«кісі, адам, жан» мағынасында қолданылуын (Сәтей үйі де басқа
бай емес) көрсетсе, қарақалпақ тілінің түсіндірме сөздігінде ол
көрсетілмеген. Өзбек тілі түсіндірме сөздігінде бас сөзінің 6-ма-
ғынасы ретінде оның бірінші сөзімен синонимдес болатын мағы-
насын көрсеткен. Бұл мағынаны қазақ, қарақалпақ тілінің түсін-
дірме сөздіктерінін авторлары жеке бөліп, ұя ретінде көрсетпеген.
31
т. б. Демек сөз мағынасын ажыратудың практикалық мәні де осы
мағыналардың анық, нақты болуымен тікелей байланысты.
Әр сөздіктің өзіне тән мақсаты мен талабына байланысты сөз
мағынасын ажыратып, анықтама беру дәстүрі де бар. Аударма
сөздіктер мен түсіндірме сөздіктерде сөз мағынасын (біз келтір-
ген бас сөзінің мағыналарындай) талдауда авторлардың тең түс-
пеу ерекшелігін осы тұрғыдан да түсіндіруге болады. Дегенмен
де барлық сөздіктерде сөз мағынасы әрі түсінікті, әрі қысқа, әрі
дәл көрсетілуі керек. Бұл талаптың орындалуы қаншалықты қиын
екендігін лексикограф ғалымдар айтып та, жазып та жүр.
Н. 3. Котелова сөз мағынасын сөздіктерде беру үлгісін талдай
отырып, олардың кемшілігін 12 пункттен санап көрсеткен бола-
тын (Котелова 75, 7) *. Эрине бұл типтес ауытқулардың кездесуі
тілдің лексикасының, оның семасиологиясының жеткілікті зерт-
телінбеуінен деп түсінген дұрыс.
Қазақ тіліндегі сөз мағынасы туралы жазылған еңбектерге
сын көзбен қарайтын болсақ, онда қазақ тілі семасиологиясын
жаңадан жазу қажеттілігі анық көрінеді. Тек бірен-саран еңбек-
тер болмаса, бұл мәселе қазақ тіл білімі үшін тың нәрсе. Сондай-
дқ оқулықтарда да семасиологиялық категорияларды талдау жа*
сау толық емес. Оған басты себеп — қазақ тілінде семасиология-
ның негізгі түсініктерінің анықталынбауы, олардың терминдері-
ніц қалыптасуы.
Семасиологиялық зерттеулердін, бірінші жауап беретін сү-
рауы — сөз мағынасы дегеніміз не? Бұл дәстүрлік сүрауға жауап
беру үшін, ең алдымен, тіл білімінде лексикалық және граммати-
калық мағыналардың бар екендігін, екеуінің қасиеттерінің екі
түрлі екендігін естен шығармау керек. Семасиологиялық зерттеу-
лерде грамматикалық
мағына, саналы түрде, сыртка тебіліп,
лексикалық мағыналар ғана сөз болады. Сөздердің лексикалық
мағынасы лексикологияның, грамматикалық мағынасы граммати-
каның зерттеу объектісі екендігі анық. Солай болса да бұл екі
мағына өзара тығыз байланысты. Егер сөз грамматикалық жақ-
тан тұлғаланатыны рас болса, онда әрбір сөздің лексикалық ма-
ғынасы грамматикалық мағынамен астасады. Сондай-ақ грамма-
тикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажырата зерттеу
тек ғылыми абстракцияның ғана қызметі екендігі де аян. Шын-
дығында лексикалық мағынамен үштаспаған, онымен байланыс-
паған грамматикалық мағына болмасқа тиіс.
О.
С. Ахманова сөз мағынасына үш түрлі анықтама береді
де, бірінші цифрмен: «Белгілі бір дыбысталумен байланысты бо-
лып тілдік факті ретінде жарыққа шығатын адам ойындағы
объектив өмірдегі заттардың (құбылыс, қатынас, процесс т. б.)
бейнесі; бұл шындықтың бейнесі сөз (морфеманың) қүрылымы-
ныц ішкі жағын (мазмүнын) жасайды, ол тілдік бірліктің дыбыс-
талуыоның материалдық қабығын жасайды да мағынаны басқаға
жеткізудін, хабарлаудың, сондай-ақ оның өзініц пайда болуынын
қалыптасуының, өмір сүруінің, дамуының негізі болады»,— деп
жазады (Ахманова 66, 160—161) *. Бұл сөз мағынасына берілген
.32
бірден-бір анықтама емес. Совет тіл білімінде бұл типтес анық-
тамалардың саны көп-ақ. Тіпті сөз мағынасы туралы пікір айтқан
әр ғалымның сөз мағынасына берген анықтамасы бар десен те
жанылыспаймыз. Салыстырыңыз: «Сөз мағынасы деп зат не құ-
былыстардың бейнесі мен дыбысталудың тарихи байланысын
атаймыз»,— деп Р. А. Будагов жазса (Будагов 71, 22) *, Л. А. Бу-
лаховский «Сөз нені білдірсе — сол мағына»,— дейді (Булахов-
ский 53, 13) *. «Сөз мағынасы деп өмірдегі түрлі құбылыс пен
оның (сөздің — О. М.) байланысын, қатынасын айтамыз» (Кали
нин 71, 16) *. «Сөз мағынасы — адам ойының белгілі бір тіл сис-
темасы арқылы
берілуі» (Ковтун 55) * сияқты анықтамалар
да бар.
Қазақ тілшілерінің еңбектерінде де сөз мағынасына берілген
анықтамалар кездеседі. Мысалы, Ғ. Мұсабаев сөз мағынасына
тікелей анықтама бермесе де: «Сөз формасына оралған ұғымның
мазмұны сөздің мағынасына айналып, дыбысталу мен мағына
бірлесе келіп, сөздің өзін қалыптастырады»,— дейді
(Кеңес-
баев I., Мұсабаев Ғ. 75, 15) *. Бұл жерде автор сөз мағынасын
уғым арқылы анықтап отыр. Ал К. Аханов болса Е. М. Галкина-
Федаруктың сөзге берген анықтамасын толық қабылдап: «...сөз-
дің лекспкалық мағынасы дегеніміз дыбыстық комплекстің ақиқат
өмірдегі қубылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлесуші кол
лектив арқылы белгіленген байланысы болып табылады»,— дейді
(Аханов 68, 28) *. Соңғы кездерде жарық көрген жоғарғы оқу
орындарына арналған оқулықтарда да осыған жақын анықтама
беріліп жүр. Мысалы, М. Белбаева «Сөздердің лексикалық мағы-
насы деп әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей,
жеке-дара тұрғандағы (статистикалық күйіндегі) нақтылы не негіз-
гі мағынасын айтады»,— деп анықтама береді (Белбаева 76, 14) *.
Нак осы анықтаманы ертеректе Т. Қордабаев та берген болатын.
Бірақ Т. Кордабаевтың анықтамасында сөз мағынасын белгілеуде
қажетті болған әлеуметтік шартты да қосып, дұрыс қорытынды
шығарған болатын. Яғни «Сөздің лексикалық мағынасы — оның
жеке тұрып та білдіретін ■
өзіне тән қоғам таныған мағынасы»,—
дейді (Қордабаев 58, 12) *. Т. Қордабаев сөз мағынасына екінші
бір анықтама да берген болатын. «Сөз мағынасы дегеніміз оның
білдіретін түсінігі. Сөз нені білдірсе, нені байқатса, сол онық ма-
ғынасы болады» (Кордабаев 75, 62—63) *. Т. Қордабаевтың ең-
бектерінде сөздің мағынасына берілген үшінші және төртінші
анықтамаларды да көруге болады. «Тілдік мағына — объектив
дүниедегі заттардың, құбылыстардың, болмыстардың санадағы
бейнесі» не «...мағына дегендегі атау мен сол атау болған мазмұн-
ның арасындағы қатынас, бірлік деп түсінген дурыс» (Қордабаев
83, 143) *. Т. Қордабаев берген 4 анықтаманың төртеуі де совет
тіл білімінде ертеден бар анықтамалар.
Басқа түркі тілдерінің мамандары да осы қазақ тіліндегі сөз-
дерге берілген анықтамаларға жуық анықтама беріп жүр. Мыса
лы, өзбек тілшісі Я. Д. Пинхасов «Сөздің зат не құбылыс, ұғым
туралы алғашқы негізгі мағынасы яғни реал мағынаны білдіруі
3 -2 9 2 0
33
сөздердің лексикалық мағынасы болып табылады»,— десе (Пин-
хасов 69, 8—9) *, Ш. Рахматуллаев «Сөздердің лексикалық бірлік
есебінде бір нәрсені білдіруі (бір уақиғаны білдіруі, атауы, көр-
сетуі) лексикалық мағына деп саналады»,— дейді (Турсунов 65,.
124) *. Соңғы кезде жарық көрген лексикологияның авторлары
да (бұл тарауды жазған проф. А. П. Ходжиев) сөз мағынасына
анықтама беріп «Сөздің объектив дүниедегі заттар мен құбылыс-
тар, әрекет пен белгі сияқтылардан хабар (түсінік) беретін маз-
мұны лексикалық мағына болып саналады»,— дейді (Узбек 81) *.
Азербайжан тілші-сі Ә. Фәрәчев «Лексикалық мағына сөздің жеке
тұрғандағы мағынасы»,— десе (Фәрәчов 69, 57) *, қаракалпақ
тілшісі Е. Бердимуратов «Сөздің лексикалық мағынасы ол не бұл
тілдің грамматикалық заңдылықтары бойынша қалыптасқан зат-
тық-предметтік
мағынадан қүралады»,— дейді (Бердимуратов
68, 39) *.
Сөздердің лексикалық мағынасы туралы жазылған еңбектер-
дің тізімінің өзі кішігірім кітапшаның көлемін талап еткен болар
еді. Сол үшін де лексикалық мағынаға берілген аныктамаларды
топтастырып барып қана талдау жасауды жөн көрдік. Ең алды-
мен, сөзге берілген анықтамалар ғылыми анықтамалар ма, жоқ
әлде жол-жөнекей беріле салынған анықтама ма, соны ажыратып
алу керек сияқты. Әдетте қай анықтама болмасын ғылыми топ-
шылауға негізделетіндігін айта кеткен жөн сияқты. Ал, олай бол-
са, «Сөз дегеніміз — зат атауы» деген сияқты анықтамалардың
ғылыми талдаумен қаншалықты байланысы бар деген пікірдің де
туатындығы анық. Шындығында көп сөздердің зат атауы болатын-
дығы, сол атаудың, сол сөздің лексикалық мағынасы ретінде
анықталатындығы да шындық. Бірақ барлық сөз осындай қасиет-
ке ие бола алады ма? Қөмекші сөздер мен әруақ, жын, шайтан,
пері, құдай сияқты сөздер қандай заттың атауы ретінде колданы-
лады? Атауыш сөздер мен көмекші сөздердің лексикалық мағы-
насының арақатынасы және соңғы сөздердің лексикалық мағынасы
бар ма, жоқ па деген мәселе түркологияда ғана емес, жалпы тіл
білімінде де даулы.
Марксизм-ленинизм методологиясына негізделінген совет тіл*
шілері сөзді мағына мен дыбысталудың бірлігі ден қарайды да,
сөз мағынасы (лексикалық мағынаны да, грамматикалық мағы-
наны да) объектив дүниедегі материалдық қабығы
(жамылы-
шы) — дыбысталумен байланысып жататын категория деп қарай-
ды. Сөздер бұл екі жағдайдан баска грамматпкалық жақтан
формаланған болатындығын да баса айту керек. Тілде грамма-
тикалық форма қабылдамайтын (септелінбейтін, көптелінбейтін,
грамматикалық форма қабылдамайтын) сөздер болса да, форма*
сыз сөз болмайды (Оразов 85) *. Жалпы сөзді мағына мен ды-
бысталудың біте қайнасқан бірлігі деп түсіну дұрыс түсінік. Сөз
мағынасына анықтама бергенде осыдан сөздің мағына мен ды-
бысталудың бірлігінен басталынуы керек. Ал көмекші сөздерде
лексикалық мағына жоқ деу, оларды не қосымшалармен тең са-
нау, не көмекшілердің сөз екендігін мойындамау, тек дыбыстар-
34
дан тұратын мағынасыз сөздер де болады деген қағиданы қорғау
болады.
Шет ел тілшілері арасында ғана емес, совет тілшілері арасын-
да да сөздердің барлығы лексикалық мағынаға ие болады деген
тезиске қарсы шығушылар табылады. Олар тікеден-тіке, жөнсіз
қарсы шықпай өз пікірлерін астарлап, сөздер жеке тұрғанда лек-
сикалық мағынаға ие болмайды, ал басқа сөздермен байланысып
сөйлем құрамына енгенде мағынаға ие болады деген сияқты пікір
айтады. Мысалы, В. А. Звегинцев сөз мағынасына берілген өзінен
бұрынғы анықтамаларға шолу жасай отырып: «Тек лингвистика-
лык тұрғыдан сөз магынасы оның басқа сөздермен байланысу
қабілетімен, мүмкіндігімен анықталады»,— деп түйіндеген (Зве
гинцев 67, 123) *. Сөз мағынасы сөздердің ішкі қасиеті емес, сөз-
дердің арақатынасынан туады деу үстіміздегі гасырдың елуінші-
алпысыншы жылдарының жемісі емес (Будагов 77, 146—147; Бу
дагов 76, 104) *.
Жоғарыдағы пікірге жуық тіл білімінде екінші бір пікір бар.
Онын, негізін салушылар — Ф. де Соссюр және оның жолын қуушы-
лар. Совет тілшілері арасында да ол багытты қолдаушылар табы
лады. Ф. де Соссюр «Тілдік системаның мүшелеріне (сөздерге —
О. М.) тек кез келген дыбысталу мен мағынаның жай бірлігі деп
қарау үлкен қателік болып саналады. Система мүшелерін бұлайг
анықтау — оны өзі мүшесі болып саналатын системадан ажырату
болып саналады, бұл қате пікірге алып келеді»,— деген еді (Сос
сюр, 77, 146—147) *. Автор пікірін ары қарай жалгастырып, «Тіл-
дің барлық элементтері біртұтас болып келетін система, ал жеке
элементтердің магынасы (значимость) баска элементтері болган-
дыгы үшін ғана байқалынады»,— деп корытынды жасайды (Сос
сюр 77, 147). Алгашкы уакыттарды бұл пікір түрлі багыттарда
дамытылып, соңгы кездерде структурализм өкілдерінің негізгі
қағидаларының біріне айналып қалды. Мысалы, «Сөз магынасы,
ең алдымен, оның баска сөздермен карым-катынасынан, ягни лек-
сикалық системадагы орнымен анықталады»,— деп жазган бола-
тын Прага тіл үйірмесінің тезисінде (Звегинцев 62, 138) *. 1931 ж.
И. Трир өзінің өріс теориясын жасай отырып, «Сөз тек бір тұтас
бүтіндік, және сол тұтастык аркылы ғана магынаға ие болады»,—
деген еді (Караулов 76, 6) *.
Совет тілшілері арасында да сөз жеке тұрғанда лексикалық
магынага ие болмайды, лексикалык магына не сөздердің сөйлем
қүрамына енгенде гана пайда болады, не система құрамында
баска сөздермен катынасы негізінде пайда болады деушілер кез-
деседі. Мысалы, Д. Н. Шмелев өзінің лексиканы системалы тал-
дауга арналган өте жаксы еңбегінде: «Тілшілеріміздің бірде бі-
реуі сөздер лексикалык магынага баска сөздер мен байланысу
нәтижесінде гана ие болатындыгына күмәнданбайды»,— деп жа-
зады (Шмелев 73, 141) *. Автордың мұндай пікірге келуінде бас
ка да максат болуы мүмкін. Монографияда лексиканы системалы
кұбылыс дей отырып, әрбір сөз бір лексико-семантикалык топтың
құрамына еніп, белгілі бір орын иелейтіндігін баса көрсетуге эре-
35
кет еткен. Бірақ кез келген сөз белгілі бір лексико-семантикалық
топтың құрамына енгенде лексикалық мағынаға ие болу үшін
енбейді, керісінше белгілі бір лексикалық мағынасы болғандығы
үшін, сол мағыналар арасында белгілі бір байланыс болғандығы
үшін енеді. Сондықтан да тілдің даму тарихында белгілі бір лек-
сико-семантикалық топтың құрамынан кей сөздердің қолданудан
шығып архаизмдер қатарына өтіп отырғандығы, екінші бір сөздер
жаңадан пайда болып, лексико-семантикалық топтын, құрамына
еніп байытып отыратындығы анық. Бірақ тілде пайда болған әр
сөз не қолданылудан шыққан сөз сол лексико-семантикалық топ-
ты өзгертіп жібере бермейді. Салыстырыңыз; орыс тілінен енген
самовар, трактор, тетрадь сияқты сөздер басқа сөздердің мағы-
насына ықпал етпей-ақ қолданылып жүр. Бірақ автор өз пікірін
дәйекті түрде баяндайды. «Қез келген мағына тілде өздігінен,
басқа мағыналармен байланыспай өмір сүре алмайды» дей оты-
рып, орыс тіліндегі большой, хороший деген сөздердің мағынасы
маленький, плохой сияқты сөздердің мағынасына қарсы тұрғанды-
ғы үшін ғана бар дейді (Шмелев 73, 134—135) *. Д. Н. Шмелев
екінші бір еңбегінде өз пікіріне қарсы шығады да «Шындық бол-
мыстың ерекше тілдік бейнеленуі лексикалық мағына деп анық-
талады», «Сөздің негізгі міндеті — заттар мен айналадағы кұбы-
лыстарды атау»,— деп қорытынды жасайды (Шмелев 77, 55) *.
Тіл элементтерінің лексикалық мағынасының бар екендігін
кей ғалымдар мойындаса да ол мағына тіл білімінің объектісі
болмайды, немесе тілдік категория емес дейді. Мысалы, А. А. Ре
форматский, «Ешкім де мағынаны жоққа шығармақ емес және
көп жағдайда ғалымдар онымен қызығуы керек. Бірақ қандай
ғалым? Қай мамандықта? Егер тілші жүйе мен құрылыммен шұ-
ғылданатын болса, онда онымен айналысатын ғалымның тілші
болуы екі талай»,— дейді (Реформатский 68, 114) *. Бүл теория-
ны жақтаушылардың біреуі — А. Г. Волков. Ол «Мағына тілдік
категория емес, ол өзінің табиғаты жағынан ойлаудын бір функ-
циясы»,— деп ашық айтады (Волков 66, 61) *. Монографияның
екінші бір жерінде: «Мағына тілдік категория емес, ол тікелей
тілдік таңбаның жүйесінен тумайды»,— деп те жазады (Волков
66, 69). Екі автордың екеуі де сөз мағынасын тілдік категория
емес дегенде оны тілдік жүйемен байланыстырады, жүйе мен
мағынаны қарама-қарсы қояды. Демек сөз мағынасын тіл білімі
тексермейді, ойдың бір көрінісі ретінде логика не философия тек-
середі де тіл білімі тілдік құрылым мен жүйені зерттейді, онда да
мағынамен байланыспаған жүйені зерттейді (Волков 63, 22) *.
Тіл тілдегі сөздердің лексикалық мағынасының қүрылымына
көңіл бөлетін болсақ, кей сөздер жеке тұрғанда лексикалық ма-
ғына білдірмейтін сияқты. Бұл көмекші сөздермен байланысты
ғана айтылған пікір емес, атауыш сөздер деп аталынатын сөздер-
дің тобынан да кездесетін құбылыс. Мысалы, ееімдіктер өздері
жеке тұрғанда, сөилем кұрамына түспей нактылы бір зат не үғым
атауы бола алмайды. «Қай тілдің болмасын лексикалық негізін
атау сөздер, яғни атау
(номинативтік) функциясына ие болган
36
сөздер жасайды. Сонымен семантикалық-грамматикалық класси-
фикациясы жағынан оларға есімдіктер, заттарды атамайтын, бі-
рақ сілтеп, ажыратып көрсететін сөздер (диексис) қарсы тұра-
ды»,— деген болатын С. Д. Кацнельсон (Кацнельсон 66, 10) *. Бұл
жерде С. Д. Кацнельсон атауыш сөздерді екіге бөліп, біріншісін
атауыш қасиетке ие болған, зат не құбылыс атауы болатын сөз-
дер десе, екінші топқа есімдіктерді ажыратып, олар зат атауы
болмайды, затты нұсқап, ажырататын сөздер деп көрсеткен. Екін-
ші бір топ ғалымдар одан да арырақ барып, есімдіктерде лекси-
калық мағына жоқ, оларды көмекші сөздердің қатарына косу ке-
рек дейді. Сонда есімдіктерде лексикалық мағына болмағаны ма?
Әрине есімдіктерде лексикалық мағына бар, бірақ ол мағынаны
контекст жасайды да жеке тұрғанда лексикалық мағына білдір-
мейді деуге де болмайды. Қонтекстің сөз мағынасын нактылауға,
аныктауға себі тиетіндігі анық, бірак мағынаны контекст жасай
алмайды.
Кей ғалымдар жеке тұрғанда сөздерде лексикалық мағына
жок, мағына сөздердің сөйлемдегі орнымен не баска сөздермен
карым-катынасы негізінде пайда болады деп ашып айта бермей-
ді. Мысалы, Ю. М. Лотман лингвистикалык текстің түрлі касиет-
теріне талдау жасай отырып: «... мағына екі түрлі құрылымдық
байланыс бар жерде ғана пайда болады»,— дейді (Лотман 70,
48) *. Эрине бұл жерде автор сөздердің сөйлем кұрамына енген-
дегі байланысын баса айтып тұр. Тіпті ол кез келген мағынаның
табиғаты мен мәні екінші бір тілдік
элементпен байланыспай
аныкталынбайды деп Д. Н. Шмелевпен пікір жағынан үндесіп
жатады. А. А. Реформатский бұл пікірлерден де тереңдей түсіп,
сөз мағынасы объектив дүниедегі заттар мен түрлі кұбылыстар-
дың белгілі дәрежедегі бейнесі, көшірмесі емес, керісінше тіл
элементтерінің арасындағы катынастан туады дегенді айтады. Bi-
рак автор катынас терминін кең түсінеді. «Мағына, ец алдымен,
зат та емес, материя да емес, субстанция да емес, катынас жэне
ең негізгісі, тілдік факті мен (сөз-формамен) ойға тән, онтология-
лык фактілер арасындағы байланыс, яғни тілдің тілден тыс кұбы-
лыстармен
(ұғыммен, затпен-денотатка)
арасындағы байла
ныс»,—дейді (Реформатский 73, 270)*. Айтылған пікір шұбалаңкы
болғанымен мағынаның дербестігін мойындап тұрған жоқ, сон-
дыктан да ол мағына (значение) мен мәнді (значимость) ажы-
ратады. Пікірін корытындылай келіп: «Егер мағына тілдік факті
мен (десигнат) тілдік емес фактілер катынасы нәтижесінде бол-
са, мән толығымен тілдік болып саналады. Мән — ец алдымен,
жүйе және жүйеден тыс өмір сүре алмайды, жүйенің өзінің мәнді
болуы сөзсіз»,— дейді (Реформатский 73, 274).
Түрлі катынастар аркылы мағынаны аныктау А. А. Реформат-
скийден бұрын да совет тіл білімінде болған. Мысалы, Ю. Д. Ап
ресян 1963 жылдың өзінде-ак: «Қазіргі семиотикада лингвистика
лык форманың мағынасы (сөздің — О. М.) ұғыммен де, з’аттар-
мен де, әйтеуір бір кұбылыспен де теңестірілмейді, катынас ретінде
қаралады»,— деп жазған болатын (Апресян 63, 105) *. Каты-
37
нас терминін кең түсінуге болады. Сондықтан да қатынас арқылы
сөз мағынасын анықтауға әрекет етушілерді үш топқа бөлуге бо
лады. Бірінші топқа сөз мағынасын объектив дүниедегі заттардың
түйсік арқылы қабылданған бейнесі мен дыбысталу арасынан
шығарушыларды ендірсек, екінші топқа сөз мағынасын өздері
мүше болған жүйе құрамындағы сөздермен ара қатынасынан
шығарушылар енеді. Ал үшінші топқа сөз мағынасын олардың
сөйлем құрамына еніп, басқа сөздермен байланысынан ғана туа-
ды деушілерді енгізуге болады.
Сөз мағынасының объективті дүниедегі заттармен, құбылыс-
тармен белгілі байланысы барлығы анық. Бірақ ол байланысты
тек қатынас деп түсіну дұрыс болмайды. Сондай-ақ заттар ара-
сындағы түрлі қатынастар да сөз арқылы екінші біреулерге жет-
кізілетіндігі де анық. Сонымен бірге дүниедегі заттар арасында
да түрлі қатынастың болатындығы шындық. К. Маркс «Капитал-
да» заттар арасында түрлі қатынастардың барлығын, бірақ зат-
тардың түрлі қасиеттері осы қатынас нәтижесінде жасалынбай-
тындығын, қатынас негізінде анықталатындығын айтқан болатын
(Маркс 23, 67) *. Сөз мағынасы да қатынас негізінде тумайды, ол
объектив дүниедегі заттардың не түрлі құбылыстардың түрлі
дәрежедегі жалпыланған адам санасындағы бейнесіне негізделі-
неді.
Сөз мағынасын сөздердің системадағы орны арқылы анықтау
қазіргі структурализм өкілдері арасында кең таралған. Тілдің
системалы құбылыс екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды.
Біздің түсінігімізше, система мағына жасамайды, керісінше, сөз-
дердіқ мағыналық сыбайластығы оларды бір топқа біріктіріп,
система ретінде талдауға мүмкіндік береді; ал системаның өзі
болса сол мағыналық қарым-қатынастың сырын толық түсінуге
мүмкіндік береді. Мысалы, етістіктерді қозғалу етістіктері, амал-
әрекет етістіктері, қарым-қатынас етістіктері сияқты лексико-се-
мантикалық топтарға бөлгенде олардың лексикалық мағынасын
негіз етіп алады. Қозғалу етістіктері дегенде қозғалысқа түскен
заттың бір орыннан екінші бір орынға өтуімен байланысты мағы-
наны білдіруіне негізделінсе, қалып етістіктері заттың қалпымен,
кеңістіктегі орнымен байланысты болған мағынасына негізделіне-
ді. Кел, кет, бар, жүгір, жел, ұш, еңбекте, жорғала деген сөздерде
дозғалу, орын ауыстыру бар. Бірақ бұл етістіктердің біреуі жоқ
■болса, система ыдырайды деген ұғым тумауы керек, олардың әр-
қайсысының мағыналық дербестігі бар. Сол мағыналарына қарай
белгілі бір лексико-семантикалық
топтың
құрамынан орын
алады.
Сөз мағынасын контекстің қызметіне берушілер өздерінің пі-
кірлерінің дәлелі ретінде сөздердің көп мағыналылығын көрсете-
ді. Көп мағыналылық тіл тілдердің барлығында да бар қүбылыс.
Бұл мәселе кейінгі тарауларда арнайы сөз болады. Бірақ көп
мағыналылықты контекст жасайды деген пікір дүрыс емес. Кон-
текстің қызметі сөз мағынасын тиянақтау, көп мағыналылықта
38
кездесетін бытыраңқылықты, екіұштыльіқты жою болып санала-
Ды (Колшанский 80) *. Әрине тілдерде кездесетін «стандартты»
болмаған, әлі сіңісе қоймаған тіркестерде контекст мағына жасап
тұрғандай көрінеді. Салыстырыңыз: Бұлт іиөгіп, жаңбыр жауса,
Достарыңызбен бөлісу: |