмыс жазады; кейбіреулері кейіннен сол тақырыбын тереңдете түсіп, кандидаттық диссертацияға айналдырады.
Жалпы тіл білімінен (немесе нақты бір тіл — қазақ, орыс т. б.) маманданатындар, әсіресе, тіл білімі тарихына соқпай өте алмайды. Лингвистика тарихы - аспиранттар тапсыратын кандидаттық минимумның құрамды бір бөлігі. Бұл саладан орыс тілінде жазылған құралдар жеткілікті. Ал қазақ тілінде ондай материалдар жоқтың қасы. Дәлірек айтсақ, тіл білімі тарихы туралы қазақша жазылған кітап, кітапша жоқ.
Азды-көпті дәрежеде сондай олқылықтың орнын толтыру мақсатымен ұсынылып отырған бұл еңбек кезінде автордың Қазақтын С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті мен Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика институтының студенттеріне оқыған лекциясының негізінде жазылды. Кітапшада тіл білімінін тарихынан қысқаша мағлұмат беріледі. Ал қазақ, орыс, жалпы совет лингвистикасы тарихы - алдағы таңдарда арнайы қолға алынар мәселе.
Автор.
ЕРТЕ ДӘУІРЛЕРДЕГІ ТІЛ БІЛІМІ
Адамзат өміріндегі құбылыстардың ішіндегі қадірлі де қасиетті ғажайыбының бірі — тіл. Ол коллектив болып еңбек ету процесінде қажеттіліктен туа отырып, адамдарды өзіміздің арғы замандағы ата-бабаларымыз хайуанаттар дүниесінен — маймыл тектестерден адам қатарына қосқан қуатты құрал. «Адамды адам еткен - еңбек» деп Фридрих Энгельс текке айтпаған. Сондықтан адамзат өз тілінің және де басқа да тілдердің қыр-сырына ерте заманнан-ақ үңіле бастаған. Соның нәтижесінде тіл туралы ғылым дүниеге келген.
Әдетте, тіл туралы ғылымның қалыптасуын XIX ғасырдың бас кезіне әкеліп тірейміз. Мұндай пікір салыстырмалы-тарихи тәсіл тұрғысынан қарағанда ғана дұрыс. Ал жалпы тіл атаулы туралы сөз етсек, тарих көші тым әріде жатыр. Тіл біліміндегі көптеген негізгі проблемалар — мәселен, тілдің қасиеті мен шығуы, сөз табы және сөйлем мүшелері, тілдік таңбаның мағынамен байланысы, логикалық және грамматикалық категориялардың өзара байланысы т. б. көне дәуірдің өзінде-ақ сөз етіле бастаған.
Дәлірек айтсақ, өте ертеде тіл туралы ілім іргесін қалағандар — ежелгі Индия, Греция, Рим және араб ғұламалары.
Ерте заманның өзінде-ақ тілдің шығу, олардың көптігі, заттар мен құбылыстардың әр тілде алуан турлі аталуы туралы мәліметтерге бабаларымыздың өзі-ақ көңіл бөліпті.Бұл мәселелер жөніндегі көзқарастарды ертедегі халықтың аңыздарынан кездестіруге болады. Ол аңыздар кейін «Тауратқа» енгізілді. Онда бір-біріне қайшы келетін көзқарастар көп-ақ. Мысалы, «Ветхий заветтің» («Таураттың») христиан дәуіріне дейінгі атауы «Бытие» тарауларының 1, 5, 8, 10-да: «И бог назвал свет днем (jom), а тьму — ночью (lajil), и назвал бог твердь (свод) небом (samajim) и назвал бог сушу землей (eres), а собрание вод - морем (jammim)» десе, ол «Бытие» кітабының 2, 19—20 өлендерінде мүлде басқа көзқарас бар:
«господ бог образовал из земли всех животных полевых, и всех птиц небесных и привел их к человеку, чтобы видеть, как он назовет их, и чтобы, как наречет человек всякую душу живую, так и было имя ей».
Бұл үзінділерді біз әдейі қаз-қалпында келтіріп отырмыз. Себебі бұлар адамзат тілінің қыр-сырын түсінуге, оның құдіретін білуге, насихаттауға діни кітаптардың өзінің де талпынғанының айғары.
Тіл білімі ертедегі Индияда алғаш діни Вед, әсіресе, Ригведа гимндерін зерттеуге байланысты қалыптасқан.
Бұл гимндердің дүниеге қашан келгенін тарих тап басып айта алмайды. Оларды — ведтерді - ғалымдар шамамен, біздің эрамызға дейінгі 1500 жылға апарып тірейді. Әсіресе, Ашёки (біздін эрамызға дейінгі 250 ж. шамасы) патшалығына дейінгі шығармалардың хронологиясын дәл белгілеу қиын. Уақыт өткен сайын діни гимндердің тілі санскрит ертедегі үнді сөйлеу тілі пракриттен іргесін аулақ салып, өзгеріп, түсініксіз бола бастады.
Бір жағынан діни гимндердегі сөздердің дұрыс айтылуын сақтау, екіншіден оны сөйлеу тілі пракрит ықпалынан таза, бұрынғы қалпында сақтап қалу, сол санскрит тілін әдеби тіл ретінде қалыптастыру мақсатымен ертедегі индустар тілдің алуан түрлі құбылыстарын зерттеп, тіл туралы білім негізінің алғашқы қадасын қақты. Үнділік ғалымдар бұл мәселеде тек практикалық мақсатты көздеді. Тіл біліміне, негізінен, эмпиризмдік (тәжірибеге ғана негізделген) және суреттеме (описательный) ренк, он беруге тырысты.
Тіл білімі мәселелері Вед әдебиеттерінде - ведангтарда — әңгіме істеледі. Сол еңбектерге сай, Ертедегі үнділіктер ведангтарды төртке бөлді. Онын бірі — Шикша. Ол фонетика және орфоэпия мәселелерін, екіншісі —Чханда — өлен құрылысы және метриканы, үшіншісі —Вьякарана — граматиканы, төртіншісі — Нурукта — этимология, лексика мәселелерін қарастырады.
Үнділіктердің ертедегі білгір ғалымы — Панини (біздің эрамызға дейінгі V—IVғ) өзінен бұрыңғы ғалымдардың еңбектерін пайдаланғандығын айта келіп, көптеген адамдардың есімдерін, тіпті кейбір грамматикалық мектептерді атайды.
Панинидің грамматикасында санскрит тілінің морфологиялық құрамы меп дыбыстық жүйесі ұқыпты дәл беріледі. Оның грамматикасы 3996 өлеңмен жазылған (сүтр) қағидадан кұралады. Онын кітабы тарауларға бөлініп морфология, фонетика, синтаксис мәселелері қатар беріліп отырады. Панини өз кітабында Индияның шығысындағы диалектілік ерекшеліктерге тоқталып, ертедегі үнді әдеби тілі — санскрит ерекшеліктеріне баса назар аударады. Панини кейбір жағдайларда санскритті вед тілімен салыстырып отырады. Осыған байланысты академик И.В.Баранников Панини еңбектерінде салыстырмалы әдістің элементтері бар деп есептейді.
Үнді елінің ертедегі ғылымн дәстүрі бойынша тілдегі құбылыстарды талдап-саралауға, оның жақындығы мен айырмашылығын анықтауға ерекше көңіл бөлген. Осы әдістердің негізінде олар жалпы категорияларды анықтауға, тілдің кейбір жеке құбылыстарын ашуға талаптанған. Олар, әсіресе, етістік формаларын зерттеуге және топтастыруға, сөздерді түбір, жұрнақ, жалғаулар деп бөлуге баса назар аударды.
Ертедегі үнді грамматиктерінің пікірінше, сөздің негізгі единицасы — сөйлем. Олардың ойынша тек сөйлем ғана тиянақты ойды білдіре алады. Сөздің мұндай қабілеті жоқ, сондықтан сөздер сөйлемнен тыс қолданылмайды. Ал сөз мазмұны жағынан да, форма жағынан да дербестікке ие емес.
Сөздерді сөз таптарына топтастыру мәселесі жөнінде ертедегі Индия грамматиктерінің арасында әр түрлі пікірлер болды. Олар сөздерді, негізінен, төрт сөз табына бөлді:—есім (патап) етістік (іікһуаіа), предлог (иразагда), шылаулар — частица (піраіа).
Етістік өткен және өтіп жатқан іс-әрекетті білдіреді деп түсіндіреді олар. Ал демеуліктер есімдер мен етістіктердің мағыналарын ажыратады. Демеулік шылаулардың өзі үшке бөлінеді: салыстырушы, қосушы, мәнсіз, өлеңде ұйқас үшін колданылатындар. Есімдік пен үстеулерге келсек, олар — жеке сөз табы. Дәлірек айтсақ, олар есім мен етістіктің арасындағы категория.
Үнділіктердің сөздерді алғашқы (первнчное) элементтерге бөлу принципі бойынша, тексті зерттеп талдаған кезде олардың мағына және форма жағынан ұқсас жақтары белгіленеді. Оларды салыстыра келгенде сөздің негізі және жалғаулары табылады.
Үнділіктер түбірге (негізге) етістік мағыналы сөздердің бәрін түйістіреді: оларша, түбір - бірінші – жай, екінші – сөз тудыратын, үшінші - сөз түрлендіретін болып үшке бөлінеді. Етістікке жасаған талдаулары сияқты есімдерге де ұқыпты түрде қарайды. Олар есімдерді 7 септікке бөледі: именительный, винительный орудийный, дательный, отложительный, родительный, местный.
Үнділіктерше фонетика морфологиямен бірге қарастырылады. Дегенмен, артикулятор, артикуляциялық орын, шұғыл (взрывной), фрикативтік — ызың, дауысты, дауыссыз т. б. с. с. ұғымдары туралы азды-көпті түсінік бар.
Үнділіктерде дыбыстарды суреттеу, бейнелеу физиологиялық принципке негізделген, олардың бір-бірімен үйлесуіне және бір-біріне ықпал етуіне баса назар аударылған.
Сөйтіп, «Үнділердің тіл білімінде қол жеткен табыстары мүлдем ерекше болды, тіл жөніндегі ғылымның мұндай биік шыңына Европада XIX ғасырға дейін көтеріле алған жоқ еді,— соның өзіне үнділерден көп нәрсені үйреніп барып жетті».
Ертедегі Грецияда тіл білімі мәселелерін зерттеу мүлде басқа бағытта дамыды. Егер ертедегі Индияда тіл құбылыстарын зерттеу эмпиризмдік (тәжірибеге ғана негізделген) тұрғыда қаралса, ертедегі Грецияда тіл мәселелері философиялық көзқарасқа байланысты болды. Сондықтан тіл білімі мәселелерін, негізінен, философтар ғана зерттеп, тіл турал жайт философиялық мәселелердің құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Тіл білімі мәселелерін философиялық тұрғыдан зерттеу Александрия мектебінің қалыптасуына дейін созылды. Александрия мектебінің қалыптасуына байланысты тіл білімі, дәлірек айтатын болсақ, грамматика өз алдына жеке пән ретінде танылды.
Грецияда сөз, зат және олардың атауларының арасындағы қарым-қатынас көптеген ғасырлар бойы екі топқа бөлінген философтардың дау-тартысына айналды. Бұл тартыстың мәні — сөз заттарға, олардың табиғи ерекшеліктеріне қарай беріле ме немесе сөз бен заттың арасындағы қарым-қатынас, байланыс заң, дәстүр бойынша белгілене ме деген еді. Бұл тартысқа әр түрлі көзқарастағы ғалымдар — әйгілі Гераклит (э. д. 540-480 ж.), Демокрит (э. д. 460-371 ж.). Протагор (э. д. 480-410 ж.), Эпикур (э. д. 342-270 ж.) т.б қатысты. Бұл проблемаға Платонның (эд. 427-347 ж.) белгілі «Кратил» атты диалогы себеп болды. Диалогта екі көзкарастан дәлелдемелер келтірілді. «Табиғи турғыдан дұрыс» тіл ндеяда ғана болуы мүмкін екені туралы айтыс болды.
Тіл бөлшектерін топтастырудың логнкалық негізін салушы — «Поэтика» авторы Аристотель: «Во всяком словесном bзложении есть следующие части: элемент, слог, союз, имя, глагол, член, падеж, предложение»,—деп жазған.
Аристотельдің пікірінше, элемент — бөлшектеуге келмейтін дыбыс, бірақ түсінуге болатын сөз жасан алатын дыбыс. Яғни Артистотельше, мүше — сөйлемнің басының, соңының немесе оның (сөйлемнің) бөлшектенуінің көрсеткіші. Бірақ олар жеке тұрғанда дербес мағынаға ие бола алмайды. (Аристотель жеке дыбыстарды да, буындарды да, сөздерді де, тіпті сөйлемді де дыбыс деп атайды).
Аристотельше союз (жалғаулық)—бірнеше дыбыстардан дербес мағынасы бар сөз тудыруға мүмкіндік туғызбайтын немесе оған бөгет келтірмейтін дербес мағынаға ие бола алмайтын дыбыстар. Ғалым олардың қатарына есімдік, артиклдерді де жатқызады. Ол сөйлемнің басында, егер сөйлемнің басына коюға мүмкіншілік жоқ болса, сөйлемнің ортасына келтіріледі.
Бір дұрысы — Артистотель ұғымынша, негізгі сөз таптары есім сөздер мен етістік.
Оның пікірінше, есім — шақты көрсетпейтін, дербес мағыналы дыбыс. Етістік — шақты көрсететін дербес мағыналы дыбыс. Мысалы, адам немесе аң шақты көрсетпейді, ал келе жатыр немесе келді — қосымша мағынаға ие. Етістік пен есімдердің септігі болады. Есімдер мужской, женский және олардың арсында тұратын средний родтарға бөлінеді. Сөйлем — жеке мағынаға ие құранды дыбыстар, олардың құранды бөлшектері де, дербес мағынаға ие бола алады.
Аристотель өзінің «Риторикасында» сөз таптарын үшке — есімдер, етістіктер, жалғаулықтарға бөледі. Егер етістік пен есімдер дербес мағынаға ие болса, жалғаулықтар сөйлемде белгілі грамматикалық функцияларды атқарады, бірақ дербес мағынаға ие бола алмайды.
Тілдік категорияны ары қарай зерттеген — стоиктер. Олар сөз таптарын беске — етістік, жалғаулық, мүше, жалқы (потеп пгоргіит)және жалпы деп бөлді. Аристотель жалғаулықтар дербес мағынаға ие бола алмайды деп тұжырымдап еді, ал стоиктер сөз таптары түгел дерлік мәнді деп қорытындылады. Олар септіктерді тура және жанама деп бөлді. Септіктер атауларын қалыптастырған — стоиктер. Олар (септік атулары) көптеген тілде қолдана бастады. саsиsrесtиs — именительнын падеж — прямой, естественный падеж
genetivus — роднтельный падеж
dativus — дательный падеж
Vocativus — винительный падеж
Vocativus — звательный падеж
авlativus — отложительный падеж
Стоиктер философтардың сөз табиғи ма немесе шартты ма деген таласына кірісіп, сөз деген — табиғи, сөздер — өздері белгілейтін заттардың табиғатының көрсеткіші деп түйді. Бірақ олар сөздің шын мағынасын, табиғи ерекшелігін зерттей түсу керек деген талап қойды. Бұл талап кейіннен этимологияның — сөздің шын мағынасы туралы ілімнің тууына алып келіп соқты.
Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VII—XII ғасырлар) шарықтап дамыды. Арабтарда тіл туралы ғылымның дамуына себеп болған нәрсе, ертедегі Индиядағы сияқты, діни тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің айтарлықтай алшақтай бастауынан болуы керек.
Бұған қоса, мұсылман дінінің әсері де ерекше болды. Арабтар көрші елдерді өзіне қаратып, ислам дінің найзаның ұшымен, білектің күшімен таратып отырды. Ал ислам дінінің құралы — құран. Оны басқа ел адамдарына үйретіп, оқыту үшін де тіл ғылыми дамыту керек болды.
Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілін диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болды.
Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, коптылар, бербелер, вестготтар, түркі т. б. халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты.
Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Евфрат пен Тигр бойындағы Баср жәнс Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп — екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі-түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи (өз ұлты — парсы) «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ерте- деп поэзиядан алынған. Кейінгілер бұл еңбекті әлденеше рет өңдеп толықтырды.
Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі — олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөздің жазылуы мен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды.
Дыбыстарды физиологиялық тұрғыдан баяндап, олардың төрт түрлі ерекшелігін атады: 1. Дауысты және дауыссыз дыбыстар; 2. Қысылыңқы және қысыңқы емес дыбыстар (напряженные и ненапряженные звуки); 3. Жабық жоне ашық дыбыстар; 4. «Көтеріңкі» және «көтеріңкі емес» дыбыстар.
Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған орай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, частицалар деп үшке бөледі.
Арабтар үш дауыссыз дыбыстан құралатын түбірлердің сырын айқындады. Бұл жайт — семит тілдеріне гана тән құбылыс. Олар түбірдегі флексия мен аффикстік тәсілдің маңызын байқай білді.
Араб мамандары баска да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген болған жоқ.
Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды.
Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті. Мәселен, семсер (меч) сөзінің 500 синонимін, арыстан (лев) сөзінің 500 синонимін, түйе (верблюд) сөзінің ,1000 синонимін табады. Бұл, шын мәнінде, тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші.
X ғасыр филологы Хамза аль Исфахани бәле («қырсық», «бақытсыздық» (беда) дегеи сөздің 400 синонимін таба отырып, «бәленің аты да бәле екен»...— депті.
Ежелгі замандағы түркі тілдес халықтардың орталық қаласы Отырарда туып, кейінірек есімі күллі әлемге мәшһүр болған ғұлама ғалым, дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы (Аристотельден кейінгі) атанған Әбу Наср Мухаммед ибн Тархан әл-Фараби (870—950 жылдар) өзге ғылым салаларымен бірге тіл білімінің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген.
Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» («Ихса алулум») деген бес бөлімнен тұратын ғажайып еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы — тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Сонымен Фарабидің жоғарыда аталған еңбегінің алғашқы бөлімі «Тіл туралы ғылым» деп аталады. Сан алуан ғылым салаларын қамтитын бұл күрделі зерттеудің беташар бөлімін ұлы ұстаздың тіл біліміне арнауы кездейсоқ жайт болмаса керек. Мұның өзі тілдің адамзат қоғамындағы ролі мен қызметінен туындайтын биік баға ғой деп ойлаймыз.
Фараби сонау орта ғасырда-ақ тіл мен ойлау арасындағы тығыз байланыс туралы, сөздік қор мен сөздік құрам жөнінде, негізгі грамматикалық категориялар жайында аса құнды пікірлер айтып, батыл болжамдар жасаған екен. Тіл — жеке сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа (яғни канонға) құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы екенін ол сол кезде-ақ айқын көре білген. Фарабидің бұдан сан ғасырлар бұрын жалаң сөз бен күрделі сөздің морфологиялық құрылымы хақында айтқан ғылыми пікірлеріне бүгінгі зерттеушілер әрі таңырқап, әрі тамсанып қарайды.
Әл-Фарабидің орфография, пунктуация, орфоэпия яғни сөздерді дұрыс жазу ережелері, тыныс белгілерін қоюдың негізгі қағидалары, сондай-ақ жеке сөздерді, сөз тіркестерін әдеби тілдің әдеби орныққан нормасына сәйкес дұрыс сөйлеу жөніндегі құнды пікірлері жалпы тіл білімнің теориясын да, практикасын да байыта түсуге қосылған зор үлес болды. Әсіресе, дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы, түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуы жөніндегі ойлары грек және араб тілдеріне ғана емес басқа тілдердің грамматикасына да қатысты еді.
Ұлы ғалымның бұл еңбегінің соңында поэтика мәселесі, өлең құрылысы тіл біліміне тікелей қатысты түрде сөз болады. Мәселен, өлең. құрылысы — ырғақ яки ритм, ұйқас немесе рнфма, өлең жүйесі, буын саны, екпін, т. б. жөніндегі зерттеулері тіл біліміне де, әдеби теориясына да зор үлес болып қосылды.
Араб филологтары сөздік жасау ісіне де көп үлес қосты. Мәселен, Фирузабади ,(1329—1414) деген кісі, бір мәліметтерге қарағанда, 60 том, енді бір деректерге қарағанда, 100 томдық сөздік жасапты. Бұл ғалым осы сөздік негізінде Екінші бір «Камус» (мұхит) атты сөздік те жасаған деседі. Бірақ бұл сөздіктер өкінішке орай сақталмаған.
XI ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол — «Диуану луғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») — орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ он мыңнан астам төл сөз және жеке ру-тайпаларға тән көптеген жергілікті сөздерді қамтыған, өз дәуіріндегі түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түркіше-арабша сөздігі. Бұл сөздікті ұлы филолог, энциклопедист, ғалым, белгілі саяхатшы Махмұд ибн-ул Хусайын ибн Мұхаммадил хижра бойынша 469 жылы (жаңаша 1073 жылы) жазып бітірген.
Осындай тіл білімі үшін аса маңызды ежелгі тілдік ескерткіштердің бірі-«Кодекс Куманикус» («Кумаи- дардың кітабы») екені мәлім. «Кодекс Куманикус»— ежелгі латын сөзі, ал мән-мағынасы қыпшақ тілінің сөздігі немесе қыпшақ тілі туралы жинақ. Екі бөлімнен тұратын осы еңбектің бірінші бөлімі сөздік. Бұл өзі латын — парсы — қыпшақ тілдерінің сөздігі. Ал, екінші бөлімінде қыпшақ тілінің ережелері мен грамматикасынан біраз мәлімет береді. Қыпшақ сөздігінің тілдік мән-жайын совет ғалымдардың тарапынан зерттеушілер ішінен Әмір Нәжіп пен Әбжан Құрышжанов еңбектерін ғылыми жұртшылық жақсы қабылдады. Әсіресе, Ә. Кұрышжанов көне қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеу саласында едәуір істер тындырды (Формы и значения падежей в языке «Кодекс Команикус», автореферат канд. дис. А., 1956, Исследование по лексике старокып- чакского письменного памятника XIII в. «Тюркско-арабского словаря» (А., 1970, и др.).
Қазіргі қазақ тілінің тарихын зерттеуде Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады. Міне, сол кезеңдегі сөз үлгілерінің тууын, сөздердің морфологиялық құрылымын тілші Арсен Ибатов көптен бері зерттеп келеді (Құтыбтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. «Ғылым», 1974, Сөздің морфологиялық құрылымы (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштердің тілі негізінде, «Ғылым», 1983).
Ұзақ жылдар бойы ұлы Абай шығармаларының тілін жан-жақты зерттеп бұл салада едәуір жемісті еңбек етіп келген белгілі ғалым Рабиға Сыздықова соңғы кезде көне тарихи туындылардың тілін зерттеу ісіне де мол үлес қосып келеді. Әсіресе, оның Қадырғали Қосынұлы Жалаиридың «Жами ат тауарих» сияқты күрделі еңбегін тілдік тұрғыдан зерттей бастағанын қуанышты жайт деп білеміз.
Ал, қазақ халықының этникалық, тілдік жағынан қалыптаса бастаған XV ғасырдан бергі кезеңдегі тілдік құбылыстарды зерттеу ісі де соңғы кезде ғана шындап қолға алынып келеді. Бұл кездегі қазақ тілінің даму тарихын, тілдік процестерді, әсіресе, қазақ поэзиясының туындыларынан айқын көруге болады. Қазақ даласында ғасырларда ауызша туып, ауыздан ауызға көшкен жануарлар поэзиясы тілінің лексикасын, әр алуан фразеологиялық топтарын, грамматикалық формаларын, сөз үлгілерінің тууын тілші Құлмат Өмірәлиев жан-жақты зерттеп шықты (XV—XIX ғасырлардағы қа- зақ поэзиясының тілі, «Ғылым», 1976).
Қорыта айтқанда, қазақ тілінің тарихи грамматикасын, тарихи лексикологиясын, тарихи фонетикасын жасау, оны ғылыми жүйеге. салу ісі қазақ тіл білімінде бірте-бірте жүзеге асырылып келеді. Әзірше кейбір жеке мәселелерге, жеке шығармалар тілін зерттеуге арналған бір қатар еңбектер жарық көрді. Әйтсе де бұл саладағы ең басты, аса маңызды, көкейтесті міндеттерді шешуді енді ғана кең көлемде қолға ала бастадық деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет