Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет71/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94
Лексика элементтері арасындағы парадигмалық қатынастар
Сөздердің мағына компоненттері құрамындағы парадигма мен 
тіл элементтері арасындағы ларадигмалық қатынас аралығында 
тікелей байланыс бар. Сонтай-ақ сөздердің мағына компонентте- 
ріндегі синтагмалық элементтер мен тіл элементтері арасындағы 
синтагмалык қатынас арасында да байланыс бар. Мысалы, тілдік 
семантика тілдік заңдылықтың негізінде туып, сөз мағынасының 
қалыптасуына себепші болса, сол мағынаның анық көрінуі, беріл- 
ген информацияға қосқан үлесі сөздердің тіркесінде, сөйлем құра- 
мында қолданылуында анық көрінеді. Сондықтан да синоним, ан-
165


тоним сияқты тілдік категорияларды талдағанда олардың (кемінде 
екі сөздің) семаларын салыстырып, сәйкес келетін семаларымен 
сәйкес келмейтін семаларын анықтаумен бірге олардың белгілі бір 
контексте бірінің орнына екіншісінің қолданылу мүмкіндігін де 
көрсеткен болатынбыз.
Тіл элементтері арасындағы байланыс парадигмалы және син- 
тагмалық қатынас негізінде болады деп екіге бөліп көрсету Ф. де 
Соссюрден басталатындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Тіл 
білімінің қазіргі даму сатысында сөздер арасындағы байланыстың 
екі түрі барлығын көпшілік ғалымдарымыз мойындайды. Тіпті 
В. М. Солнцев «Тілді таңба деп алушылар да, оның таңбалық қа- 
сиетін мойындамаушылар да тілді системалық құбылыс деп есеп- 
тейді»,— деп дұрыс көрсеткен (Солнцев 71, 10) *. Бірақ системаны 
тілшілер түрліше түсіндіретіндігін де мойындаған жөн. Салысты- 
рыңыз: А. А. Реформатский «Система — өзара байланысқан бір- 
текті заттардың байланысы»,— деп анықтама берсе (Реформат­
ский 67, 31) *, Г. С. Щур «Белгілі бір заттың белгілерінің жиын- 
тығы структура деп аталынады. Ал осы структураның элементтері 
арасындағы байланыс система деп аталынады»,— дейді (Щур 64, 
16) *. Бұл типтес ауыткулар шет ел тілшілерінің еңбектерінде де 
кездеседі. Дегенмен де тілді система деп атау үшін олардың бір- 
неше элементтерден құралатындығын, элементтер арасында өзара 
бір заңдылыққа негізделген байланыс болатындығын көп тілшілер 
мойындайды.
Егер система теориясына тереңірек бойлайтын болсақ, тіл өз- 
дігінен система жасайды ма, жоқ объектив дүниедегі заттар мен 
құбылыстар арасындағы системаға негізделеді ме деген сұраулар- 
ға жауап беруге мәжбүр боламыз. Бұл сұрауға жауап беру үшін 
Н. А. Слюсарева көрсеткен тілдік система мен бейнелік система- 
ның ара қатынасын анықтаудан бастауымыз керек. Лексикалық 
мағынаның қалыптасуында бейнелік мағынаның ролі қандай бол- 
са, тілдік системаның қалыптасуында (біздің зерттеуіміздегі се- 
мантикалық системаның) 
да материалдық системаныц да ролі 
сондай жетекші қызмет атқаратындығы анық. Объектив дүние зат- 
тардың қалай болса солай жинақталына салынған қоймасы емес. 
Заттар өзара байланысып, белгілі бір заңдылықтар, тәртіптер бой- 
ынша ұштасып жатады. Бірақ бұл байланыстар жай көзбен көре 
салуға, анықтауға бола бермейтіндігі, оларды анықтауда ғылыми 
талдаудың да керек болуы мүмкін. Нақ осындай сөздер де сөздік 
кұрамда қалай болса солай жинақталына салынған емес, олар да 
өзара байланысып, жүйе-жүйе болып жатады. Бұл екі саралану- 
дыц арасында байланыс бар. Ол туралы жоғарыда айтылған. Де­
генмен де объектив дүниедегі заттар арасындағы байланыс түрліше 
қасиетке ие болса да өз дербестігін сақтайды. Мысалы, столдың 
үстінде жаткан көп алманың өзіндік түсі (біреуі қызыл, біреуі сәл 
қызылдау, үшіншісінің бүйірі қызыл, төртіншісі — сары т. б.), 
формасы (біреуі доп-домалақ, екіншісі сәл сопақтау, үшіншісі 
жалпақтау, т. б.), иісі, т. б. қасиеттері болады. Әрине бұл белгілер 
тек алмаға ғана тән болмастан басқа заттардан да табылуы заң-
166


ды. Қанша ерекшеленгенмен де алманың түсі, дәмі, иісі оның не- 
гізгі белгілері болып саналады. Сөйлескен кезде де алманың осы 
қасиеттерін ойымызға алып, оны әңгелектен, алмұрттан, бекеден, 
т. б. ажыратамыз. С. Д. Кацнельсон сөз мағынасын анықтауда 
заттардың осындай ерекше белгілеріне негізделетін ұғымға сүйе- 
ніп «Шын мәнінде лексикалық мағына дегеніміз бейнеленген затты 
танып-білуге жететін кіші (минимум) мәлімет»,— деген болатын 
(Кацнельсон 72, 131) *.
Дүниедегі заттар қатып қалған, өзгермейтін заттар емес. Сон- 
дықтан Ф. Энгельс «Мир состоит ни из готовых законченных пред­
метов, а представляет собой совокупность процессов»,— деп айт- 
кан болатын (Маркс 21, 302) *. Ф. Энгельстің осы пікіріне сүйене 
отырып С. Д. Кацнельсон шындық дүниедегі заттар белгілі бір 
территорияда, уақытта, оқиға, процесс, факт ретінде ғана өмір 
сүреді. Олар тіл элементтері, сөйлем арқылы басқа біреулерге бе- 
ріледі дейді (Кацнельсон 72, 141) *. Эрине дүниедегі заттар, кұ- 
былыстар және амал-әрекеттері, белгілері түйсік арқылы адамның 
ми қабығына жеке-жеке информацияларды береді де, араларын- 
дағы байланыс, сыбайлас жақтар ойлау арқылы анықталады. 
Э. Бюнссанстың «Система санада қалыптасады» дегені де осыдан 
(Будагов 72, 53) *. Совет тілшісі Ю. Д. Апресян антонимдердің 
мағынасына талдау жасай отырып, дүниеде антонимдік амал-әре- 
кеттер өмір сүрмейді, бірақ оларды адамдар ойлау арқылы анық- 
тайды дейді. Антонимдердің жалпылығы олардың өздерінің семан- 
тикалық қасиетінен шығады, олар атауы болған заттар мен құбы- 
лыстардан емес, себебі «заттар мен құбылыстарда қарама-қарсы- 
лық» болмайды»,— дегенде осы жалпылық пен қарама-қарсылық- 
ты заттардың белгісі ретінде өмір сүрмейтіндігін, ойлау процесі 
негізінде анықталатындығын көрсету мақсат етілген (Апресян 73, 
326—327) *. Адам ойының құдіреті де осыдан. Түйсік арқылы бе- 
рілмеген жалпы қасиеттерді, заттардың жеке белгілерін жалпы- 
лау, салыстыру арқылы анықтайды. Заттар мен құбылыстардың 
белгілерін, амал-әрекеттерін жалпылау, олардың өздеріне тән 
белгілерін анықтаудың өзі олар арасындағы байланыстарды ашу 
деген сөз. Сондықтан да сөз арасындағы байланыс негізінде объ­
ектив дүниедегі заттарда өмір сүретін жеке-жеке белгілер, қасиет- 
тер жатады.
Совет тілшілері арасынан да тілдік системаны бейнелік (идея- 
лык) системадан ажыратқан да екеуінің арасында байланыс жоқ, 
не объектив дүниедегі заттардың белгісі тіл үшін ешқандай ма- 
ңызы жоқ деп есептеушілер де табылады. Мысалы, «Тіл элемент- 
тері тікелей тілден тыс тұрған болмыс туралы информация 
бермейді, сондықтан ол болмыс тіл үшін ешқандай маңызға ие 
емес», «Тілден тыс жатқан болмысқа негізделінетін тіл семанти- 
касын зерттеу тиімсіз»,— деп жазады И. Ф. Вардель (Вардель 73, 
19) *. Егер И. Ф. Вардельдіқ пішрін дұрыс деп мақұлдайтын бол- 
сак, онда сөз мағынасындагы денотаттык магыналык элементті 
жокқа шыгарып, сөз мағынасын сөйлем ішінде не сөздердің лекси- 
ко-семантикальщ топтары арасынан, олардың карым-.қатынасынан
167


туады деген көзкарасты корғаған боламыз. Бұл қағида, белгілі 
дәрежеде, Ф. де Соссюрдың «тіл білімінің бірден-бір, нағыз объек- 
тісі өз ішінде, өзі үшін ғана қолданылатын тіл болып саналады>,— 
деген «Жалпы тіл білімі курсына» берілген корытындыны қолдау 
болып табылады (Соссюр 77, 269) *. Біз сөз мағынасының кура- 
мында объектив дүниемен байланысып жаткан элемент бар, бірақ 
ол объектив дүниемен тең түсетін не нақ сонын өзі болмайды, со- 
дан хабар беретін, белгілі дәрежеде сәйкес келетін бейне деген пі- 
кірді қолдаймыз (Турбачев 76, 159) *. Сондыктан да объектив 
дүниедегі бар заттар арасындағы байланыс адамдардың таным 
процесі арқылы ойға келіп, сараланып, байланысы аныкталып сис- 
темаға түседі де сөздер арасындағы байланысқа да өз ыкпалын 
тигізеді (Будагов 72, 49) *.
Лексиканы системалы кұбылыс деп санау не санамаудағы не- 
гізгі принциптің бірі — лексикалық элементтердін 
(сөздердін) 
дербестігін мойындау не мойындамау болып табылады. Соидықтан 
да Ю. Н. Караулов: «Лексико-семантикалық система деп нені түсі- 
неміз, олар кандай элементтерден тұрады, оларда қандай байла­
ныс басым болады деген мәселені түсіндіруде бірнеше бағыт, мек- 
тептер бар. Бұл мәселені түсіндірудегі көзкарастарды жинақтап 
екі топка белуге болады: — Сөздердің дербестігін, басқалардан 
бөлінетіндігін, тұтастығын мойындайды ма; контекске кандай кыз- 
мет жүктейді»,— деп көрсеткен болатын (Караулов 76, 5) *. Шын- 
дығында да тек шет ел тілшілері арасында ғана емес, совет тілші- 
лері арасында да сөздің лексикалық мағынасын анықтауда сөз- 
дердің системадағы орнын анықтау мен контекстің қызметін 
белгілеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселенін. 
дұрыс шешілуі даулы болып келе жаткан көп мәселелердің шеші- 
луіне көмегі тиері анық. Егер сөздердің дербестігін мойындайтын 
болсақ, онда әрбір сөз өз алдына мағынаға ие болып, екінші бір 
сөзге тәуелді болмайды деген көзкарасты қолдаған боламыз. Сөз 
дегеніміз ұғым не заттарға, түрлі құбылыстарға берілген шартты 
әлеуметтік байланыс тарихн деген типтес анықтамалар сөздердің, 
дербестігіне негізделініп берілген анықтама. Сөздердің дербестігін 
мойындау контекстің, тілдік системаның қызметін жоққа шығару 
деген сөз емес. Контекстің қызметі сөз мағынасын тнянақтау, көп 
мағыналы сөздің бір мағынада колданылуына жагдай жасаса, сөз- 
дердің тілдік системадағы орны сөздердін дұрыс колданылуына 
(сөйлеушінің не жазушының максатына байланысты) мүмкіндік 
жасайды.
Жеке сөздердің дербестігін мойындамау — сөздер жеке өздері 
тұрып дербес лексикалык мағынаға ие болмайды, олардын білді- 
ретін мағынасы контексте не снстемадағы тіл элементтерінің ор- 
нына беру, не тілдік системалар арасындағы түрлі байланыстарға 
тәуелді ету. Сонғы қағида шет ел тілшілері арасында пайда болса 
да 
совет тілшілерінің еңбектерінде де кездеседі. Мысалы, 
Д. М. Шмелев үлкен, жақсы сөздерінін мағынасы кіиікентай, жа- 
ман сөздері болғандығы үшін ғана бар дей отырып», «Кез келген 
мағына өздігінен, баска мағыналармен байланыспай өмір сүрмей-
168


ді»,— дегенде, осы қағиданы қолдады (Шмелев 73, 141) *. Ол сөз 
мағынасы туралы айтқан пікірлерін жинақтап «Қазіргі тілшілер- 
дің ешқайсысы да кез келген тілдік элемент (сөз) өзіндік лекси- 
калық мағынаны басқа тілдік элементтермен байланысып барып 
қана қабылдайтындығына күмән туғызбайды»,— дегенде сөздер- 
дің дербестігін жоққа шығарған (Шмелев 73, 141). Егер сөздер 
мағынаны контексте ғана, басқа сөздермен байланысқанда ғана 
қабылдайтын болса, онда сөздердің байланысқа түспей, сөйлем 
құрамына енбей тұрғандағы мағынасы туралы сөз етудің өзі дұ- 
рыс болмас еді. Екінші бір көрнекті тілші, семантикаға байланыс- 
ты жарық көрген көптеген еңбектердің авторы В. А. Звегинцев 
Н. Д. Шмелевтен де ары тереңдеп: «Таза лингвистикалық тұрғыда 
сөз мағынасы оның баска сөздермен байланысу мүмкіндігімен, 
лексикалық валенттілігімен байланысты анықталады»,— деп жа- 
зады (Звегинцев 67, 123) *. Егер Д. Н. Шмелевтіц пікірін қолдай- 
тын болсақ, сөз мағынасы өздігінен өмір сүрмейді, оның объектив 
дүниемен байланысы болмайды, тек сөздердің системадағы орны- 
мен ғана анықталады да парадигмалық қатынас сөз мағынасын 
жасайтын болып қалады. Жоғарыда біз сөз мағынасының кұра- 
мында тілдік мағынаның элементі бар дегенде ол жеке өздері сөз- 
дің лексикалық мағынасын жасайды, лексикалық мағына объек­
тив дүниемен байланыспайтын басқа бір нәрсе деген пікірді айт- 
қан жоқпыз. Шындығында да тілдік семантика объектив дүниемен 
тікелей байланысты болғанымен, оның бейнесі ретінде қабылдан- 
бағанымен объектив дүниедегі заттардың байланысына, өзара қа- 
рым-қатынасына сүйенеді. И. В. Арнольд пен Н. Н. Буга «Систе­
ма дегенде тәртіпке түскен және өзара іштей байланысқан объек­
т ы түсінеміз. Жалпы теориялар системасы объектінің физикалық 
табиғатының абстракциясы ретінде қабылданады, өзара және 
сыртқы орта мен жалпы қасиеттері арқылы қалыптасқан, бірнеше 
элементтердің жиындысы ретінде танылады. Тілдің лексикасы 
таңбалардың ерекше системасы деп есептелінеді»,— деп, осы екі 
система арасындағы байланысты көрсеткен болатын (Арнольд 81, 
3) *. Ал В. А. Звегинцевтің пікірін дұрыс дейтін болсақ, онда сөз 
мағынасы тек сөздердің тіркесінде пайда болады да валенттілік- 
тің аясында қалып қояды. Алдын ала айтылатын нәрсе сол — сөз 
тіркесі мағына жасамайды, керісінше сөз мағынасының сөйлемде 
қолданылуына, нақты болуына жағдай жасайды. Бұл екі пікір 
тілдік системаның екі саласына негізделінеді де екеуіне ортак 
нәрсе — екеуі де сөздердін дсрбестігін жоққа шығарады.
Сөздердің дербестігін мойындамау кейбір тілшілердін. ғана 
емес, ол структуралды тіл білімінің көпшілік өкілдеріне тән пікір 
болып саналады. Бұл пікірдің бастамасы Ф. де Соссюрдің «...тіл 
системасының мүшесіне тек әйтеуір дыбысталу мен әйтеуір бір 
ұғымның қарапайым бірлігі деп қарау үлкен жаңысушылық. Си­
стема мүшесіне бұлай анықтама беру — өзі мүше болған система- 
дан бөліп қояды, бұл қате пікірге алып келеді»,— деген пікірінен 
басталады (Соссюр 77, 146). Ф. де Соссюрдың бұл пікірін акад. 
В. В. Виноградов та қолдағаны анық. Шындығында да Соссюр
169


Н. Д. Шмелев сияқты жақсы сөзінің мағынасын жаман сөзі болған- 
дығы үшін ғана деп есептемейді. «Бір тілдің құрамында бірін-бірі 
шектеп жақын ұғымды білдіретін синоним сөздер бар. Мысалы 
redouter (қауіптену) — crainde (қорқу, үрку), avoir (қорқу). Бұл 
сөздер өзара қарама-қарсы тұрғандығы үшін ғана мағынаға ие 
болады, егер redouter (қауіптену) болмаса, онда оның мағынасы 
онымен қатынаста болған басқа сөзге өтіп кеткен болар еді»,— 
деген пікір айтқан (Соссюр 77, 148). Шындығында да тілдік си- 
стемаларда ондай жағдайдың болатындығын байқауға болады. 
Салыстырыңыз: өзбек тілінде бинафша сөзі заттардың түсін
көрсету үшін қолданылады. Қазақ тілінде ондай сын есім жоқ, сон- 
дықтан да бұл сөздің мағынасын қазақ тіліндегі көк, көкшіл сөз- 
дері арқылы береміз (өзбек тілінде бұл екі сын есімдер де қолда- 
нылады). Бірақ структуралистер Ф. де Соссюрдің соңғы пікірін 
есепке алмастан тілдік системаның ролін өте жоғары көтеріп 
жібереді де мағынаны тек системамен байланысты қарайды, не ма- 
ғынаны тіл біліміне мүлде қажетсіз түсінік деп қарайды. Мысалы, 
Прага тіл үйірмесінің тезистерінде: «Сөз мағынасы, ең алдымен
оның басқа сөздермен қарым-қатынасынан анықталады, яғни лек- 
сикалық системадағы орнымен, ал сөздің лексикалық системадағы 
орнын анықтау тек сол системаның құрамын анықтағаннан кейін 
ғана болады»,— деген пікір бар (Звегинцев 65, 138) *. Бұл пікірді 
даниялық ғалым Л. Ельмслев ары қарай дамытқан. Ол «Егер тіл- 
ді структура деп мойындайтын болсақ, онда традициялық тіл 
білімінде қабылданған, оны мағына мен дыбыс арқылы анықтау- 
ға еткен әрекеті қанағаттанарсыз болады»,— деп жазады (Звегин­
цев 65, 109). Сонда тілді структура деп санайтын тіл білімдерінің 
өкілдері нені зерттеу керек деген сұраудыц туатындығы анық. Ав­
тор бұл сұрауға: «Өзінің ертеректегі бір еңбегінде проф. Карнап 
структура түсінігіне мен қандай анықтама берсем, ол да сондай 
анықтама беруге әрекет еткен, яғни таза форма және таза қаты- 
нас деген»,— дейді (Звегинцев 65, 108). Демек Л. Ельмслевтің 
пікірі бойынша, сөз не тіл элементтері дыбыс және мағынамен 
байланысты болмайды, сондықтан да тіл білімі тек форма, не фор- 
малардың қарым-қатынасын ғана зерттеуі шарт дейді. Осы типтес 
пікірлер совет тілшілерінің арасында да бар. Мысалы, А. Г. Вол­
ков тіл біліміндегі танба мен мағына мәселесіне арнайы тоқтала 
отырып: «Біздің пікірімізше, қазіргі мағына туралы жалпы пікір- 
лер мынаған негізделінуі керек: мағына өзінің табиғаты жағынан 
тілдік категория емес, ол ойлаудыц арнайы орындалатын бір функ- 
циясы не оның бір материалдық процесі»,— деп жазады (Волков 
68, 61) *. Автор бұл пікірін екінші бір жерде қайталайды да мағы- 
наны логикалық элемент деп есептейді (Волков 68, 69). Шынды- 
гында да тілді система деп есептеуде мағынаны мүлде есепке ал- 
мау, тек формалар арқылы система, структура, функция, мән тер- 
миндеріне анықтама беру, олардың арасындағы байланыстарға 
анықтама беру мүмкін болмайды. Кей галымдар сөздегі мағына- 
ны тіл білімініц объектісінен қуудың негізгі себебі деп тілдік эле- 
менттерді таңба деп танудан дейді (Будагов 78, 63—68) *.
170


Сөздердің дербестігін мойындау олардың басқа сөздермен бай- 
ланысын мойындамау екен деп түсіну дұрыс емес. Керісінше, сөз 
дербестігін мойындағанда оның өзіндік мағынасы, формасы бар- 
лығын, олар басқа тіл элементтерімен байланыста болатындығын 
ескеруді қажет етеді, сол байланысқа негізделіп сөздерді біз лек- 
сико-семантикалық топтың қатарына енгіземіз. Сондықтан да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет