Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
тауык, деп үй құсының барлығын бірдей атамай, ерекше бір түрін 
ғана атайтынымыз анық, басқа үй құстарынан ажыратып жата- 
тын үй құсын тауык, дегенде көз алдымызға келтіретініміз де 
шындық. Демек сөз мағынасының құрамында ол затты не ұғым- 
ды әрі жалпылап, әрі басқа заттардан ерекшелеп ажыратып, да- 
ралап тұратын мағыналық элементтің барлығы анық.
Табиғаттағы заттар мен құбылыстарға тек тілдік түсінік жа- 
ғынан анықтама беріліп қоймастан, оларға биологиялық, геогра- 
фиялық, тарихи ғылымдарға тиісті болған қасиеттерін баса көр- 
сетіп те анықтама беруге болады, бірақ олар біздің зерттеу объек- 
тіміз емес. Бір нәрсе анық — сөздердің лексикалық мағынасында 
адам санасындағы сол зат не құбылыс туралы негізгі түсінік 
еніп, сол затты басқа зат не құбылыстардан ажыратып, тани ала- 
тындай мүмкіндігі болады. Сондықтан да кей анықтамаларда 
заттардың табиғи, биологиялық белгілері алынбай, басқа (ма- 
ңызды делінген) белгілері алынады. Мысалы, адам деген сөзге 
анықтама бергенде екі аяқты, екі қолды, сақалды, құлағы бар 
деген сияқты көрсететін болсақ, оның негізгі белгісін ашып бере 
алмаған болар едік. Сондықтан да түсіндірме сөздікте: «Ойлау 
және сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралдарын 
өндіре алатын және сол құралды еңбек процееінде пайдалана 
алатын жан иесі, кісі»,— деп анықтама берген (ҚТТС-1, 62) *. 
Өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде: «Ойлау, сөйлеу және еңбек 
ету қабілеті бар, сол арқылы басқа мақұлықтардан жоғары тұ- 
ратын жанды зат, кісі»,— деп көрсеткен (УТИЛ-1, 520) *. Бұл — 
адам сөзіне берілген тек лексикалық анықтама ғана емес, ғылы- 
ми-әлеуметтік көзқарас негізінде берілген анықтама да.
Сөз мағынасы — тіл білімінің еншісіне тиетін категория, сол 
үшін де оны жан-жақты талдау тіл білімінің үлесіне тиеді. Тер- 
минологиялык анықтамалардың көлемі кең болғанымен, көп ин- 
формацияны қамтығанымен күнделікті өмірде олардың барлығы 
бірдей қажет те бола бермейді. Сонымен бірге сөз мағынасын 
тіл білімі аясында да бірнеше бағытта талдау жасауға болады 
(Качеева 78) *. Бұл зерттеуші адамның алдына қойған мақсаты 
мен қолында бар материалдарына байланысты. Ал сөздердің лек- 
сикалық мағыналарының түрлерін анықтауда да тілшілер ара- 
сында бір ізділіктің жоқ екендігін ашып айту керек. Егер тек 
совет тілшілерінің ғана сөздердің мағына түрлеріне байланысты 
айтып жүрген пікірлерін санап шығатын болсақ, олардың саны- 
ның өзі оннан асады. Ал мағынамен байланысты категориялар- 
дың саны болса, одан да көп. Мысалы, сөздердің дыбысталуы 
мен мағына арасындағы байланыс, мағына мен ұғым арасындағы 
байланыс, сөз мағынасының құрылымы мен құрылымдық эле- 
менттері арасындағы байланыс, лексиканы белгілі бір заңдылық- 
тар негізінде байланысқан жүйе деп санап, сол жүйе мүшелерінің 
(сөздердің) өзара қарым-қатынасын анықтау сияқты толып жат- 
қан мәселелер бар.
29


Сөз семантикасы тек тілшілердің пікір таласына ғана арқау 
болып қоймастан, ол философтардың да, психологтардың да, се- 
миотиктердің де ойларына азық болып жүр. Ж.алпы сөз семанти­
касы философияның кей категорияларымен байланысты екендігін 
ғалымдар ерте кезден-ақ айтқан болатын. Мысалы, заттарға қа- 
лай ат берілген, сөз бен заттың арасындағы байланыс қандай заң- 
дылықтарға негізделінген (таным теориясымен байланысты), тіл- 
дің пайда болуы және адамзат тарихы (глотогенез бен мифоло­
гия), ой мен тілдің 
байланысы т. б. Тіпті бұл мәселелерге 
байланысты алғашқы пікірлер көне грек философтарының еңбек- 
терінде кездеседі, олар да өздерінше қорытынды шығарған. Мы­
салы, Парменид (біздің эрамызға дейінгі 540/539 не 515 жылдары 
туылған): «Бұлардың 
(заттардың) әр қайсысына адамдар ат 
қояды, ол адамдардың ажыратушы таңбасы»,— деген болатын 
(Античные 36, 31) *. Ал Платонның «Кратилінде» болса соңғы 
кезге дейін тіл білімінде шешілмей келген мәселелердің көтеріл- 
гендігі анық. Салыстырыңыз, «Сократ: — Демек, Гермоген, ат 
қою — барлық адамдардың жұмысы емес, ат қоюшының жүмы- 
сы»,— деген үзіндіде атты жеке адамдар қоймайды деген идеяны 
ұсынады (Античные 36, 41). Эрине заттарға қалай ат қойылған, 
бірінші қолданылған сөздер қандай болған деген сұраулар күні 
бүгінге дейін жауапсыз қалып барады. Алғашқы сөздер нақ мы- 
надай сөздер болған деген жауап қазірше берілген емес, берілуі- 
нің өзі екі талай.
XIX—XX ғасырларда да тілші ғалымдар тіл философиясымен 
шұғылданып, тіл философиясыньің шеңберін кеңейте түсті. Бұған 
мысал ретінде В. фон Гумбольд, А. Шлейхер, Г. Штейнтальд пен 
жас грамматистердің еңбектерін көрсетуге болады. Қазіргі кезде 
де тіл философиясымен тек философ ғалымдар ғана айналысып 
қоймайды, сонымен қатар тілшілер де өз үлестерін қосуда. Совет 
тіл білімі марксизм-ленинизм негіздеріне сүйене отырып, пікір 
айтатындығы анық. Сондықтан да сөз мағынасы дегенде біз та­
ным теориясымен байланысты пікір айтамыз.
Сөз магынасына байланысты айтылатын қағидалар тек ғіл 
теориясының дамуына ғана қатысты емес, оның нрактикасы үшін 
де мәні зор. Бұл ең алдымен, лексикограф ғалымдардың еңбекте- 
рінде анық көрінеді. Мысалы, А. А. Юлдашев түркі тілдеріндегі 
түсіндірме, аударма сөздіктерін жасау принциптеріне талдау жа- 
сай отырып, олардағы басты кемшілік ретінде сөздердің бірден 
байқала қоймайтын контекстік мағыналық реңктерді, я сөздердін 
мағыналық варианттарын нақтылы ажыратпай сөздіктерде номи- 
нативтік мағыналармен бір дәрежеде жеке мағына ретінде беру 
Деп есептейді. Мысал ретінде қырғыз тілінің түсіндірме сөздігінен 
жол сөзін алып, оның 2, 3-мағыналарына сілтеме жасайды (Юл­
дашев 72, 363 364) *. Сөздердің лексикалық мағынасын анық- 
тауда қате жібермеу үшін, оның қайсысы номннативтік мағына 
қайсысы контекстік (ауыспалы) мағына, қайсысы фразеология- 
лык байланулы мағына екендігін ажырату қажет- осыдан кейін 
ғана сөздікте жеке үяда қайсысын беру керектігі’ қайсысы қан
30


дай номермен беру қажеттігі анықталынатыны сөзсіз. Қолымызда 
бар сөздіктердің кейбіреулерінде сөз мағынасына ғылыми талдау 
берместен-ақ, екінші бір сөздіктің жолымен мағына ажырату 
үлгісі барлығын жасыруға болмайды (Юлдашев 72, 104). Сөздік- 
терде сөз мағынасын қалай беру, мағынаны қалай ажырату сема- 
сиологиялық талдауды талап ететіндігі, сөз мағынасының күнде- 
лікті өмірде өзгеріп, қолданылуында ауытқулар болып тұратығ- 
дығы және олардың 
заңдылығын ескеру қажеттілігі шындық. 
(Бабкин 77; Толкина 77; Алекторова 79) *.
Аударма сөздікте болсын, түсіндірме сөздікте болсын сөздер- 
дің тек бір мағынасына ғана (номинативтік) 
анықтама беріп 
қоймастан, көп мағыналы сөздердің де мағыналарын ажыратып, 
анықтама береді; олардың қай мағынасы номинативтік, қай ма- 
ғынасы ауыспалы мағына екенін, фразалық мағынасының қайсы 
екендігін ажыратады. Мысалы, К. Юдахиннің қырғызша-орысша 
сөздігінде бас сөзінің 11 мағынасы бар деп көрсетілген, ал олар- 
дың тұрақты тіркестерде қолданылуын 90-нан аса тіркеспен көр- 
сеткен (КирРС 65, 118—120)*. А. К. Боровков басшылығында 
жарық көрген өзбекше-орысша сөздікте осы сөзге 13 мағына бер- 
ген де, фразалық тіркестегі үлгісіне өте аз тіркес берген (УзРС 59^ 
83—85) *. Бұл екі сөздікте сөздердің мағынасын ажыратып анық- 
тама беруде дг бір ізділік жоқ. Мысалы, К. Юдахин бас сөзінің 
2-мағынасы ретінде «верхняя часть чего-л., головка, вершина» 
деген мағынаны көрсетеді де чөртүн баилы сияқты мысал берген. 
Ал А. К. Боровков басшылығында жарық көрген сөздікте ол ма- 
ғына жеке мағына ретінде берілмеген. Сондай-ақ А. К. Боровков 
сөздігінде бас сөзінің «исток» мағынасы (сув башы) 8 мағына 
ретінде берілген болса, К. Юдахин сөздігінде ол жеке мағына 
ретінде берілген емес. Бір ескерте кететін нәрсе сол — екі сөздің. 
екеуінде де жоғарыда айтылған мағына бас сөзі арқылы беріледі. 
Тіпті түсіндірме сөздіктерде де сөз мағыналарын (көп мағыналы 
сөздердің) ажыратып анықтама беруде бір ізділік жоқ. Мысал 
ретінде соңғы кездерде жарық көрген 4 сөздіктен бас сөзінің ма- 
ғыналарын салыстырып көрелік. Қазақ тілінің түсіндірме сөзді- 
гінде бас сөзіне 15 мағына берілген болса (ҚТТС-2, 111 —120),. 
қарақалпақ тілінің түсіндірме сөздігінде 13 мағына (ҚарТТС-1, 
205—210), татар тілінің түсіндірме сөздігінде 16 мағына (ТТАС-1, 
135—139), өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде 15 мағына бар деп 
көрсетілген (УТИЛ-1, 136—138). Егер сөздіктегі мағыналарды 
салыстырып қарайтын болсақ, бір сөздікте жеке ұя ретінде бе- 
рілген мағына екінші бір сөздікте мүлде көрсетілмеген. Мысалы, 
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бас сөзінің 2-мағынасы ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет