бірақ ол заттың фото-көшірмесі бола алмайтындығы да анык.
Адамзат айналасындағы дүниені түйсініп қабылдағанда өзінің
ойының қызметі нәтижесінде өзіне түйсік берген заттардың түрлі
қасиеттерін де анықтайды, түйсікті
синтез жасағанда сол анық-
таған қасиеттерді де қосады. Мысалы, Ал.матының өзі қызыл,
иісті, үлкен алмасын көргенде, жемей тұрып-ақ оның дәмді екен-
дігін сеземіз. Осы түйсік аркылы қабылданған объектив дүниедегі
заттардың барлық белгілері, қасиеттері сөздердің лексикалық
мағынасының күрамына ену керек. Бірақ жоғарыда біз заттың
барлық белгісі, қасиеттері сөздің лексикалық мағынасының құра-
мына ене бермейтіндігін айтқан болатынбыз. Демек,
сөздің лек-
сикалық мағынасы біз туйсік арқылы қабылдаған заттар туралы
информацияның жиынтығы болмайды, тек сол мағынаны құрасты-
ратын элементтердің бірі болып саналады.
Семантикалық үш бұрышты талдаған ғалымдардың көпшілігі
Д бұрышын денотат деп атайды да, оны объектив дүниедегі зат-
тармен теңестіреді. Ал түйсік арқылы қабылданғанда заттардың
түрлі қасиеттері арасындағы бүтіндік жойылады да,
жеке-жеке
белгілерді береді, олардың бірі екіншісімен байланыспайды. Сон-
дықтан да М. Н. Руткеевич «Лениннің пікірінше түйсік объектив
заттың субъектив бейнесі» дей отырып, «Сезім заттың нақтылы
(зеркальный) бейнесі емес»,— деген қорытынды жасайды (Крат
кий 75, 570) *. Рас кейбір философтар бүл қағиданы қабылда-
майды. «Сезім мен оны тудыратын объектив дүние арасында қа-
тынастар бар, ол сезім мен объектив дүниедегі заттардың түрлі
қатынастарымен тең түсіп жататын қатьінастар»,— деушілер де
бар (Философский 75, 304) *. Біз де олардың аралығында
байла-
ныс
барлығын мойындаймыз, бірақ олар тең түсіп жататын, бірі
екіншісінің фото-көшірмесі не дәл түсетін көшірмесі деп түсінбей-
міз. Міне осы объектив дүниедегі заттар мен кұбылыстарға жа-
қын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін біз идеалды
(адам санасындағы) денотат деп атаймыз.
Идеалды денотат референт те, шын мағынасындағы зат та
емес. Референт болу үшін түйсік арқылы қабылданған информа
ция жалпылануы керек, ал денотат болу үшін объективтік қасиет-
ке ие болу керек. Сонымен, идеалды денотат тікелей жүйке та-
мырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация бо
лып саналады. Бұл жерде мынадай корытынды шығаруға тура
келеді. Сөздің лексикалық мағынасын объектив дүниемен байла-
ныстырып тұратын, мағыналарға негіз болатын осы идеалды дено
тат. Идеалды денотат сөздің лексикалық мағынасының құрамына
ену үшін жалпыланып өзінің нақтылық касиетінен қол үзуі керек.
Ал ой элементтерінін, түйсіктен басқаларының, барлығы да жал-
пылаушылық қасиетке ие.
Ойлау мидың қызметі негізінде іске асады. Ми — адамның
бас сүйегі ішінде орналасып, сыртқы дүниемен тікелей байланыс-
қа түсе алмайтын мүше. Оны сыртқы дүниемен
байланыстырып
түратын да адамдардын сезім мүшелері. Сезім мүшелері арқылы
қабылданған информациялар ойлау процесінің негізінде жатады.
80
Жалпы түйсік арқылы қабылданған объектив дүниедегі заттар-
дың жеке-дара информациясы (біздің терминімізше идеалды де
нотат) мидың қызметі арқылы мида талданады, жалпыланады.
Адам ойының фантазиясы, творчестволшқ күші де жан-жануар
дүниесінен дүниені танудағы айырмашылығы да нақ осы буында
байқалынады. Егер ұғымды заттар мен құбылыстардағы жалпы
қасиеттерді сәулелендіретін адам
ойының бір формасы дейтін
болсақ, бұл жалпылауды сөздің лексикалық (грамматикалық та)
мағынасының қүрамынан да табуға болады.
Сондықтан да
В. И. Ленин: «Сезімдер реалдықты көрсетеді, ой мен сөз жалпы-
ны көрсетеді»,— деген болатын (Ленин 29, 258) *.
Маркстік-лениндік дүние таным теориясы дүниені дұрыс та-
нып, білудің заңдылығын үйретеді. Әрине дүниені танып-білуде
шек жоқ. Заттардың табиғатын қаншалықты көп білсек, біздің
зат не құбылыстар туралы біліміміз кеңейіп,
заттарға жақындай
түсеміз. Нақ осындай сөз мағынасын қаншалықты терең талдап
түсіне берсек, ол туралы біліміміз кеңейіп, біліміміз арта бермек,
бірақ бұл соңына жеттік деген сөз емес. Сөз мағынасының бізге
құпия сыр болып жатқан жақтары да аз емес. Тіпті идеалды
денотаттар бойында да құпия сыр барлығын жоққа шығаруға
болмайды. Идеалды денотат ретінде сәулеленген заттың бейнесі-
нің өзі де сөздің лексикалық мағынасының
құрамына енбей қалуы
мүмкін. Мысалы, сөздердің тура (номинативтік) мағыналарынан
басқа мағыналарында денотаттың сақталынуы шарт емес. Салыс-
тырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: