Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Сөздердің лексикалық мағынасы
Семантика пән ретінде өзінің зерттеу объектісі етіп мағынаны 
алады. Бірақ мағына түсінігі де өте кең, бірнеше бағыттағы зерт- 
теуді талап ететіндігі анық. Ең алдымен, тіл элементтерінің бар- 
лығы да бірдей мағынаға ие бола алады ма деген сұрауға жауап 
беру керек сияқты. Себебі соңғы кезде тілдің барлық элементтері 
(дыбыстар да, морфемалар да, сөздер де, сөйлемдер де) мағына- 
мен байланысты болады деген пікір айтылып жүр (Гальперин 
74, 42) *. Егер тіл элементтерін тольіқ талдап қарайтын болсақ, 
жеке дыбыстардың мағына білдірмейтіндігін жоққа шығарып 
болмайды. Сонымен бірге одағайлар бір ғана дыбыстан жасалы- 
нып та мағынаға ие болатыны анық. Мысалы, — Е, бәрекелді, 
тілінің иіоғы, көңлінің оты бар ақын екен ғой... (Ел аузынан).— 
О, Омеке, шаруаңыз болса айта отырыңыз (Ел аузынан). Келті- 
рілген мысалдарымыздағы е мен о одағай сөздер (тек дыбыстар 
ғана емес), адамның көңіл күйімен байланысты эмоциялық мағы- 
на білдіріп тұр. Қазақ тілінде одағайлардан басқа бір дыбыстан 
жасалынған (О не зат) сөздер де бар. Бірақ бұл типтегі мағына 
білдіретін дыбыстарды жеке фонема деп санамастан, морфема 
деп санайтынымызды жоғарыда айтқан болатынбыз. Сонымен 
бірге қазіргі ғылыми өмірде дыбыстық символизмдерге байланыс­
ты да әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалы, А дыбысы қара 
түспен, И дыбысы ақ түспен, У дыбысын көкпен, О дыбысын жа- 
сыл түспен байланыстырып, түрлі мағына телініп жүр. Бірақ бұл 
мағыналар дыбыстың төл мағынасы болып саналмастан, оған 
таңылған, үстеме мағына болып есептелінеді.
Дыбыстардың 
мағынамен байланысы туралы сөз болғанда, 
әсіресе түркологиялық еңбектерде, еліктеуіш сөздердің құрамын- 
дағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. «Елік- 
теуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жі- 
ңішке болуы да мағынаға эсер ететіндігі байқалады»,— дегенде
А. Ысқақов осы дауысты дыбыстарды есепке алған (Ысқақов, 64, 
339) *. Егер байыптап қарайтын болсақ, еліктеуіш сөздердің құ- 
рамындағы дауысты дыбыстардың ашық не қысаң болып келуі де 
мағынаны ажыратады; түбір құрамында ашық дауысты Дыбыс 
келетін еліктеуіш сөздер білдіретін мағына амал-әрекеттің не 
дыбыстың күшті болғандығын, ал қысаң дауысты дыбысты елік- 
теуіш сөздер не тез орындалған амалды, не дыбысты білдіреді 
Салыстырыңыздар: тарс-түрс-тьірс, жалт етужылт ету тасыр- 
тұсыртысыр, шыңқ-иііңк, қаңқ ету, қыңқ ету, т. б’ Әрине 
еліктеуіш сөздердің мағынасын зат есімдердің, етістіктердің ма-
26


ғыналарымен салыстьіруға болмайды. Себебі зат есім, сын есім, 
етістік сияқты сөздер өздері атауы болған сөздермен тікелей 
мағыналық жақтан байланысты болмаса, еліктеуіш сөздерде он- 
дай байланыс бар (Юнусалиев, 59, 154—155) *. Сондыктан да 
олар өздері атауы болған түрлі дыбыстардың тура әрі толық 
көшірмесін беруге әрекет етеді. Еліктеуіш сөздердің құрамында- 
ғы дауысты дыбыстардың еншісіне мағына ажырату қызметін 
беру дауысты дыбыстың күші мен созылыңқылығына байланысты.
Тілдерде еліктеуіш сөздер қос сөз ретінде қолданылып, ашық 
және қысаң дауысты дыбысты түрлері қатар келетін кездері де 
өте көп кездеседі. Мысалы, тапыр-түпыр, сатыр-сүтыр, сарт-сүрт, 
баж-бүж, жарқ-жүрқ, тарс-түрс, т. б. Еліктеуіш сөздердің қосар- 
лама қос сөз және қайталама қос сөз ретінде қолданылуында да 
мағыналық айырмашылықтар бар. Салыстырыңыз: қазан бүрқ
сарқ қайнады, қазан. бүрқ-бүрқ қайнады. Бірінші мысалымызда 
қазан біркелкі қайнамастан, бірде қатты, бірде жай қайнағанды- 
ғын білдірсе, екінші мысалымызда қазанның біркелкі қайнаған- 
дығын білдіреді. Бірақ бұл айтылғандардан дыбыстар не сөздер 
мағынамен тікелей байланысты екен, бір дыбыс мағына өзгертеді 
екен деген пікірден аулақпыз. Еліктеуіш сөздердің құрамындағы 
дауысты дыбыстардың сөз сөздің білдіретін мағынасымен тікелей 
байланысы (белгілі мөлшерде) барлығын мойындасақ та, олар 
арасындағы байланыс негізі мүлде басқа табиғатпен, қасиетпен 
байланысты деп айта аламыз. Соңғы жағдай барлық сөздер ту- 
ралы пікір айтуға негіз бола алмайды.
Қазақ тілі (басқа түркі тілдерінің де) морфемаларының таби- 
ғаты индоевропа тілдері морфемаларының табиғатынан басқалау. 
Сондықтан олардың семантикалық қасиетінде, қолданылу заңды- 
лықтарында өздеріне тән өзгешеліктердің болатындығы сөзсіз. 
Мысалы, орыс тіл білімінде морфемаларға анықтама бергенде 
оның сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі екендігі және оның қай- 
таланып тұратындығы ескеріледі (СРЯ 81, 125) *. Қазақ тіл бі- 
лімінде де морфемаларға осы типтес анықтамалар беріледі. Бірақ 
орыс тілшілері морфема сөздің бір бөлшегі, тіпті түбір морфема- 
дар да сөзбен тең түсе алмайды деген пікірді қолдайды (Шан­
ский 81, 17—18) *. Ал түркі тілдерінде болса, түбір морфемалар 
сөзбен тең түсіп жатады да мағынамен байланысады. Әрине сөз 
мағынасын жалаң бір ғана лексикалық мағынамен шектеп тастау 
дұрыс болмайды. Ең алдымен ескеретін нәрсе сол — сөз лексика- 
лык категория ғана болып қалмай, лексико-грамматикалық кате­
гория болып саналады. Орыс тіліндегі түбір морфемалар да лек- 
сикалық мағына беруші, сөзге негіз болып саналатын морфема. 
Бірақ түркі тілдеріндегі морфемалардан айырмашылығы сол — 
орыс тіліндегі түбір морфемалар грамматикалық жақтан толық 
тұлғаланбайды, жеке тұрғанда мағына білдірмейді (Сопостави­
тельная 66, 8) *. Түркі тілдеріндегі түбір морфемалар (санаулы 
түбірлерден басқа) сөзбен тең түседі, делексикалық мағынаға ие 
болады, грамматикалық жақтан формаланған болуы сөзсіз. Сөз 
мағынасы дегенде көпшілік түркологтар осы түбір морфеманың
27


лексикалық не грамматикалық мағыналарын түсінеді. Сонымен 
бірге тіл білімінде сөз тіркесінің семантикасы, сөйлемнің семан- 
тикасы (кейде екеуін біріктіріп синтаксистік семантика деушілер 
де бар) деген түсінік те бар, бірақ олар сөз семантикасынан күр- 
делірек, басқашалау зерттеу методын талап етеді.
Сөз семантикасы 
(бұдан кейін семантика терминін мағына 
терминімен тең дәрежеде қолдана береміз) көне дәуірден бері 
келе жатқан, әр кезде тілшілер мен философтардың араларында 
талас тудырып жүрген күрделі мәселелер болып саналады. Ал- 
ғашқы семантикалық (сөз мағынасы туралы) пікір Яски мен Па- 
нинидің еңбектерінде кездескенімен күні бүгінге дейін зерттелуі, 
анықталуы қажет болған жақтары көгі екендігі анық. Тіпті тіл 
білімі тарихында семасиологиялық зерттеулер тарихы толық, 
зерттелінбегендіктен, кей ғалымдар, семасиология ғылым арена- 
сына XIX ғасырда ғана енді деушілер де бар (Аллендорф 65) *. 
Ғылыми негізде сөз мағынасына талдау жасау индоевропа тіл 
білімінде XIX ғасырда өмір сүрген тілшілер еңбектерінде кездес- 
се, түркологиялық зерттеулерде ол тек үстіміздегі ғасырдың 60- 
жылдарынан кейін ғана басталады. Қазіргі кезде семасиология 
кең көлемде түсініледі де бірнеше пәндердің (тіл білімі, филосо­
фия, психология, логика, кибернетика т. б.) түйіскен жерінде сөз 
болып, талданып жүр. Соңғы жағдай бір категорияны әр ғылым 
өкілдері түрліше түсінуіне, бірнеше бағыттағы қорытынды шыға- 
руына, бірнеше зерттеу, талдау методтарын қолдануына жағдай 
жасап жүр. Сондықтан да бір пәннің жетістігіне сүйеніп семасио- 
логияның өзекті мәселесін жан-жақты зерттеп, пікір айтуға бола- 
ды деу дұрыс болмайды.
Сөздін лексикалық мағынасының күрделі екендігін және олар- 
дың бірнеше майда бөлшектерден құралатындығын көгішілік ға- 
лымдарымыз мойындайды. Бірақ бұдан сөздің лексикалық мағы- 
насы түрлі мағыналық бөлшектердің арифметикалық қосындысы 
екен деген ұғым тумауы керек. Мысалы, кез келген сөз өзі атауы 
болған заттың не түрлі құбылыстың барлық қасиетін (тым бол- 
мағанда белгілі бір коғам мүшелеріне белгілі болған) толық 
камтуға 
әрекет етеді. Сондықтан да тауық дегенде екі аякты, 
үстін қауырсын қаптаған, екі қанатты (бірақ онша ұзап ұша ал- 
майтын) үй құсын түсінеміз. Оның түйе тауықтан, қаз бен үйрек- 
тен айырмашылығы да мағынада қамтылады. Ең жетілген, жақсы 
жазылған түсіндірме сөздіктерде де кез келген сөздің, лексикалық 
мағыналары толық берілмейтіндігі анық. Салыстырыңыз: қазақ 
тілінін түсіндірме сөздігінде тауық, сөзіне: «Қораз бен мекиен то- 
бынан 
құралатын үй құсы»,— деп анықтама берілген болса 
(КТТС 29, 56) *, өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде: «Еті мен жүні 
және жұмыртқасы үшін бағылатын ұрғашы үй құсы»,— деп анық- 
тама берілген 
(УТИЛ-2, 196) *. Ал татар тілініц түсіндірме 
сөздігінде болса: «Негізінен еті мен жұмыртқасы үшін бағылатын 
үй құсы»,— деген анықтама берілген (ТТАС-3, 13) *. Егер байып- 
тап қарайтын адам болса, жоғарыда санап өтілген анықтамалар- 
дың барлығы да тауық сөзінің мағыналық компоненттерін толық
28


қамти алмағандығына оңай көз жеткізген болар еді. Дегенмен де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет