Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет31/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
дөң, доң, тең, тий, тəг, тегі т.б. 20 шақты сөздің (мысалы, дөңбек, 
доңғалақ, дөңгелек, диірмен, тегеш, тегершік т.б.) төркіні бір топ болып, 
бір жерде қаралуы мүмкін. Мұндай топ сөздің этимологиясы кейбір 
түбірі ортақ еліктеуіш сөздерде де кездеседі. 
Этимологиялық тұрғыдан бағаланатын, көбінесе ауыс (когнитивті) 
мағынада қолданылатын сөздер сөздікте ерекше сөз болады. Мысалы, 
қара, көк, сары т.б. сөздер өзінің тура мағынасынан басқа мағыналарда 
(қара халық, қара мал, күн батыс, силуэт, т.б.) қолданылатын себепте-
рі түсіндірілуі ғылыми кешенді интерпретация беру қазіргі тілдің зерт-
теу өзегі – антропоөзектік парадигмаға сəйкес келеді.
Осымен байланысты этимология үшін тек лингвистік қана талдау 
жасалмай, сонымен қатар керек жерлерінде тілдің даму барысындағы 
мəдени-əлеуметтік факторларға да назар аударылады. Өйткені, ол 
этимологияның табанын шыңдай түсіп, лингвистік талдаудың шынайы 
өмірдегі негізін, уəжін дəлелдей түседі.
Мəселен, ай-аш-ад-ат-ар деген түбірдің қазақ тілінде көптеген 
сөздерге ұйытқы болып, сөз жасау модельдеріне қатысатынын дəлелдей 
түсу үшін айран сөзін алып, сол сөздің ай түбірінен жасалғанын, яғни 
айранды қаймағынан, майынан айыруынан туындағанын анықтаймыз.
Жер жүзінде сыртқы əсерге байланысы жоқ бірде-бір тіл жоқ. 
Басқаша айтсақ, жер бетінде басқа тілдердің əсерін, лексикалық ауыс-
түйістігін көрмеген бірде-бір «таза» тіл болған емес, болмайды да. 
Осымен байланысты əлеуметтанымдық əдіс бойынша тілге басқа тіл-
дердің өткен дəуірлерде тигізген əсерін, қарым-қатынастың түрін, ауыс-
түйістің мөлшерін, лексикалық элементтерді қабылдау заңдылығы мен 
жолын анықтаймыз. Алайда, шет сөздерін диахронды бағытта талдап, 
таратуда шарттылық бар екені де рас. Тілдің тегіне қарамастан шет елдік 
лексикалық элементтер басқа тілге ауысу барысында əр түрлі деңгейде 
өзгеріп, ең соңында қабылдаушы тіл тарапынан тілдік ассимиляцияға 
душар болатын элементтерден, ең алдымен түбір сөздерден тұрады. Сол 
сияқты қай>қайна бурлить, скипеть; қақ>қақпа ворота; қай>қайық лод-
ка т.б.
Этимологиялық сөздік түзудегі негізгі қиыншылық осы типтегі 
байырғы түбір мен туынды түбірді талдауға байланысты. Өйткені туын-
ды сөздердің құрамындағы байырғы, бір буынды түбірлердің мағынасы 
айқындарымен қатар көпшілігі – мүлдем не жартылай ұмыт болғандар. 


70
Мысалы, қай түбірі – ұмыт болған түбір, бірақ салыстыру арқылы 
(салыстыр. қаймақ, қайран т.б.) оның түркі тілдерінде о баста «сұйық-
тық бетінде қалқу» деген жалпылама мағынаны білдіруіне байланысты 
қайық, қаймақ сөздерінің жасалғанын анықтауға болады.
Мұндай түбірлер тек зерттелуші тілдің өзінде ғана емес, туыстас 
түркі тілдерінің бірінде кездесуі мүмкін.
Осы тектес этимологиялық ізденістердің жалпы моңғол тілдеріндегі 
бір буынды жəне көп буынды мағыналас, тұлғалас ұқсас түбірлерді 
салыстырып қарап шығудан басталғаны жөн. Мұндай жағдайда ба-
ламалы бір буынды жəне көп буынды түбірлердің бір-біріне айтылған 
белгілері бойынша ұқсас болып келуі оларды салыстыра қарауға жол 
ашады. Мəселен, моңғ. бүргэд («орел», «беркут»), моңғ. хурууд («тво-
рог» (қаз. құрт), бүда «краска» (қаз. бояу), моңғ. дэлэн «вымя» (қаз. же-
лін), моңғ. дүр «образ», «облик», «вид»; фигура (қаз. түр) – «вид», «об-
лик» т.б. Бұл арада екі тіл фактілерінің ұқсастығы деген ұғымды «сөз-
бе-сөз» деп түсінбеу керек. Бұл арадағы ұқсастықта белгілі шарттылық 
сақталады.
Кейбір этимологиялық сөздіктердің зерттеген принциптері мен 
критериін арнайы қарастырудың бір себебі сол тілдің ерекшеліктеріне 
байланысты. Ол ерекшеліктер зерттеліп отырған тілде де қайталануы 
мүмкін. Бұларды сын көзімен қарап, қабылдау керек.
Бірер түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктерінде ұсынылып 
жүрген анықтамалар зерттелуші тілге лайықтап, тарихи-мəдени уəж-
деріне сəйкестендіріп, шындыққа үйлестіріп берілсе орынды болады. 
Кейде өте ұқсас факторлар екі тілдің екеуіндегі принциптері мен кри-
терилерге толық сəйкес болмаған жағдайда, онда А.М.Щербактың т.б. 
ғалымдардың талас критерилері мен принциптерін қарастырып шығуға 
тура келеді.
Жалпы түркология этимологиясы бойынша ұсынылған принциптер 
мен критерилерді міндетті түрде пайдалануға болса, жеке тілдер бойын-
ша жасалған принциптер мен критериді сынақ тезіне салмай қолдана 
беруге болмайды. Өйткені əрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері ғана сөз 
болуы мүмкін.
Қазақ тілінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – оның жалғамалылық 
құрылысы. Орал-алтай тілдерінің құрамына енетін тұңғұс-манчжур, 
корей, жапон тілдерінен тұратын түркі тілдерінің бірі – қазақ тілі. Ол 
Үнді, Қытай, славян тілдерімен (ол арқылы иран, араб, неміс, француз, 


71
ағылшын т.б. еуропа тілдері арқылы байланыс жасаушы тілдердің бірі. 
Демек, қазақ тілі басқа тілдер арқылы араласпаған, тілдік байланыс 
жасамаған бірде-бір ірі тіл жоқ. Бұл жайдың қазақ тілінің лексикалық 
құрамына əсер ететіні сөзсіз. Жер жүзіндегі басты-басты тілдердің 
барлығымен байланысы бар, сондықтан да ол тілдердің элементтерінің 
оның да құрамында болуы əбден ықтимал деген принцип жүзеге асады.
Сөздіктің «Кіріспесінде» түркі тілдерінің бірі ретінде қазақ тілінің 
жалпы келіп шығу себептері мен олардың басқа тілдерден фонетикалық, 
морфологиялық ерекшеліктері бірде көзге түсетін айырмашылықтары 
арнайы сөз болуы тиіс. Себебі, сол ерекшеліктер арқылы жалпы түр-
кі тілдерінен, сол тілдердің кейбір топтарынан қазақ тілінің айыр-
машылықтары, өзіндік қалыптасқан заңдылықтары айқындалады.
Қазақ тілінің жалғамалық қасиетіне (түркі тілдерінде оған қарсы 
фузия құбылысы да бар) байланысты сөз байлығын құраушы мағыналы 
сөздер екі түрлі құрылымдық бөлшектен тұрады. Этимологияның құпия 
сыры да сөздің осы қасиетіне байланысты.
Тілдің жалғамалылығына байланысты əрбір сөз міндетті түрде 
ең алдымен түбірден, одан кейін барып түбірге жалғанатын жаңа сөз 
жасаушы жұрнақтан немесе түбірді өзгертетін жалғаудан тұрады. 
Жалғау-жұрнақтың талғап жалғануы түбірдің білдіретін мағынасына 
байланысты. Заңдылық та түркі тілдерінің тарихи-этимологиялық құ-
рылымының қалыптасуындағы маңызды заңдылық.
Қазақ тіл біліміндегі түбіртану мен этимологияны сабақтастырып, 
тарихи-этимологиялық ізденістердің арқауын фономорфосемантикалық 
принциптер негізінде жүргізетін – морфемалық талдау əдісі. Оның 
теориялық-əдіснамалық негіздері, кең ауқымды деректік дəйектерінің 
кешенді талдауларын іске асырған зерттеулерді, «Қазақ тілінің эти-
мологиялық сөздігін» жасаудың ғылыми алғышарты ретінде анықтауға 
болады (А.Т.Кайдаров. Структура односложных корней и основ в ка-
захском языке. Алма-Ата, 1986; Ж.А.Манкеева. Қазақ тіліндегі байырғы 
түбірлерді жаңғырту. Алматы, 2010).
Нақты түрде көрсеткенде: Ə.А.Қайдаровтың «Структура одно-
сложных корней и основ в казахском языке» (Алмат-Ата, 1986) еңбегінде 
негізделіп, дəйектелген «перспективалы жəне ретроспективалы мор-
фемалық əдісті» алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет