Алматы «мектеп»


КОПЕНГАГЕН (ГЛОССЕМАТИКА) МЕҚТЕБІ



бет9/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

КОПЕНГАГЕН (ГЛОССЕМАТИКА) МЕҚТЕБІ
Данияда прагалық лингвистердің тікелей ықпалымен 1931 жылы Копенгаген лингвистикалық үйірмесі құрылады. Ол үйірме өкілдері алғашқыда прагалық лингвистердің теориялық көзқарастарын толық қуаттады. Алайда, көп ұзамай Даниялық лингвистердің еңбектерінде өзіндік ерекшеліктер пайда бола бастады. Бұл өзіндік ерекшелік Дания структурализмін тіл білімін жеке мектеп ретінде тануға себепкер болды.
Дания структуралық бағытының, яки Копенгагеп мектебінің іргесін қалаушылар роман және жалпы тіл білімнің маманы Вигго Брёндаль (1887—1942) мен Копенгаген университеті философия факультетінің жанындағы лингвистика және фонетика институтының директоры, салыстырмалы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор Луи.Ельмслев (1899—1965). Бұлар 1939 жылы өздерінің лингвистикалық жұмыстарының программасын жариялады. 1948 жылы В. Брёндаль қайтыс болған соң оның «Жалпы тіл білімінің очеркі» атты негізгі еңбегі жарыққа шығады. Бұл еңбекте Копенгаген структурализмінің негізгі принциптері баяндалады. В. Брёндаль осы және басқа бірнеше еңбектерінде лингвистикалық проблемаларды шешуде психологизмнен біржола қол үзіп, немістің идеалист-философы, филосологикалық жүйесіне ауысады. Гуссерльдің теориясы бойынша, логика — психологиямен де, қоғаммен де ешқандай байланысы жоқ ғылым, логика тек қана абсолюттік шындықпен байланысты. Оның пікірі бойынша, логика осы абсолюттік шындықты немесе құбылыс мәнін бейнелеумен шұғылдануға тиіс. Ал абсолюттік шындық немесе құбылыс мәні психологиялық та, физикалық та реалдық емес, олар мәңгі бақи өмір сүретін ешнәрсеге тәуелсіз идея болып келеді.
Егер Ф де Соссюр тілдің структурасын, (описаиие) бейнелеу принциптерін белгілесе, Копенгаген структуралистері тілдерді структуралы-суреттеме (описательная) тұрғыдан зерттеуді мақсат етті, олар тілдерді структуралық бірлік ретінде зерттеп, «априорльт» және «түсініктеме» (понятийная) грамматикалары мың ерекшеліктерін белгіледі. Копенгаген мектебі прага лингвистикалық мектебіне қарама-қарсы өзінің бар ынта-жігерін кез келген тілдің структуралық негізіне сай келетін априорлы универсалды грамматика жасауға жұмсады.
Структуралистердің жалпы грамматикасы барлық халықтар мен дәуірлерге міндетті логикалық немесе түсініктеме (понятийная) категорияларын белгілейді, өйткені «коллективті сапа» — мәңгі бақи өмір сүретін рационалды принциптердің сомасы, ал ол әрбір нақтылы тіл жүйесінің негізін құрайды. Осы қағида бойынша жалпы грамматика болуы мүмкін. Ол сөз таптарының минимумін және максимумін, септіктердің қатынасын, сөйлемнің логикалық бөлшектену формаларын белгілеуге тиісті. Априорлы жалпы грамматиканың мақсаты — мәңгі және өзгермейтін категорияларды анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет