Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет24/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130
Сөздердің грамматикалық мағынасы
Сөз семантикасы туралы сөз болғанда, ен алдымен, оның лек- 
сикалық мағынасы ойымызда болатындығы анық. Бірақ бүл лек* 
сикалық мағына сөздің бірден бір мағынасы, басқа мағына бол­
майды деген сөз емес. Сөздін мағына құрамында лексикалық 
мағынамен бірге грамматикалық мағынаның да болатындығы 
анық. Бұл екі мағына бір сөздің бойынан табылғанымен, екеуі 
бір түрлі қызмет атқармайды. Лексикалық мағына грамматика- 
лык мағынаға қарағанда жетекші қызмет аткарады да объектив 
дүниедегі заттармен, күбылыстармен байланысып жатады. Лек- 
сикалық мағына дербес, басқа сөздердің мағынасына байланыс- 
пай-ақ өмір сүретін болса, грамматикалық мағына лексикалык 
мағынамен байланыспай өмір сүре алмайды, сөйлем қүрамында 
ғана анық бой көрсетіп, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бай- 
ланыстырады не олардың байланысуына себепші болып дәнекср-
46


лік қызмет атқарады. Сондықтан да сөз мағынасы дегенде лекси- 
калық мағынаны көз алдымызға келтіруіміз заңды. Нақ осы 
негізде, жай көзбен қарағанда, сөздің лексикалық мағынасы 
грамматикалық мағынамен байланыспай-ақ, оған сүйенбей-ақ 
өмір сүретіндей көрінеді. Ал грамматикалық мағына болса, объ­
ектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланыспайтындай, 
тек сөйлем құрамында ғана пайда болатындай көрінеді. Шынды- 
ғында да лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да 
бір-бірімен өте тығыз байланыста болатын, екеуі де объектив 
дүниемен байланысып жататын 
құбылыстар. Айырмашылығы 
сол — лексикалық мағына объектив дүниедегі заттардың адам 
санасындағы дерексізденген бейнесімен тікелей байланысып жат- 
са, грамматикалық мағына объектив дүниедегі заттар мен кұбы- 
лыстардың бейнесімен сатылай байланысады, тілдік заңдылық- 
тарға негізделе отырып лексикалық мағыналардың көмегімені 
ғана байланысады.
Грамматикалық мағынаның табиғатын анықтауда ғалымдар 
әлі бір шешімге келе алған жоқ. Қазірше тіл білімінде даусыз, 
көпшілік құптаған нәрсе—грамматикалық мағыналардың грам- 
матикалық формалар арқылы берілетіндігі, оның бір сөзге емес 
белгілі бір сөз табына тән болатындығы. Ал грамматикалық ма- 
ғыналардың басқа мәселелерінде айтылған пікірлер арасында ал- 
шақтық, қарама-қарсылықтар бар. Мысалы, сөздердің барлығы 
бірдей лексикалық және грамматикалық мағыналарға ие болуы 
шарт па? Жоқ әлде лексикалық мағынаға ғана ие болып, грамма- 
тикалық мағынаға ие болмайтын сөздер де бар ма? Не керісінше, 
тек грамматикалық мағынаға ғана ие болған, лексикалық мағы- 
насы жоқ болатын сөздер кездесе ме деген сияқты сұраулардық 
жауабы барлық кезде де бір ізді бола бермейді. Тіпті лексикалық 
мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынаға ғана ие болатык 
сөздер бар деушілер де кездеседі. Мысалы, түрколог ғалымдар- 
дын біразы көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ, оларда 
тек грамматикалық мағына ғана бар деген тезисті ұсынады.
Көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деу үстіміздегг 
ғасырдың алпысыншы не жетпісінші жылдардың жемісі емес. 
Октябрь революциясына дейінгі дәуірлерде өмір сүрген орыс тіл- 
шілерінің еңбектерінде де көмекші сөздерде лексикалық мағына 
жок деген пікірді кездестіруге болады. Мысалы, Ф. Ф. Фортунатов 
сөздерді 
«полные»
және 
«частичные»
деп екіге бөледі де, 
«частич­
ные»
деген сөздердің бірінші топтан айырмасы жеке мағынаға ие 
болмауында деп есептейді (Фортунатов-1, 169) *. Автор пікірін 
ары қарай жалғастыра отырып, көмекші сөздерді күрделі сөздер- 
дің бір элементі деп те қараған. Еңбегінің басқа бір жерінде кө- 
мекші сөздерді сөз деп санаған кездерін де кездестіруге болады. 
Салыстырыңыз: «Басқа дыбыстардан ажыратылып, белгілі бір 
мағынамен байланысқан кез келген дыбыс—сөз. Мысалы, орыс 
тілінде кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет