Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет40/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130
Жақсы жігіт белгісі, Түзде мырза, үйде
құл
(Шешендік сөздер). 
Жат елдің алдында жақсы елдің баласы
қүсап түрыңдар
(Шешендік сөздер). 
Жақсы сөз
— 
жан азығы
(Мақал).
7
/


Жол-жөнекей ескерте кетерлік жағдай мынау: денотат, десиг­
нат, референт терминдерінің мағыналарында айырмашылық болса 
да, олар көбінше синоним ретінде бірінің орнында екіншісі колда- 
ныла береді. Тек арнайы зерттеу объектісі етіп алғанда ғана де­
нотат пен референт арасындағы айырмашылыктар есепке алына- 
ды (Новое 82) *. Егер бұл терминдерді семантикалық үш бұрышқа 
салатын болсақ, олар Д бұрышынан орын алған болар еді. Демек 
А бұрышы сөздін дыбысталынуы (материалдык жағы), В бұры- 
шында мағына (сигнификат не ұғыммен байланысатын элемент- 
тері), Д бұрышында денотат (объектив дүниедегі заттар мен 
кұ-
былыстар) жатады. Жоғарыда біз денотаттық мағына таным 
геориясымен байланысты анықталатындығын ескерткен болатын- 
быз. Шындығында да осы денотаттық мағына бөлшегі аркылы 
сөз объектив дүниемен байланысуы керек. Ол үшін объектив дү- 
ние адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызуы керек. В. И. Ленин 
«Түйсік дегеніміз — қозғалушы материяның бейнесі. Түйсік аркы­
лы болмаса, біз баска жолмен заттың ешкандай формалары тура- 
лы да, козғалыстың ешкандай формалары туралы да ештеңе біле 
алмаймыз, түйсіктер козғалушы материяның біздегі сезім мүше- 
леріне эсер етуінен туады»,— деп жазған болатын (Ленин, 18,
344) *.
Түйсік дегеніміз объектив дүниедегі заттардың не олардын. 
түрлі касиеттері мен белгілерінің адамның сезім мүшелері аркы­
лы бейнеленуін айтамыз (Общая 77, 229) *. Бейне түсінігін әр 
түрлі түсіндіруге болады. Бірак түйсік аркылы объектив дүниені 
бейнелеуді көркем әдебиеттердегі объектив дүниені бейнелеумен 
салыстырып болмайды. Себебі көркем әдебиеттегі бейне жинақ- 
тық, белгілі бір көзкараска (не жазушынын максатына байла­
нысты) бейімделсе, таным процесіндегі бейне тікелей объектив 
дүниедегі заттардың касиетіне (түсіне, дәміне, формасына, жаса- 
лынған материялына, белгілі бір кеністіктердегі орнына т. б.) 
тікелей сүйенген бейне. Затты танып-білу үшін оны сөзсіз сезінуі- 
міз керек. Басқаша айтканда заттардын түрлі формасы. түсі, 
дәмі, исі, т. б. адамның сезім мүшесіне ыкпал жасай, жүйке 
тамырларын тітіркендіреді. Айталық заттың түсі, формасы көзге
дәмі тілге, исі мүрынға түйсік туғызады, тітіркендіреді. Осы түй- 
сіктер дүниені танудағы алғашқы сигналдар болып танылады. 
Дүниені танудың баска жолы жоқ. «Таным теориясының бірінші 
кағидасы біздің біліміміздің бірден-бір қайнар көзі түйсіктер 
болып табылады дегсн дүрыс кағида екендігі даусыз» (Ленин 18, 
134). Бұл кағиданың дүрыс екендігін психологтар да дәлелдеген 
болатын.
Заттардың барлык касиеттері адамның жуйке тамырларына 
бірдей эсер етіп, түисік туғыза бермейді. Сонымен бірге заттар- 
дык барлык қаснеті (туйсік туғызатын) бір сезім мушесі аркылы 
кабылдана бермеид,. Сезімдер кабылдайтын сеэім мүшелевінік 
түрлеріне карай бірнеше түрге бөлінеді. Мыеалы, көр\ ,Г', 
иіс білу, т. б. сезімдер адамнык көз, тіл. кулак, муЬын 
дене мүшелерімен байланысты болады. Психологтар ее3 
К
78


табиғатына қарай үш түрге бөледі. Бірінші топқа объектив дүние- 
дегі заттар мен құбылыстарды тікелей кабылдайтын бес түрлі 
сезімді: көру, есту, иіскеу, дәм және теріге байланысты сезімдерді 
қосады. Ал екінші топқа ішкі организмдермен 
(асқазан, өңеш, 
ішек) сезінуі байланысты сезінуді қосады. Үшінші топқа ауруды 
білдіру мен болжалды сезімді (дәлдікті) қосады (Крутецкий 80, 
109) *. Сезінудің көп түрінің болуы объектив дүниедегі заттар мен 
құбылыстардың көп қырлылық қасиетімен тікелей байланысты.
Сезіну тек адамдарға ғана емес, тірі жан-жануарлардың бар- 
лығына да тән. Олар арасындағы айырмашылық сол — біреуінің 
жалпылық, екіншісінің дифференциалдық, үшіншісінің үстіртін, 
төртіншісінің бір жақтылығымен, толық болмауымен ерекшеленіп 
жатады. Мысалы, қыран құстың көзі адамның көзінен ұзақтағыны 
көреді, иттің құлағы адам естімейтін дыбыстарды ести алады, т. б. 
Адамдардың дүниені сезіну, білу мүмкіндігі мол болғанымен, ай- 
наладағы дүние туралы білімі шектелінген, сондай-ақ сезім мү- 
шелерінің мүмкіншілігі де шексіз емес. Мысалы, адамның көзі
орта шамада, 380—770 миллимикрон ұзындықтағы толқын арқылы 
берілген түсті, құлағы болса — 16 мен 20000 діріл нәтижесінде 
пайда болған дыбысты қабылдау мүмкіндігі бар. Әрине маманда- 
нып жаттыққан құлақ (әншілер мен күйіііілердін.) пен көздің 
(суретшілер мен аңшылардың) мүмкіншіліктері басқаша болады.
Сезім мүшелері арқылы қабылданған түрлі информациялар 
мида анализ, синтез жасалынып, сол заттың түп нұсқасына жуық 
бейне жасалынады. Кейде сезім мүшелері арқылы алынған инфор­
мациялар заттың толық бейнесін жасауға жеткіліксіз болуы да 
мүмкін. Соңғы жағдайда адамның өмір тәжірибесі, білімі көмекке 
келеді. Қысқасы сезім мүшелері арқылы қабылданған информа­
циялар негізінде заттың, объектив дүниедегі түрлі құбылыстар 
мен қозғалыстардың субъектив бейнесінің жасалуына көмегі тие- 
ді. Осы субъектив бейне сөз мағынасы мен ұғымның негізін жа- 
сайтын элемент болып саналады. Әрине түйсік арқылы қабылдан- 
ған субъектив бейне мен объектив дүниедегі заттар, құбыльістар 
тең келмейді. Мысалы, заттың құрамында сезім мүшелеріне түй- 
сік туғызбайтын, бірақ басқа түрлі аппараттар арқылы анықтал- 
ған, қасиеттер де бар. Олар заттың құрамды элементтері болғаны- 
мен, субъектив бейне бола алмайды. Сондықтан да түйсік арқылы 
қабылданған бейне объектив дүниедегі заттарға өте жакын кө- 
шірме бейне бола алады. Сол зат туралы адамзаттьің түсінігі 
(білімі) қаншалықты көп болса, субъектив бейне де сол затқа 
жақын бола береді. Сол үшін де қарапайым адамдар үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет