Алматы «мектеп»


ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ



бет5/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, натуралистік бағыт әділ сынға алынып, оның қостаушылары күрт азая бастады. «Тіл — биологиялық организм, олай болса тіл білімі табиғаттану біліміне жатады» деген А. Шлейхер теориясы қатал сынға ұшырады. Бұл кезеңнің лингвистері тілді халық психологиясының айрықша көрінісі ретінде немесе жеке еңбек жан-дүниесінің ерекше механизмі ретінде қарауды талап ете бастады.
Тіл білімінде психологиялык бағыттың негізін калаушылар Германияда Гейман Штейнталь (1823-^-1890), Россияда А. А. Потебня (1835—1891) болды.
Г. Штейнталь тілдің мәніне биологиялық тұрғыдан қарау пікірінен біржола қол үзеді. Ол енді тіл дамуындағы барлық құбылыстар халықтардың түсінігімен байланысты, ал, тілдің өзі сол халық психологиясының көрінісі деген теория ұсынды.
Штейнтальдың негізгі идеялары немістің идеалист философы әрі ірі лингвисі Вильгельм Фон Гумбольдтың (1767—1835)" тікелей әсерімен дамыды. В. Гумбольдт Ф. Бопп және Я. Гриммдермеи замандас болған кісі. Алайда В. Гумбольдт өзінің лиигвистік көзкарасы жағынан Бопп пен Гриммдерден кейінгі дәуірдің өкілі. В. Фон Гумбольдт лингвистика саласында өзінің «Ява аралындағы Кави тілі туралы» деген кітабының авторы ретінде белгілі. Бұл еңбектің кіріспесі «Адам тілінің кұрылысындағы айырмашылықтар және оның адамзаттың дамуына тигізетін әсері» деп аталады Гумбольдт —Кант пен Фихтенің жолын қуушылардың бірі. Сондықтан Гумбольдтың тіл жөніндегі еңбектерінде сол философтардың әсері күшті болды.
Орыстың революционер-демократы Н. Г. Чернышевский (1828—1889) Гумбольдтың тіл біліміндегі идеяларыңың белгілі бір дәрежеде құндылығы бар екенін айта келіп, оның идеалистік тәсілі мен зерттеу шеңберінің тарлығын әділ сынға алған болатын. Н. Г. Чернышевскйй Гумбольдтын «тілдің құрылысы халықтың мәдениет дәрежесін көрсетеді» деген идеясына күйрете соққы берді.
Тіл мен халық арасындағы байланыс проблемасын В. Г. Белинскийді де өте қызықтыратын. Орыс лингвистикасы революционер-демократтардың алдында борышты, өйткені тілдің мәніне натуралистік, нәсілдік тұрғыдан баға берген шетел тіл білімі Россияда өзіне кең қолдау таба алмады. Оған орыстың революционер-демократтарының әдебиеттану, фольклор, философия жөніндегі енбектері, рецензиялары, тіл жөніндегі шығармалары тікелей әсер етті. Олар өз енбектерінде әрқатттан да тілдің халықтық сипатын ерекше атап отырды. Әсіресе, тілдің ұлттық, бүкілхалықтық игілік екендігін тілдің грамматикалык құрылысы қандай болған жағдайда да ой мен қарым-қатынас құралы екендігін баса көрсетті.
Россиядағы психологиялық бағыттың негізін салушы А. А. Потебня болды дедік. Потебня 1862 жылы ,Ой және тіл» деген өзінің әйгілі еңбегін жарыққа шығарды Ол өзінің көзқарастары бойынша Гумбольдт, әсіресе Г.Штейнталь идеяларына біршама жақындап келеді. Дегенмен, А. А. Потебня көтерілген мәселелерге өзінше трактовка беріп, оны өзінше шешеді. Өз зерттеулерінде А.Потебня ішкі форма теориясының түрлі варианттарын аса жауапты проблема етіп алады. Бұл варианттардын. ішінде көбірек тарап, белгілі болғаны — сөздің ішкі формасына берілген анықтама. Бұл анықтама бойынша, тілдің ішкі формасы — оның тілден тыс мағынасын қарау тәсілі. А. А. Потебня «бәйшешек» сөзін мысалға келтіреді. Осы сөзді талдай отырып, ол мынадай қорытындыға келеді: Орыс адамының психологиясындағы бәйшешек (подснежник) жөніндегі түсінік —осы гүлдің тек бір сапасымен ғана байланысты, атап айтқанда, оның әлі толык еріп болмаған қар астынан өсіп шығуы туралы уғым. Осы гүлдің тілден тыс касиеті туралы ұғым —«бәйшешек» сөзінің ішкі формасының негізі болады. Бұл жерде Потебня тілдің ішкі теориясы жөніндегі Гумбольдттік семисиологияны одан әрі дамыта түседі. А. А. Потебня сөздің ішкі формасы деген терминге анықтама беріп, сөздерді екі топқа бөледі: Ішкі формасы бар сөздер және өзінің ішкі формасын жоғалтқан сөздер. Потебня өзінің ішкі бормасынан айрылған сөздердің жаңа қасиеттерге ие болатындығына назар аударады. Мұндай сөздер баска бір зат жөнінде түсінік берілгенде, өздері контексте ішкі форма болып туруы мүмкін. Потебня сөздің көп мағыналығын мойындамайды. Ол сөздің әрбір жатта мағынасын жаңа сөз түрінде қарайды. Потебня өзінің ішкі форма теориясының варианттарын дамыта отырып, тілдің дамуын ішкі форманың дамуы ретінде қарады. Ол сөз деген ұғымға лексикалық единицаларды ғана жатқызбайды. Ғалым сөз деген ұғымға префикстерді, суффикстерді, сөз түрлендіретін әрбір жана реңкті, жаңа грамматикалық формаларды да қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет