таңбадан ажыратады. Сонымен бірге ол фонемалар сөз —
таңба-
ны тұлғасы жағынан да ажыратады. Салыстырыңыз:
бал, тал, сал
дегендер үш фонемадан құралған жеке-жеке сөздер. Осы екі қа-
сиетін ескере отырып фонеманы сөзбен сөзді мағына жағынан
ажыратып, тұлға жағынан екшеп тұратын тілдік единица деп
анықтама беруге болады.
Фонемалар тек сөз құрамында, морфемаларда ғана өмір сүре-
ді. Сөздер мен морфемалардан тыс фонемалар туралы сөз болу-
дың өзі — бос сөз. Сондықтан да фонемалардың қызметі өздері
бөлшегі болып енетін бүтін сөздермен
байланысты ғана анықта-
лады. Ал сөздердің құрамындағы дыбыстардың арақатынасын,
олардың тіркесу тәсілін тек фонемалық заңдылықтармен аньіқ-
тауға
болады. О баста сөздердің құрамындағы дыбыстардың
орналасу тәртібінде белгілі бір заңдылықтың болғандығын я бол-
мағандығын дәлелдеу мүмкін де болмас. Бір нәрсе анық — сөз
құрамындағы дыбыстар өздерінің артикуляциялық ыңғайына ка
рай кездейсоқ қалыптасқан. Себебі дүние тілдеріндегі дыбыстар-
дың орналасуын салыстырып қарайтын болсақ, бір тілде мүмкін
болмаған дыбыстардың тіркесі екінші
бір тілдің тілдік нормасы
болып келе береді. Қазіргі қазақ тілінде кей дыбыстардың сөз
басында
(И, ң), кейбірінің сөз соңында
(г, ғ, д, б) қолданылын-
бауы тіл пайда болғаннан бері келе жатқан заңдылық емес, соң-
ғы кездерде, тіл дамуының белгілі бір сатысында қалыптасқан
заңдылық.
Сонымен, сөздердің құрамындағы
дыбыстар алғашқы кезде
кездейсоқ бір тізбекте қолданылған (артикуляциялық ыңғайына
қарай) да, фонетикалық заңдылық есебінде кейін ғана қалыптас-
қан. Екіншіден, эр фонема жеке-жеке мағынаға ие болады деу—
ғылыми негізге сүйенілмей айтылған топшылау. Сондай-ақ жеке
фонемалар сөз құрамында келіп, өздерінің мағынасын жинақтап^
қосынды мағына ретінде, бір бүтін
сөз ретінде қолданылады деу
де жаңсақ топшылаудан туған. Дыбысталу сөз емес — сөздің
материалдық қабығы (жамылышы) ғана. Дыбысталу мағынаның
өмір сүру формасы болумен бірге оның таңбасы ретінде де қолда-
нылады. Үшіншіден, сөзден, морфемадан тыс фонема өмір сүр-
мейді. Демек фонема түсінігін сөз құрамында ғана танып, сөз
негізінде ғана оған байланысты пікір айтуға болады. Төртіншіден,
сөздердің дыбысталуының (жеке дыбыстардың емес) мағынамен
байланысы
тарихи этаптардан өткен, қоғам мүшелерінің талқы-
сына түскен, олар қабылдаған шартты, тіпті кездейсоқ байланыс.
Бесіншіден, сөз құрамындағы фонемалардың негізгі қызметі бір
фонеманы екінші фонемадан ажырату емес, бүтін бір сөзді (дұ-
рысы дыбыстық таңбаны) таныту, екінші сөзден ажырату. Сон-
дықтан да
қол деген үш дыбыстан құралған бір таңба,
адам —
төрт дыбыстан құралған бір таңба. Олардың құрамындағы әр
фонема өзара тең байланысқа ие, ұзақ уақыттан бері қолданы-
лып, бір мағынаның таңбасы ретінде қалыптасқан. Әрине қалып-
тасу кезінде тілдік заңдылықтар да ықпал етеді. Жоғарыда ай-
тылған пікірлерге тілдің омоним сияқты құбылыстары қайшы
25
келуі мүмкін. Себебі,
жар (Арындама, алдыңда жар бар) деген
сөз бен өмір серік мағынасындағы
жар (Жар ете алмай кетіп ем
(Абай) деген екі сөздің дыбысталуы бірдей, мағыналары екі түр-
лі. Бұл сияқты жалпы қағидадан ауыткулар тілдің ішкі заңдылы-
ғына сүйенеді, сол арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: