Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет25/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130
а
— сөз, себебі бұл дыбыс бізде белгілі бір 
мағына білдіреді (союз 
а
)»,— деген болатын (Фортунатов-1, 132). 
Ф. Фортунатовтың көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ,
47


грамматикалық мағына ғана бар деген пікірін A. М. Пешковский 
ары қарай дамытып, тілде мағынасыз таза формадан ғана тура- 
тын сөздер де болады деген пікірге келеді. (Пешковский 56). Бір 
ескерте кететін жағдай сол — А. Пешковский сөздерді формалы жә- 
не формасыз сөздер деп екіге бөледі. Эрине формалы, формасыз 
сөз термині тіл білімінде онша дами қоймаған. Біздің пікіріміз- 
ше формасыз, грамматикалық жақтан формаланбаған сөз бол- 
майды, бірақ грамматикалық форма қабылдамайтын да сөздер 
бар. Мысалы, түркі тілдеріндегі шылау сөздер қосымша қабыл- 
дап, белгілі бір парадигма бойынша түрленбейді, демек грамма- 
тикалық форма қабылдамайды. Бұдан шылаулар грамматикалық 
жақтан тұлғаланбаған сөз деген қорытындыға келуге болмайды. 
Кез келген сөз грамматикалық жақтан тұлғаланбаған, граммати- 
калық заңдылыққа түспеген, белгілі бір тілдің грамматикалық 
заңдылығы бойынша қалыптаспаған болады деудің өзі бекер. 
«Орыс тілінде формасыз сөз жоқ, себебі кез келген сөздің лекси- 
калық мағынасы әйтеуір бір грамматикалық категорияға негіз- 
деледі. Сондықтан да грамматикалық мағына сөздердің мағына 
құрамына енеді де сөйлеу процесінде көрінеді»,— деп жазған бо- 
латын В. В. Виноградов (Виноградов 72, 34) *.
А. 
А. Реформатский грамматикалық мағына берудің бір жолы 
ретінде «бос сөздерді» көрсеткен (А. А. Реформатскийдің термині 
бойынша «пустые слова»). Эрине, бұл жерде «бос сөз» терминін 
түсіндіру де керек сияқты. Онық үстіне «бос сөз» терминіне бе- 
рілген анықтама да жоқ. Дегенмен, кітапта берілген мысалдарға 
қарай отырып, түркі тілдеріндегі 
еркек, қыз
сөздері (erkek kedi, 
disi kedi) бос сөз қызметін атқарады деген пікіріне көз жеткізуге 
болады (Реформатский 67, 302) *. Оқулықта автор өз пікірін 
дәлелдеу үшін ағылшын, араб және қытай тілдерінен де мысалдар 
берген. Біз олар туралы сөз еткіміз жоқ. Себебі белгілі бір тілде 
лексикалық мағына деп жүрген мағына екінші бір тілде грамма- 
тикалық мағынаның аясына енетіндігі, не керісінше, бір тілде 
грамматикалық мағына болып саналатын мағына екіпші бір тіл- 
де лексикалық мағына аясына енетіндігі аян. Сондықтан да біз 
басқа тіл материалдарын қазақ тілі заңдылықтарын дәлелдеу 
үшін тілге тиек етпек емеспіз. Түркі тілдерінің грамматикалық 
категориялары да, лексико-грамматикалық категориялары да ка­
зак тілінің грамматикалык, лексико-грамматикалык категорияла- 
рымен сәйкес келетін туыстас тілдер, казак тілінде жыныстык 
(род) белгіні көрсету үшін 
ұрғаиіы
(ұрғашы токты), 
еркек
(еркек 
бұзау), 
үл
(ұл бала), 
қыз
(кыз бала), 
қаниіық
(каншык каскыр), 
мегежін
(шошканың үрғашысы); жас мөлшерін білдіру үшін (кей- 
де еркелету мағынасы да болады) 
бала
(бала мысык), 
ата
(ата 
қаз, ата қораз) 
шөже
(шөже кораз), 
қозы
(козы кошкар) сиякты 
сөздердің колданылатындығы анык. Сирек болса да зат есімдер- 
дің кейбіріне (әсіресе адам аттарына) арнайы косымшалар косы- 
лып келіп те жыныстык мағынаны білдіретіндей көрінеді. Салыс- 
тырыңыз: 
Сәлім
(ер адамныц аты) — 
Сәлима
(әйелдің аты), 
Әди-
Әдия, қүда-қүдағи, мүғалім-мүғалима, қүнан-қүнажын. дөнен-дөне-
48


жін
т. б. Бірақ бұдан біз түркі тілдерінде жыныстық категория 
бар деген тезисті қолдап отырғанымыз жоқ. Сондай-ақ олар басы 
артық элементтер де емес. Кейде түркі тілдерінде бір топ сөздер 
сөйлем қүрамына келіп сөздер мен сөздерді байланыстырып тура- 
тын (басқа жағдайда дербес лексикалық мағынасы бар) қызмет 
те атқарады. Салыстырыңыздар: қазақ тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет